қамтамасыз ету 1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету:
1) бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi құру;
2) жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және кеңейту үшiн жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес келетiн индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.
3. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
267-бап. Жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану