Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз


Заңымен  51- бап өзгертілді  51-



Pdf көрінісі
бет24/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk
Konaev D
Заңымен
 51-
бап өзгертілді 
51-
бап
2007.21.05. 
№ 254-III
 
ҚР Заңымен (бұр. 
ред
. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
 
(2022 ж. 
22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми 
хабарлама жарияланды) (
бұр.ред.қара
) 1-
тармақ жаңа редакцияда
1. Мәжілістің депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы 
негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжіліс депутаттарының 
кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі 
аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. 
2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен 
сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта 
сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi 
аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi. 
2007.21.05. 
№ 254-III
 
ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. 
ред
. қара) 
3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 
тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын 
тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
2007.21.05. 
№ 254-III
 
ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. 
ред
. қара) 
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы 
он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға 
толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың
республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш 
жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған 
адам Мәжіліс депутаты бола алады.
2007.21.05. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет