Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі



бет14/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   160
фермер қожалығы
1. Шаруа немесе фермер қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының тең құқықтық өндiрiстiк бiрлiгi болып табылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы өз қызметiнiң бағытын, өндiрiсiнiң құрылымы мен көлемiн дербес айқындайды, өнiмдi өсiредi, қайта өңдейді және өткізеді, сондай-ақ шаруашылық жүргiзуге байланысты басқа да мәселелердi шешедi.
3. Шаруа немесе фермер қожалығы өз қызметін жүзеге асырған кезде:
1) банк шоттарын ашуға және өз ақшаларына иелік етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда мүлкiн, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салып, кредиттер алуға;
3) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жалға алынған және меншiкті өндiрiс құралдарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының егiсiн (екпелерiн), көпжылдық екпелердi, өндірілген өнiмді, шикiзатты, материалдарды жойылу немесе бүліну жағдайынан сақтандыруды жүзеге асыруға;
4) ерiктi негiзде кооперативтерге, қоғамдарға және басқа да бiрлестiктерге бiрiгуге, кооперативтiк, шаруашылық серiктестiктерiнiң және басқа да ұйымдардың қызметiне қатысуға, сондай-ақ өз қалауы бойынша кез келген ұйымнан шығуға құқылы.
46-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншiгi
1. Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады.
Өзіндік кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығымен тиесілі болады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелері, жер учаскесiндегi екпелер, оның ішінде жеке орман қорының екпелері, ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген және ұсталатын жабайы жануарлар, шаруашылыққа арналған және өзге де құрылыстар, мелиоративтік және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн және жұмысқа жегiлетiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдық, көлiк құралдары, құрал-сайман және шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері берген және (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болуы мүмкін.
3. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiм және кірістер шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк мүлкi болып табылады және олардың арасындағы келiсiм бойынша пайдаланылады.
4. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң мүлiктiк қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық және жер заңнамасының тиiстi нормаларымен реттеледi.
5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкi және жер учаскесiне құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мұраға қалдырылады.
47-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет