сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау 1. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды жасау, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тоқтап тұрған өндірістерді қаржы-экономикалық сауықтыру, инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру үшiн, олар өзiнiң жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкiн, оның iшiнде ақша ұсыну арқылы қатысқан жағдайда жүзеге асырылады.
Айналым қаражатын толтыруға қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге асырылмайды.
2. Қаржы институттары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi эмиссиялайтын облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентi индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн жүзеге асырады.
3. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялаудың шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
262-бап. Жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарына инвестицияларды индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары индустриялық-инновациялық жоба мынадай шарттарға:
1) еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға және экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруды қамтамасыз етуге;
2) мәнi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық саясатын регламенттейтiн iшкi құжаттарда айқындалатын болжамдық экономикалық және қаржылық өлшемдер бойынша тартымдылыққа;
3) технологиялық әлеуетті арттыруға бағытталуына, өндiрiс және көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыруға және көлемiн өсіруге, шикiзат пен материалдарды қайта өңдеудi тереңдетуге, жоғары технологиялы өнiмдi шығаруға сәйкес келген кезде жүзеге асырады.
Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық қызметiнiң нәтижелерi барлық индустриялық-инновациялық жобалар бойынша инвестициялық кіріс негiзiнде айқындалады.
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына инвестицияларды мынадай:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін индустриялық-инновациялық жобалар өзін-өзі ақтау және (немесе) төмен рентабельділігі мерзімдерінің капиталды қажетсіну және (немесе) ұзақтығы;
2) экономиканың басым секторларындағы индустриялық-инновациялық жобалардың әлеуметтік маңыздылығы жағдайларында жүзеге асырылуы мүмкін.
263-бап. Кепiлдік берiлген тапсырыс 1. Технологиялық меморандумдарды индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен жасайды және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн айқындайды.
2. Жасалған технологиялық меморандумдардың негiзiнде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi беруге индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiмен шарттар жасасу арқылы кепiлдік берiлген тапсырысты орналастырады. Көрсетiлген шарттардың талаптары бағаны, сапаны, қолжетiмдiлiктi, тасымалдау шарттарын қоса алғанда, ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың коммерциялық мүдделерiне сай келуге тиiс және Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне қайшы келмеуге тиiс.
3. Кепiлдік берілген тапсырыс «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгiлiк қағидалар негiзiнде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорына енгiзiлген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi барлық әлеуеттi берушілер арасында сатып алу рәсiмдерiн ұйымдастыру арқылы орналастырылады.
Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқоры отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң және оларды берушiлердiң тiзбесiн білдіреді.
264-бап. Инновациялық гранттар беру 1. Инновациялық грант деп инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты түсініледі.
Инновациялық гранттар беруді технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Инновациялық гранттар индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруды қоса қаржыландыру арқылы беріледі.
3. Инновациялық гранттар:
1) технологияларды коммерцияландыруға;
2) салаларды технологиялық дамытуға;
3) кәсіпорындарды технологиялық дамытуға беріледі.
4. Инновациялық гранттарды беру кезінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Инновациялық гранттарды беру қағидаларына сәйкес сараптама жүргізіледі.
Инновациялық гранттарды беру қағидаларында инновациялық гранттар беру кезінде қойылатын өлшемшарттар белгіленеді.
5. Технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты гранттар берілген индустриялық-инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген инновациялық гранттарға мониторинг жүргізеді.
6. Технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган мен технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негiзiнде инновациялық гранттар беруге бөлiнген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының резидентi – екiншi деңгейдегi банкте ағымдағы шот ашады.
Қаржы жылының соңына есептелетiн ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға және тиiсiнше мемлекеттiк бюджетке қайтаруға жатпайды, келесi қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемi барлық инновациялық гранттар арасында бөлiнедi.
265-бап. Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету 1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету экономиканың басым секторлары үшiн мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган тиiстi мамандарға қажеттiлiк туралы индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi ұсынатын мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау қажет етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындау жөнінде ұсыныстарды қалыптастырады.
Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган ұсынатын мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау қажет етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындауға және соның негiзiнде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қалыптастыруға мiндеттi.
266-бап. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен