"Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және
Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына
сәйкестiгiн тексеру туpалы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2006 жылғы 13 шiлдедегi N 4 қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға
И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
H.B. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Y.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi С.П. Нұғымановтың,
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты И.Ә. Әмiровтiң,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл Б.К. Байқадамовтың,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi алқасының төрағасы М.Т. Әлiмбековтiң,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлдерi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаев пен Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры аппаратының басшысы С.Ғ. Темiрболатовтың қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң, өзiне қол қоюға ұсынылған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы өтiнiшiн қарады.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi
А.М. Нұрмағамбетовтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың, сарапшының – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң заң факультетi деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Б.Әбдiрәсiловтiң, "Адам құқықтары үшiн хартия" қоғамдық қорының атқарушы директоры
Ж.Ө. Тұрмағамбетованың сөйлеген сөздерiн тыңдап, сондай-ақ мамандардың – Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң ұлттық және халықаралық құқық факультетi деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Ж. Қапсалямовтың және Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы меңгерушiсi, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.Ү. Жекебаевтың қорытындыларымен танысып шығып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне
2006 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 21 тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Конституциялық заңның 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Республика Президентiнiң Республика Парламентi
2006 жылғы 8 маусымда қабылдап, өзiне қол қоюға 2006 жылғы
14 маусымда ұсынылған, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн қарау туралы өтiнiшi келiп түстi.
Заңның конституциялылығын тексеру кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы), бұл Қазақстан Республикасы үшiн жалпы адамзат құндылықтарының басымдығы болатынын айғақтайды (Конституциялық Кеңестiң
2001 жылғы 21 желтоқсандағы N 18/2 қаулысы).
Негiзгi Заңның 12-бабының 1-тармағында: "Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi", – делiнедi. Бұл норманың мазмұнынан келiп шығатыны мемлекет адам құқықтары мен бостандықтарына Конституциямен және соған сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген шектерде кепiлдiк бередi (Конституциялық Кеңестiң 1996 жылғы
28 қазандағы N 6/2 қаулысы). Бұл ретте әркiм өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы (Конституцияның 13-бабының 1-тармағы). Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң құқық қорғаушылық қызметi осы тәсiлдердiң бiрi болып табылады.
Аталған конституциялық ережелердi дамыта отырып Республика Парламентi осы қаралып отырған, Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң сот талқылауына қатысуының процессуалдық-құқықтық тәртiбiн реттейтiн Заңды қабылдаған.
Заң Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң қылмыстық және азаматтық сот iсiн жүргiзудегi процессуалдық мәртебесiн айқындайды, оған бiрiншi инстанциядағы сотта сот талқылауына қатысу, сондай-ақ сотқа немесе прокуратураға соттың заңды күшiне енген үкiмiн немесе қаулысын тексеру туралы өтiнiшпен жүгiну құқығын бередi. Тұтас алғанда Заң Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң сот iсiн жүргiзу аясындағы құқық қорғау мүмкiншiлiктерiн кеңейтуге бағытталған.
Сонымен бiрге, Заңға жасалған талдау оның кейбiр нормалары Конституцияның жекелеген ережелерiне сай келмейтiнiн көрсетедi.
Заңның 1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасымен Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа немесе прокуратураға "соттың заңды күшiне енген үкiмiн немесе қаулысын тексеру туралы өтiнiшпен" жүгiну құқығы берiледi. Осы тармақтың
3) тармақшасымен "Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл сот талқылауында өзiнiң өкiлеттiктерiн iске асыру үшiн процеске өз бастамасы бойынша немесе iске қатысушы адамдардың бастамасы бойынша кiрiсе алады", – деп белгiленедi. Дәл осындай нормалар Заңның осы бабының 2-тармағының 1) тармақшасында да бар.
Алайда, Конституцияның 75-бабының 2-тармағымен, сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады, деп бекiтiлген. Конституцияның 61-бабы 3-тармағының 1) және
6) тармақшаларымен, Республика Парламентi аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектiлiгiне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына жеке және заңды тұлғалардың мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiне, сондай-ақ сот құрылысы мен сотта iс жүргiзу мәселелерiне қатысты түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар қабылдауға хақылы.
Келтiрiлген конституциялық ережелерден келiп шығатыны, сотта iс жүргiзу, соның iшiнде Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң сот талқылауына қатысуы және заңды күшiне енген сот шешiмдерiн қайта қарау мәселелерi, тек заңдармен ғана реттелуi мүмкiн. Бұл құқықтық позиция сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 29 наурыздағы N 7/2, 1999 жылғы 5 мамырдағы N 8/2, 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1, 2002 жылғы 5 тамыздағы N 5, 2004 жылғы
21 cәуiрдегi N 4 және 2005 жылғы 23 тамыздағы N 6 қаулыларынан келiп туындайды.
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-I Заңының
1-бабы 2) тармақшасына сәйкес "заңнама" ұғымы белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң бүкiл жиынтығын қамтиды, олардың қатарына заңдар ғана емес, заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер де жатады. Бұдан келiп шығатыны, қаралып отырған Заңның жоғарыда көрсетiлген нормалары Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдiң сотта iс жүргiзуге қатысуының жекелеген мәселелерiн заңдармен ғана емес, заңдық күшi аз нормативтiк құқықтық актiлермен де реттеуге мүмкiндiк бередi, ал бұл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу деңгейiн төмендетуi мүмкiн.
Осыған орай Конституциялық Кеңес, жоғарыда көрсетiлген, Заңның 1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және
2-тармағының 1) тармақшасында берiлген нормалар Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 3-тармағының 1) және
6) тармақшаларының және 75-бабы 2-тармағының ережелерiне қайшы келедi деп есептейдi.
Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Конституциялық заңының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 31-33 және 37-баптарын, 38-бабының 1-тармағын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Парламентi 2006 жылғы
8 маусымда қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына 2006 жылғы 14 маусымда ұсынылған, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 1-тармағына сай "Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылмайды және ол қолданысқа енгiзiлмейдi.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Батыс Қазақстан облыстық сотының ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық
iс жүргiзу кодексiнiң 109-бабы бiрiншi бөлiгiнiң конституциялылығын тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2007 жылғы 24 қаңтардағы N 1 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға И.И. Рогов, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
Н.В. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Ү.М. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi С.П. Нұғымановтың,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының өкiлi – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Н.Ә. Әбдiқановтың,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасары М.Ә. Нүримановтың,
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң (қаржы полициясы) өкiлi – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi агенттiк (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары
Қ.П. Қожамжаровтың,
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Заң департаментiнiң бастығы Б.З. Әшитовтың қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Батыс Қазақстан облыстық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң
109-бабының бiрiншi бөлiгiн конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф. Бычкованың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн, сондай-ақ сарапшыларды – заң ғылымдарының докторы, профессор,
Д.А. Қонаев атындағы Университеттiң ректоры Ө.Қ. Қопабаевты және заң ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң ғылыми жұмыс жөнiндегi проректоры Б.Х. Төлеубекованы тыңдап, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне
2006 жылғы 27 желтоқсанда Батыс Қазақстан облыстық сотының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 206-I Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң (бұдан әрi – ҚIЖК) 109-бабының бiрiншi бөлiгiн тұлғалардың анықтау, тергеу органдарының, прокурордың қылмыстық iс қозғау туралы қаулыларына сот тәртiбiмен шағымдану құқығын шектеу бөлiгiнде конституциялық емес деп тану туралы ұсынысы келiп түстi.
Ұсыныстан келiп шығатыны, Батыс Қазақстан облыстық сотының iс жүргiзуiнде Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi департаментi (қаржы полициясы) бастығының мiндетiн уақытша атқарушы А.А. Точилиннiң Орал қалалық сотының
2006 жылғы 2 қарашадағы қаулысына берген жеке шағымы жатыр. Осы шешiммен Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi департаментiнiң (қаржы полициясы) лауазымды тұлғаларының мемлекет қаржысын ұрлауы фактiсi бойынша қылмыстық iс қозғау туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментi тергеу бөлiмiнiң аса маңызды iстер жөнiндегi аға тергеушiсiнiң 2006 жылғы
9 қазандағы қаулысының күшiн жою туралы А.А. Точилиннiң шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған. Оны қабылдауға негiз болғаны, алдын-ала тергеу органының қылмыстық iс қозғау туралы қаулысына, Орал қалалық сотының пiкiрi бойынша, ҚIЖК
109-бабының тәртiбiмен сотқа шағымдануға болмайды.
Батыс Қазақстан облыстық соты, "қылмыстық қудалау органы қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарған сәттен бастап өзiне қатысты осы қаулы шығарылған тұлға, Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген өзiнiң құқығын, бостандығын, заңды мүдделерiн қылмыстық iс қозғау кезеңiнде барлық құрал-тәсiлдермен қорғау мүмкiншiлiгiнен айрылған", – деп пайымдайды.
Осыған орай Батыс Қазақстан облыстық соты, "ҚIЖК-iнiң
109-бабының бiрiншi бөлiгiнде белгiленген қылмыстық қудалау органдарының шағым берiлетiн iс-әрекеттерi мен шешiмдерiнiң тiзбесi А.А. Точилиннiң және Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясының өзге де лауазымды тұлғаларының Конституцияның 1, 12, 13, 14, 77-баптарында баянды етiлген сот арқылы қорғалу құқығына нұқсан келтiредi", - деп есептейдi.
Осы көрсетiлген негiздер бойынша Батыс Қазақстан облыстық соты Қазақстан Республикасы Конституциясының
78-бабына сәйкес iс бойынша өндiрiстi тоқтата тұрып, ҚIЖК-iнiң 109-бабының бiрiншi бөлiгiн конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiндi.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 109-бабы бiрiншi бөлiгiнiң конституциялылығын тексеру кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны
негiзге алды.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 1-тармағына сай Қазақстан Республикасындағы сот билiгi "өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды". Ол сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның
75-бабының 2-тармағы).
Негiзгi Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес "әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар", бұл "кез келген адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтiру үшiн сотқа шағынуға құқығы бар екенiн бiлдiредi" (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 1999 жылғы 29 наурыздағы N 7/2 қаулысы ). Сот арқылы қорғалу құқығы "адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына берiлетiн конституциялық кепiлдiк болып табылады, сондықтан Конституцияның 39-бабы 3-тармағына сай ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс" (Конституциялық Кеңестiң 2002 жылғы 15 ақпандағы N 1 қаулысы).
1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясының 8-бабында әркiмнiң де өзiне конституциямен немесе заңмен берiлген негiзгi құқықтары бұзылған жағдайда құзырлы ұлттық соттар арқылы құқықтары тиiмдi түрде қалпына келтiрiлуiне құқығы бар екенi паш етiлген.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 16 желтоқсандағы 2200A (ХХI) резолюциясымен қабылданып, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы N 91-III Заңымен ратификацияланған, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiге сәйкес "осы Пактiге қатысушы әрбiр мемлекет: а) осы пактiде танылатын құқықтары мен бостандықтары бұзылған кез келген тұлғаны, осы бұзушылықты ресми сипатта әрекет еткен тұлғалар жасаса да, құқықтық қорғалудың тиiмдi құралымен қамтамасыз етуге; b) құқықтық қорғалуды талап етушi кез келген тұлға үшiн құқықтық қорғалу құқығын құзырлы сот, әкiмшiлiк немесе заң шығарушылық билiк орындары немесе мемлекеттiң құқықтық жүйесiнде көзделген басқа бiр кез келген құзырлы орган белгiлеуiн қамтамасыз етуге және сот арқылы қорғалу мүмкiндiгiн дамытуға мiндеттенедi" (2-баптың 3-тармағы).
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi өзiнiң қаулыларында, Негiзгi Заңның 13-бабының 2-тармағында көзделген әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы туралы конституциялық норманың мазмұны адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрiлуiне әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн iс-әрекеттер мен шешiмдерге сотқа шағымдану құқығын да қамтитынын бiрнеше рет атап көрсеткен болатын (Конституциялық Кеңестiң 1998 жылғы 5 маусымдағы N 3/2 , 1999 жылғы
29 наурыздағы N 7/2, 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 13 қаулылары).
Демек, Конституциядан әркiмнiң өзiнiң конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын соттар мен қылмыстық қудалау органдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы екендiгi келiп шығады. Бұл көрсетiлген құқықты заңмен регламенттеу оны қылмыстық процесс кезеңдерiнiң әрбiрiнде жүзеге асырудың процессуалдық механизмдерiн белгiлеудi бiлдiредi.
2. Әркiмнiң сот арқылы, соның iшiнде, соттардың, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының заң бұзылуына, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрiлуiне әкеп соқтырған процессуалдық iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдану арқылы қорғалу құқығын бекiтетiн конституциялық нормалар қылмыстық iс жүргiзу заңында қылмыстық процестiң принциптерiнде берiлген (ҚIЖК-iнiң 12-бабының бiрiншi бөлiгi,
31-бабының бiрiншi бөлiгi). Бұл принциптер қылмыстық процестiң әртүрлi кезеңдерiнде процессуалдық iс-әрекеттер мен шешiмдерге шағымдануды регламенттейтiн нормалардың мазмұнын айқындайды.
Қылмыстық iс қозғау, анықтау және алдын-ала тергеу, негiзгi мақсаты қылмыстық iстi сот талқылауына дайындаудан тұратын қылмыстық iс бойынша соттан алдыңғы өндiрiстiң мазмұнын құрайды. Сондықтан қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiнiң заңдылығын тексеру, негiзiнен, iстi сотта мән-жайы бойынша бұдан кейiн қарау кезiнде iске асырылады. Алайда процессуалдық iс-әрекеттер мен шешiмдер олардың шеңберiнен шығып кететiн салдарды туындататын болса, онда бұл көрсетiлген iс-әрекеттердiң (шешiмдердiң) заңдылығын тексерудi сот талқылауы кезеңiне дейiн қалдыра тұру жекелеген жағдайларда адамның және азаматтың нұқсан келтiрiлген құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiрудi қиындатады немесе оған мүмкiндiк бермейдi.
Қаулы нысанында бiлдiрiлген, қылмыстық iс қозғау туралы процессуалдық шешiм алдын-ала тергеудi немесе анықтауды бастау үшiн құқықтық негiз болып табылады. Бұл ретте көрсетiлген қаулы тиiстi процессуалдық қатынастарды туындатып қана қоймай, оның қылмыстық iс бойынша бұдан кейiнгi өндiрiске байланысты адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейтiн салдары да болуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда, өзiне қатысты қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылған тұлғаға осы қаулыға тез арада сотқа шағымдану мүмкiншiлiгiн бермеу оның құқықтары мен бостандықтарын сот тәртiбiмен қалпына келтiруге
кедергi келтiредi.
Сонымен бiрге, сот қылмыстық қудалау органының қылмыстық iс қозғау туралы қаулысына берiлген шағымды тексеру кезiнде, ҚIЖК-iне сәйкес қылмыстық iстi мән-жайы бойынша шешу кезiнде сот қарауының нысаны болып табылуы мүмкiн мәселелердi алдын-ала шешпеуге тиiс. Бұл жағдайда сот тексеруiн қылмыстық iс қозғау тәртiбiн реттейтiн заң нормаларының сақталуы мәселелерiн анықтаумен шектеген жөн.
3. ҚIЖК-iнiң 109-бабының бiрiншi бөлiгiне сай "қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тартылуына немесе қылмыстық iс қозғаудан, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуден, қылмыстық iстi тоқтата тұрудан немесе қысқартудан бас тартылған кезде оның осындай шағымын тиiстi прокурор қанағаттандырмай тастағаннан кейiн ол адам заңның бұзылуына сотқа жүгiнуге құқылы". Оның мазмұнынан келiп шығатыны, тұлға процессуалдық шешiмдердiң шектеулi қатарына шағым берiп сотқа жүгiне алады, мұндай шешiмдердiң iшiнде қылмыстық iс қозғау туралы қаулы айтылмаған. Алайда ҚIЖК-iнiң 109-бабының бiрiншi бөлiгiнде қылмыстық iс қозғау туралы қаулыға сотқа шағымдануға тiкелей тыйым салатын және сол арқылы адамның және азаматтың сот арқылы қорғалуына деген конституциялық құқығын шектейтiн норма да жоқ.
1998 жылғы 6 қазандағы N 7/2 қаулыда Конституциялық Кеңес, нормативтiк құқықтық актiде адамның және азаматтың конституциялық құқығын баянды ететiн норманың болмауы, осындай актiнi конституциялық емес деп тануға негiз бола алмайды, деген құқықтық көзқарасты тұжырымдады.
Осылайша, Конституциялық Кеңес ҚIЖК-iнiң 109-бабының бiрiншi бөлiгiнде қылмыстық қудалау органының қылмыстық iс қозғау туралы қаулысына сотқа шағымдану құқығы туралы норманың болмауы оны Конституцияға сәйкес емес деп тануға әкеп соқтырмайды деп пайымдайды.
Жазылғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы
29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33,
37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 109-бабының бiрiншi бөлiгi Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актiлерiне адвокатура мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2007 жылғы 14 ақпандағы N 2 қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi, Төраға
И.И. Poгoв, Кеңес мүшелерi Х.Ә. Әбiшев, Қ.Ж. Балтабаев,
Н.В. Белоруков, С.Ф. Бычкова, А.М. Нұрмағамбетов, Y.M. Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi С.П. Нұғымановтың,
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты, Мемлекеттiк құрылыс және құқықтық саясат жөнiндегi комитеттiң хатшысы Қ. Ахметовтың,
Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң өкiлi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа жөнiндегi комитеттiң хатшысы
К.Ә. Ағатаеваның,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкiлi – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың,
Қазақстанның адвокаттар одағының президентi –
Ә.Қ. Түгелдiң қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адвокатура мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында тексеру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.
Конституциялық iс жүргiзу материалдарын зерделеп, баяндамашы – Конституциялық Кеңестiң мүшесi Н.В. Белоруковтың хабарлауын және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап, сарапшылардың – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры М.К. Сүлейменовтың, заң ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң сот билiгi және қылмыстық процесс кафедрасының профессоры С.Т. Тыныбековтың, заң ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетiнiң қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының меңгерушiсi Р.М. Жәмиеваның қорытындыларымен, маманның - заң ғылымдарының кандидаты, "Эквитас" заң фирмасының басқарушы серiгi О.И. Ченцованың қорытындысымен, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөнiндегi бюросы маман ретiнде қатыстырған заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей Федерациясы Федералдық адвокаттар палатасының Ғылыми-консультативтiк кеңесiнiң мүшесi Н.М. Кипнистiң қорытындысымен танысып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны
Достарыңызбен бөлісу: |