Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі



бет130/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   160
орталықтары
Технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шетелдiк әрiптестермен бiрлесiп iске асыратын жобаларды iске асыруға жәрдем көрсету мақсатында технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты құрады.
Технологиялар трансферті деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерінің меншік, иелену және (немесе) пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсілдермен алынған жаңа немесе жетілдірілген технологияларды ендіру процесі түсініледі.
255-бап. Инновациялық кластер
Өзара iс-қимыл жасау және қолда бар мүмкiндiктердi бiрлесiп пайдалану, бiлiм және тәжiрибе алмасу, технологияларды тиiмдi беру, орнықты әрiптестiк байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметтi ынталандыруға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған ғылыми ұйымдардың, бiлiм беру ұйымдарының, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорлардың, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiрлестiгi инновациялық кластер болып табылады.
256-бап. Индустриялық-инновациялық жүйе құралдары
1. Индустриялық-инновациялық жүйенi жоспарлау құралдарына технологиялық болжау және басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердiң бiрыңғай картасы жатады.
Технологиялық болжау деп игерілуі мемлекеттің орнықты индустриялық-инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылатын технологияларды анықтауға бағытталған талдамалық зерттеулер кешені түсініледі.
Технологиялық болжауды индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган тұрақты негiзде бес жылда кемінде бiр рет қорытындылар шығара отырып жүргiзедi.
Технологиялық болжау индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін технологиялық болжау жүргізу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Технологиялық болжау процесiн технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты шетелдiк және отандық сарапшыларды тарту, сауалнама мен талдамалық зерттеулер жүргiзу, технологиялық болжау қорытындыларын шығару үшiн алынған деректерді жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру арқылы қамтамасыз етедi.
Технологиялық болжау қорытындылары инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау кезінде, оның ішінде нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыру кезінде ескеріледі.
Нысаналы технологиялық бағдарлама деп мемлекеттің, кәсіпкерлік субъектілерінің және ғылымның өзара іс-қимылына негізделген кәсіпорындардың (салалардың) технологиялық міндеттерін шешу жөніндегі шаралар кешені түсініледі.
Басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасы Қазақстан Республикасында өндiру үшiн стратегиялық бәсекелестiк артықшылықтарға ие, экономиканың әрбiр басым секторы бойынша айқындалған және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдаудың басымдықтары болып табылатын тауар топтарының, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бiлдiредi.
2. Индустрияландыру картасы республика деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйе мониторингiнiң (iске асырылуының) құралы болып табылады және мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатын, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңа индустриялар қалыптастыратын, кластерлерді дамытатын басым секторлардағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді.
Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасы өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйе мониторингiнiң (iске асырылуының) құралы болып табылады және мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатын, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің басым секторларындағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-иновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді.
3. Инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдау және білімді, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру бойынша тарату инновациялық белсенділікті ынталандыру және инновациялық қызметті танымал ету құралдары болып табылады.
Инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдауды технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады және инновациялық белсенділікті ынталандыру, инновациялық қызметті ақпараттық қолдау және танымал ету жөніндегі іс-шараларды ұымдастыруды көздейді.
Технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесу (қолдау):
1) технологиялық кәсіпкерлік саласындағы құзыретті қалыптастыру мен дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және (немесе) өткізу;
2) технологияларды іздестіру жүйесін қалыптастыру және дамыту, оларды сәйкестендіру және оларды нарыққа ілгерілетуге жәрдем көрсету;
3) жобалық менеджерлер институтын дамыту;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсiлдер арқылы жүзеге асырылады.
Технологияларды коммерцияландыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жәрдемдi осы Кодекстің 264-бабына сәйкес технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты көрсетедi.
4. Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау индустриялық-инновациялық жүйені талдау құралы болып табылады.
Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектiлерi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтедi.
3-параграф. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау
257-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн

Каталог: sites -> atyrau.gov.kz -> uploads
uploads -> 2011-2015 жылдарға арналған Атырау қаласының Аумақтық даму бағдарламасын іске асырылуы туралы есеп
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген бұҚаралық АҚпарат қҰралдары 2017 жылдың ақпан айы жағдайымен
uploads -> Атырау облысы бойынша тіркелген БҰҚаралық АҚпарат қҰралдары 2016 жылдың 31 тамыз жағдайымен
uploads -> Отчет о ходе исполнении государственной программы развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011 2020 годы
uploads -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы есеп
uploads -> Аумақтың негізі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
uploads -> Товарищество с ограниченной ответственностью «Structural Engineering» Номер государственной лицензии: 15007055 от


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет