Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына



Pdf көрінісі
бет98/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN
в поисках идеала
      117-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
 
               баға белгілеу
 
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 
тізбесін бекітеді.
 
      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті 
мәндерін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етiлетін шекті бөлшек 
сауда бағаларының мөлшерін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
 
      Бағалардың негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шектерде ұстау 
және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн, бөлшек 
сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi сауда қызметiнiң субъектiсi әлеуметтiк маңызы 
бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы 
әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi болып 
табылады.
 
      Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi 
мәндерi артқан жағдайда, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгiлейтiн 
бөлшек сауда бағаларының деңгейi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат 
етiлген шектi бөлшек сауда бағалары деп танылады.
 
      2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын беруге шарттар жасасу кезінде шекті 
сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс. Осы талапты бұза отырып 
жасалған мәміле жарамсыз болады.
 
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк 
маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан 
жағдайда, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган күнтiзбелiк тоқсан күннен 


аспайтын мерзiмге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға 
рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет