Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік



бет11/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   160
37-бап. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
1. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын азаматты дараландыру тәсілі болып табылады.
2. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және мемлекеттік кіріс органының лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.
Бірлескен дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке оның мүшелерінің мемлекеттік кіріс органы куәландырған тізімі қоса беріледі.
3. Дара кәсiпкердi (бiрлескен дара кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекiтедi.
38-бап. Дара кәсiпкердің қызметiн тоқтату
1. Дара кәсiпкердiң қызметi ерiктi түрде не мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ақ осы Кодексте көзделген мән-жайлар басталған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.
Дара кәсiпкердiң қызметi өзiндiк кәсiпкерлiк кезiнде – дара кәсiпкер дербес, бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде – барлық қатысушылар бiрлесiп қабылдаған шешiм негiзiнде кез келген уақытта ерiктi түрде тоқтатылады. Бұл жағдайда дара кәсіпкер мемлекеттік кіріс органына кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы өтініш береді.
Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін мемлекеттік кіріс органына кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы өтініш береді.
Бiрлескен кәсiпкерлiктi тоқтату туралы шешiм, егер бұл үшiн қатысушыларының кемінде жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп есептеледі.
2. Жеке кәсiпкердiң қызметi:
1) ол банкрот деп танылған;
2) тiркеу кезiнде жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар жiберiлуіне байланысты дара кәсiпкердi тiркеу жарамсыз деп танылған;
3) қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасын күнтiзбелiк жыл iшiнде бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
4) ол қайтыс болды деп жарияланған;
РҚАО-ның ескертпесі!
5) тармақша 06.02.2016 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.
5) ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген;
6) ол хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.
3. Осы бапта көзделген негiздерден басқа, дара кәсiпкердiң қызметi мынадай:
1) өзiндiк кәсiпкерлiк – дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз, әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған немесе ол қайтыс болған;
2) отбасылық кәсiпкерлiк және жай серiктестiк – егер осы тармақтың 1) тармақшасында тізбеленген мән-жайлардың болу салдарынан бiрлескен кәсiпкерлiк қатысушысының бiреуi қалған немесе бiр де бiрi қалмаған жағдайда, сондай-ақ некенi бұзуға байланысты мүлiктi бөлу кезiнде;
3) қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату көзделетін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жағдайларда да тоқтатылады.
4. Дара кәсіпкердің қызметі өзінің өтініші не соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде мемлекеттік кіріс органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі.
Дара кәсіпкер салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында осы ақпарат орналастырылған күннен бастап тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
5. Дара кәсiпкерлiк белгiленген жағдайларда тiркеусіз жүзеге асырылған кезде, ерiктi тәртіппен – нақты тоқтатылған күннен бастап не мәжбүрлеу тәртібімен – тиiсiнше соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап ол тоқтатылды деп есептеледi.
6. Орындалмаған міндеттемелері жоқ және мемлекеттік органдар тәуекел дәрежелері болмашы және орташа субъектілер санатына жатқызған шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ұйымдастырудың және ерікті таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді.
39-бап. Дара кәсiпкердiң банкроттығы
Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсімі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
40-бап. Дара кәсіпкерлердің борыштары бойынша олардың

Каталог: sites -> atyrau.gov.kz -> uploads
uploads -> 2011-2015 жылдарға арналған Атырау қаласының Аумақтық даму бағдарламасын іске асырылуы туралы есеп
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген бұҚаралық АҚпарат қҰралдары 2017 жылдың ақпан айы жағдайымен
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген БҰҚаралық АҚпарат қҰралдары 2016 жылдың 31 тамыз жағдайымен
uploads -> Отчет о ходе исполнении государственной программы развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011 2020 годы
uploads -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы есеп
uploads -> Аумақтың негізі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
uploads -> Товарищество с ограниченной ответственностью «Structural Engineering» Номер государственной лицензии: 15007055 от


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет