Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым министрлігі


Күзгі топырақты дайындауды сипаттау



бет5/9
Дата20.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#192274
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ПРАКТИКА 3.doc а5ай
Сарсенбай Х ЖТ-С-99, титулка[1но, 8 Ғылыми[1], 8 Ғылыми[1]
5 Күзгі топырақты дайындауды сипаттау

Күріш ауыспалы егістігінің схемасы бойынша күріштен кейін жоңышқа себіледі. Жоңышқа өсіру технологиясында топырақты өңдеу жұмысы маңызды орын алады. Бұл игерілетін ауыспалы егістің әрбір буынының ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуге тиіс.


Топырақты өңдеу жүйесіне негізгі және себу алдындағы өңдеу кіреді. Негізгі өңдеу күріш жинағаннан кейін сүдігер жырту болып табылады. Жоңышқаны бүркемей сепкенде сүдігерді терең аударып жыртады да міндетті түрде күзде кең алымды тегістегіштермен, болмаса грейдермен тегістейді. Сүдігерді мүмкіндігінше ерте көтерген жөн. Күзде жерді тегістеу күзгі-қысқы ылғалды сақтауға, сепкен тұқымның жер астына бірыңғай тереңдікке орналасуына, дұрыс суарылуына, шөп шабудың сапалы өтуіне мүмкіндік береді.
Тәжірибе жүзінде көпжылдық шөпті бүркемелеп және бірыңғай өзін егеді.
Тыңайтқыштарға келетін болсақ, негізгі тыңайтқыштарды, әдетте күзде енгізгенде тереңге сіңіреді. Тыңайтқышты топыраққа біркелкі шашуға аса назар аударған жөн. Бұл үшін РМГ-4ті МТЗ-80 тракторына жегіп азотты тыңайтқышты себеді. Жоңышқа егілер егістікке күзде осы аталған тыңайтқыш себіледі. Күзгі-қысқы кезеңде топырақ барынша нығыздалатын және көктемде оны қайта жыртуға тура келетін ылғалды ауыр топырақтарға негізгі тыңайтқышты көктемде жерді қайтара жыртқанда енгізген жөн.
Шаруашылықта жүргізілген жұмыс ретіне тоқталар болсам, ХТЗ-150 тракторына MARA техникасы жегіледі. Бұл техника атызды тегістеуге пайдаланады. Себебі: себілер дақыл бірдей тереңдікте топыраққа түсу үшін және су бір текті өлшемде болуы үшін қолданылады.

6 Күріш шаруашылығы өнімдерін тазалау және сақтау

Күрішті ұқыпты кептіру және сапалы етіп тазлау тиісті қаражат пен еңбекті талап етеді. Күрішті кептіру және тазалау дұрыс жүргізілмесе оның дәніне зақым келіп, сорттылығы төмендейді. Тұқымдық күріштің ылғалдылығы белгілі бір мөлшерден артық болса оның шығымдылығы нашарлайды. Қазір шаруашылықта күрішті кептіру мен тазалау жұмыстарына жалпы дәнді дақылдарға арналған машиналар қолданылады. Олар астық тазалайтын ОВЛ-20, астық тиейтін МТЗ-80 машиналары.


Автомашиналарды тиелген астығымен өлшеу үшін АЦ-10 таразысы пайдаланылады. Астық тазалайтын ОВЛ-20 техникасы комбайнан шыққан дәнді тазалап шығарады. Күріш тұқымын кондицияға жеткізу үшін ЗИЛ немесе Камаз техникалары қолданылады.
ОВЛ-20 машинасы астыққа арналған күріштерді тазалайды. Басқа дәнді дақылдарға қарағанда, бұл машинаның күріш тазалаған кездегі жұмыс өнімділігіде төмендеу. Сағатына-3.5-4.0 тонна күріш тазалайды.
Күріш дұрыс сақталмаса сарғаяды, ал сарғайған дәндердің тұқымдық, технологиялық және тұтыну сапасы кемейді. Астық қабылдау пунктерінің қызыметкерлері күріштің сапасына, әсіресе ылғалы қандай екеніне, піспегеніне, сарғайған және жарылған дәндері қанша екеніне ерекше назар аударулары шарт. Сонда күрішті қоймаларға неғұрлым дұрыс сақтауға, орналастыруға болады.
Күрішті қоймаға түріне қарап емес, сорттылығына қарап орналастырады. Сортына қарай орналастырылған астық оңай тазарады, жақсы сақталады, күріш астығының ысырабы азаяды, ақталған сапалы күріш мөлшері артады. Күріш дәнін кептіргенде 35 градустан артық қыздырмау керек екендігі ескерілу қажет. Дән одан артық жылылықта қыздырылса шытынап сына бастайды, мұның өзі өңделген кезде сапалы күріш сортының азайып, шығынның көбеюіне әкеп соқтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет