Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Табиғи монополия саласында тауарларға



Pdf көрінісі
бет99/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      118-бап. Табиғи монополия саласында тауарларға,
 
               жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге тариф
 
               белгілеу
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1-тармақтың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-
бабының 
8-тармағынан
 қараңыз.
 
      1. Табиғи монополия саласындағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге 
тариф белгілеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес 
жүзеге асырылады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      2-тармақтың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-
бабының 
8-тармағынан
 қараңыз.
 
      2. Табиғи монополия субъектісінің реттелетін тауарларына, жұмыстарына, 
көрсетiлетiн қызметтеріне табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын 
уәкілетті орган бекітетін тарифтер (бағалар, алымдар мөшерлемелері) немесе олардың шектi 
деңгейлерi өндірілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң 
сапасы мен сенімділігі ескеріле отырып, реттелетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін 
қызметтерді ұсыну үшiн қажеттi шығындар құнынан төмен болмауға және табиғи монополия 
субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда алу мүмкiндiгiн ескеруге 
тиiс.
 
      3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрін өндіру 
мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тауарлардың, жұмыстардың, 
көрсетілетін қызметтердің осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік 
жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын тауарлар, 
жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығының жай-күйі табиғи монополия болып табылады.
 
      Табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыстар орындаумен және (немесе) 
тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға табиғи 
монополия субъектісі болып табылады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      119-баптың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-
бабының 
9-тармағынан
 қараңыз.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет