Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз


№ 254-III   ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.  ред



Pdf көрінісі
бет25/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk
Konaev D
№ 254-III
 
ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. 
ред
. қара) 
5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі. 
6. Парламенттiң депутаты Қазақстан халқына ант бередi. 
ҚР Конституциялық Кеңесінің 18.03.99 ж. № 5/2; 29.11.99 ж. № 24/2 қаулыларымен 
берілген түсініктемелерді қараңыз 
 
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 
Заңымен
 52-
бап өзгертілді 
52-
бап
1. 
2007.21.05. № 254
-
III ҚР 
Заңымен
 
алып тасталды
 
(бұр. 
ред
. қара)
2. Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға мiндеттi. Парламентте 
депутаттың жеке өзi ғана дауыс бередi. Депутаттың Палаталар мен олардың 
органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты 
дауыс беру құқығын басқа бiреуге беруi депутатқа заңда белгiленген жазалау шараларын 
қолдануға әкеп соғады. 
3. Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, 
ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс 
атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының 
немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы 
депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады. 
4. Парламент депутатын оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп 
әкелуге, сот тәртібімен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс 
16 


үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, тиiстi Палатаның 
келісімiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. 
2007.21.05. 
№ 254-III
 
ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. 
ред
. қара); 2022 ж. 
08.06. ҚР 
Заңымен
5-
тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда 
қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) 
(
бұр.ред.қара

5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды 
күшіне енген шешімі бойынша депутат іс
-
әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе 
хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда 
көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан 
айырылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес партиялық тізім негізінде өзін сайлаған саяси 
партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес партиялық тізім негізінде депутатты сайлаған саяси 
партия қызметін тоқтатқан;
3) бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты 
конституциялық заңда айқындалатын тәртіппен сайлаушылар кері шақырып алған кезде 
өз мандатынан айырылады.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика 
Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент 
немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады. 
6. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 3
-
тармағының 
талаптарын, депутаттық әдеп ережелерiн сақтауына,
сондай
-
ақ депутаттардың өкiлеттiгiн 
тоқтатуға және өкiлеттігiнен әрi депутатқа ешкiмнiң тиiспеуi жөніндегі құқығынан 
айыруға байланысты мәселелердi әзiрлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау 
комиссиясына жүктеледi. 
ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.05.01 ж. № 7/2; 13.12.01 ж. № 19/2 қаулыларымен 
берілген түсініктемелерді қараңыз 
2007.21.05. № 254-III ҚР 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет