Қазақстан Республикасының Кодексі



бет42/60
Дата17.06.2018
өлшемі7,17 Mb.
#43154
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60

Ескерту. Хаттама жасау кезiнде жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету ережелерiнiң нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 477-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



477-бап. Көлiкпен қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау ережелерiн бұзу

1. Темір жол көлiгiнде қауiптi заттарды немесе қол жүгi бұйымдарын тасымалдау ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдаудың ережелерiн бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың тиiстi құжаттарда қауiптi заттармен немесе бұйымдармен жасалатын операцияларды тiркеу жөніндегі мiндеттердi орындамауы, бұрыс жазулар енгізуi немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тартуы, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бірге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау ережелерiн бұзу, -

аталған заттарды немесе бұйымдарды тәркiлей отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бірге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршрутты таксиде жарылыс қаупi бар заттарды немесе бұйымдарды алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына өткізу, -

үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

478-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлiктi пайдалану ережелерiн бұзу

Көлiк құралдарының тепкiшектерiнде және басқа да шығып тұрған бөлiктерiнде тұрып жол жүру, қозғалыс кезiнде кіру және шығу, есiктiң ашылуына және жабылуына кедергi жасау, кесiп кететiн заттарды тиiсiнше орамай алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киімдерiн былғайтын бұйымдар мен заттарды тасымалдау түрiнде трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксидi пайдалану ережелерiн бұзу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бір бөлiгiнен бір айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 479-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

479-бап. Жолаушыларды билетсіз алып жүру

Жолаушыларды билетсіз алып жүру:

1) халықаралық авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

2) iшкі авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде, - сегіз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

3) халықаралық қатынастағы поездарда -

жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

4) республикаiшiлiк қатынастағы поездарда -

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

5) халықаралық қатынастағы теңіз кемелерінде -

жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

6) республикаiшiлiк қатынастағы теңіз кемелерінде -

алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

7) халықаралық қатынастағы өзен кемелерінде -

алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

8) республикаiшiлiк қатынастағы өзен кемелерінде -

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

9) трамвайда, троллейбуста, қалада және қала маңында қатынайтын автобуста және маршрутты таксиде -

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;

10) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік қатынастағы автобуста -

жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 480-бап өзгертілді

480-бап. Ақысы төленбеген қол жүгін, теңдеме жүк пен жол теңдеме жүгін алып жүру

1. Темір жол, теңiз және өзен көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүктiң белгiленген нормаларынан тыс қол жүгiн алып жүру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бір бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қол жүгi мен теңдеме жүктi өлшеуден жалтару, олардың салмағын жасыру, сондай-ақ әуе көлiгiнде белгiленген нормалардан артық қол жүгiн алып жүру, -

белгiленген нормадан тыс әрбір килограмы үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бір бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршруттық таксиде ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -

теңдеме жүктiң әрбір орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бір бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қалааралық қатынастағы автобуста ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -

теңдеме жүктiң әрбір орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бір бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Темір жол, теңiз, өзен, әуе көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүкті немесе жол теңдеме жүгін алып жүру, -

жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 480-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 480-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



480-1-бап. Темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату, олардың қолданылу мерзімін ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру ережелерін бұзу

Темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату, олардың қолданылу мерзімін ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру ережелерін бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 481-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



481-бап. Темір жол, теңiз, өзен және автомобиль көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету ережелерiн бұзу

1. Жүктерді тасымалдауға арналған теміржол жылжымалы құрамын қоспағанда, контейнерлерді, жүзетін және басқа да көлік құралдарын, сондай-ақ тасымалдау құралдарын зақымдау -

бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жүк вагондарының, автомобильдердiң, автомобиль тiркемелерiнiң, контейнерлердiң, трюмдердiң және жүзу құралдарының басқа да жүк салатын орындарының пломбалары мен бекіту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жүк тасымалына байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, жүк аулаларының, темір жол станцияларының, жүк автомобильдерi станцияларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), порттар (кемежайлар) мен қоймалардың қоршауларын бүлдiру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерiнiң), порттардың (кемежайлардың), шлюздердiң және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиiстi рұқсатсыз болу, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

482-бап. Әуе көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ережелердi бұзу

1. Контейнерлердiң пломбалары мен бекіту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, сондай-ақ әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын қоймалардың қоршауларын бүлдiру, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға арналған контейнерлер мен көлiк құралдарын бүлдiру, -

он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 483-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

483-бап. Тракторларды, басқа да өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу

Осы Кодекстiң 246, 247, 461, 468, 470, 474, 475-баптарында көзделген ережелердi қоспағанда, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бірден үшке дейiнгi, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2013.02.07. № 112-V ҚР Заңымен 483-1-баппен толықтырылды



483-1-бап. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу

Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу -

жеке тұлғаларға - бес, заңды тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңдарымен 484-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 484-бап өзгертілді



484-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi жеке тұлғалардың пайдалану және жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзуы

1. Көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн үнемi бұзу, яғни бір жыл iшiнде осы Кодекстiң 246, 247, 461, 474, 475 және 483-баптарында көзделген үш және одан да көп құқық бұзушылықты жасау, -

немесе жеке тұлғаларды алты ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға және көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Көлiк құралдарын жүргiзушi жеке тұлғалардың жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзуы, яғни бір жыл iшiнде осы Кодекстiң 461, 461-1, 462, 463, 463-1, 463-2, 463-3, 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8, 464, 465, 466, және 471-баптарында (бірінші, екінші бөліктерінде) көзделген үш және одан да көп құқық бұзушылықты жасауы, -

жеке тұлғаларды алты ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын жүйелі түрде бұзушылық, яғни бір жыл ішінде осы Кодекстің 447-1 (екінші бөлігінде), 447-3, 447-5, 460, 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылған кезде, екінші, үшінші, 3-1 және 3-2-бөліктерінде), 467-1-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды үш және одан да көп рет жасау -

жеке тұлғаларды - көлік құралдарын басқару құқығынан алты ай мерзімге айыруға және көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 485-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



485-бап. Жолдарды, темір жол өткелдерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру

1. Жолдарды, темір жол өткелдерiн және жол қозғалысын реттейтiн басқа да құрылғыларды немесе техникалық құралдарды бүлдiру, соның iшiнде жол төсемесiн ластау не арнайы бөлiнген жерлерден тыс жерлермен және төсемесi жетiлдiрiлген жолдармен мал айдап өту арқылы бүлдiру, сондай-ақ түрлi құрылғылар орнату немесе жасыл екпелер отырғызу немесе оларды уақытында бұтамау салдарынан жол қозғалысын реттеу құралдарының көрiнуiн шектеу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, жәбірленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi немесе өзге мүлiктi бүлдiрген бұзушылықтар, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 486-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



486-бап. Жолдарды, темір жол өткелдерiн және басқа жол құрылыстарын күтiп-ұстау ережелерiн бұзу

1. Жолдарда жұмыс жүргiзу, жолдарды, темір жол өткелдерi мен жол құрылғыларын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды, жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген өзге де талаптарды лауазымды адамдардың орындамауы, -

жолдардың, темір жол өткелдерінің, жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдардың және басқа жол құрылыстарының жай-күйіне жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіден он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, жәбірленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстарын және басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдiрген бұзушылық, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттік органның жол қозғалысын ұйымдастыруға немесе жол қозғалысы қауiпсіздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нұсқамасын орындамау, -

жолдардың, темір жол өткелдерінің, жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдардың және басқа жол құрылыстарының жай-күйіне жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 487-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



487-бап. Жерасты коммуникацияларының байқау құдықтарын күтiп-ұстау ережелерiн жол қозғалысы қауiпсіздiгiне қатер төндiретiндей дәрежеде бұзу

1. Жерасты коммуникацияларының жолдардың жүретiн бөлiктеріндегі байқау құдықтарын күтiп-ұстау ережелерiн бұзу, сондай-ақ жолдың үстiне судың, техникалық сұйықтардың, будың шығып кетуiне және соның салдарынан жол бетiнiң бұзылуына, жол үстiне мұз қатуына, көрiну жағдайының шектелуiне және басқа кедергiлерге әкеп соқтыратын жер асты коммуникацияларының ақауларын жоюға шаралар қолданбау, -

жерасты коммуникацияларының күтіп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдардың денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктi бүлдiрген нақ сол бұзушылық, -

жерасты коммуникацияларының күтіп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 488-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



488-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi қорғау мен пайдалану ережелерiн бұзу

1. Белгiленген тәртiппен келісіп алмай автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жер резервтерiн жырту, екпелердi шабу, түбірiмен қопару және бүлдiру, жердiң шымын және топырағын алу, материалдар мен жүк жинау, топографиялық және басқа жұмыстарды жүргiзу, жол қиылыстары мен кiрме жолдарды жабдықтау, ғимараттар, жер асты және жер үстi құрылыстары мен коммуникацияларын салу, жарнама және өзге ақпарат орнату, сондай-ақ бөлiнген белдеу шегiнде белгiленгеннен тыс жерде от жағу, мал жаю, қоқыс пен қар төгу, сауда жасау, жолдың су ағар жүйесiне канализациялық, өнеркәсiптiк, мелиорациялық және сарқынды суларды жiберу не жол жиегiн арық ретiнде пайдалану, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдарға жеңiл дене жарақатын түсiрген көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi бүлдiрген, не осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл iшiнде қайталап жасалған бұзушылық, -

жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 489-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



489-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль жолдарын және жол құрылғыларын пайдалану мен қорғау ережелерiн бұзуы

Жаяу жүретiн жолдар мен өткел (өтетiн) көпiршелердi, автомобиль жолдарын су басып кетуiне және автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге iргелес жер пайдаланушыларға бекiтіліп берiлген учаскелердегi бөлiнген белдеудiң батпақтануына жол беретiн суғару жүйелерiн орналастыру, жөндеу және ұдайы тазалап отыру жөніндегі мiндеттердi, сондай-ақ осы пайдаланушыларға бекiтіліп берiлген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өткел көпiршелердi қоса алғанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына кiрме жолдарды техникалық жағынан жарамды қалпында және таза етiп күтiп-ұстау жөніндегі мiндеттердi орындамау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 490-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



490-бап. Магистральдық құбырларды қорғау ережелерін бұзу

Магистральдық құбырларды қорғау ережелерін бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

491-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 492-бап өзгертілді



492-бап. Электр байланыс желiлерiне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) заңсыз қосу

1. Электр байланысы желiлерiне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) заңсыз қосу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) тәркілей отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Қосылатын құрылғылар (жабдықтар) деп желiлерге қосылатын және абоненттердiң пайдалануындағы абоненттер байланыс арналары арқылы жiберген ақпаратты беру және қабылдау үшiн электр және радиобайланысы дыбыстарын қалыптастыратын техникалық құралдар (радиотрансляциялық нүктелер, телефон аппараттары, телефакстер, деректердi беру құрылғылары, әртүрлi телематикалық қызметтердiң қосылатын құрылғылары, кәбілдік теледидар құрал-жабдығы, телефон арнасының ұзартқыштары, радиотелефондар және басқалар) түсiнiледi.

493-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды(2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 494-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 494-бап өзгертілді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет