Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз



бет21/21
Дата05.12.2022
өлшемі65,99 Kb.
#161256
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз (2022.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

94-1-бап
Конституцияның 41-бабы 1-тармағының Республика Президентінің өкілеттік мерзімін белгілейтін ережесі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады.
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 Заңымен 95-бап өзгертілді
95-бап
1. Бiрiншi сайланған Сенат депутаттарының жартысы төрт жыл мерзiмге, депутаттардың екiншi жартысы екi жыл мерзiмге конституциялық заңмен белгiленген тәртiппен сайланады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Мәжілісi депутаттарын партиялық тiзiмдер негiзiнде сайлау туралы ережелерi екiншi шақырылатын Парламент Мәжілісi депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады.
96-бап
Конституция күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi онда белгiленген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құқықтарына, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiне ие болады.
97-бап
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң бiрiншi құрамы былайша құрылады: Республика Президентi, Парламент Сенатының Төрағасы мен Парламент Мәжілісiнiң Төрағасы Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден үш жыл мерзiмге, ал Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден алты жыл мерзiмге тағайындайды, Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республика Президентi алты жыл мерзiмге тағайындайды.
98-бап
1. Конституцияда көзделген сот төрелiгi мен тергеу органдары тиiстi заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмде құрылады. Олар құрылғанға дейiн жұмыс iстеп тұрған сот төрелiгi мен тергеу органдары өз өкiлеттiктерiн сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және Жоғары Төрелiк Сотының, жергiлiктi соттардың судьялары Конституцияда көзделген соттар құрылғанға дейiн өз өкiлеттiктерiн сақтайды. Судьялардың бос орындары Конституцияда белгiленген тәртiппен толықтырылады.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 99-баппен толықтырылды (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
99-бап
1. Конституциялық Сот және Жоғары аудиторлық палата құрылғанға дейін Конституциялық Кеңестің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағалары мен мүшелері өз өкілеттіктерін сақтайды.
Конституциялық Сот құрылғанға дейін Конституцияның 72-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген Конституциялық Соттың функцияларын Конституциялық Кеңес жүзеге асырады.
2. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары Конституцияға қайшы келмейтін бөлігінде оларды Конституциялық Сот қайта қарағанға дейін қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Палаталарын қалыптастыру туралы ережелері сегізінші сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауынан бастап қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет