қаржыландыру, лизингтiк қаржыландыру 1. Қоса қаржыландырумен бірге алғанда, жобаларды қаржыландыруды, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн орта және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге арналған лизингтiк қаржыландыруды Қазақстанның Даму Банкi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
2. Қоса қаржыландырумен бірге алғанда, қаржыландыру жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшiн жүзеге асырылады.
3. Лизингтiк қаржыландыру индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне он жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
4. Қоса қаржыландырумен бірге алғанда, жобаларды қаржыландырудың, лизингтiк қаржыландырудың шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
259-бап. Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелер және