Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат


Орта ғасырлардағы халықтардың діни түсініктері



бет11/36
Дата05.11.2016
өлшемі7,94 Mb.
#574
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36

Орта ғасырлардағы халықтардың діни түсініктері.


Қазақстан аумағын мекендеген көшпелі тайпалардың діни түсініктері әр түрлі болды. Ерте ортағасырлық түріктер пұтқа табынған.

Түріктер Көкке (Тәңір), Жерге, Суға (Иер-Су) табынды. Түрік қағандары Көк тәңірінің желеуімен билік жүргізді. Түріктердің діни түсінігінде Көктен кейін отбасының және балалардың қамқоршысы Ұмай құдай-ана киелі саналған.

IX-XI ғасырларда Қазақстанда мекендеген тайпалар арасында буддизм, христиан, манихейлік, зороастризм діндері таралған. Бұл діндерге тән өлікті жерлеу түркі тілдес тайпалар арасында VI-IX ғасырларда болған.

Буддизм діні – Түрік қағанатының ақсүйектер арасында танымал болған ерте ортағасырлық дін. Жетісудағы Суяб қаласының орнынан будда храмы, Шығыс Қазақстан өңірінен буддалық мола табылған (қимақ әйелі)

Қазақстан жерінде ерте орта ғасырда христиан, манихейлік діндер болғаны анықталып отыр.

Бұл діндердің таралуы VI-IX ғасырларды қамтиды. Аргу-Талас (Тараз) пен Жетісудың 4 қаласында манихейлік дін кең тарағаны жайында VIII ғасырдағы «Қос негіздің қасиетті кітабында» айтылады. Тараз, Мерке, Мервте христиан шіркеулері болған.

Қазақстан аумағындағы осындай діндерді ислам діні ығыстырған. IX-X ғасырларда қазақ жерін мекендеген халықтар арасында ислам діні кең тарай бастады.

Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы ҮІ-ХІІғ.ғ. рухани мәдениетке әсері.


Жібек жолының пайда болуы.

Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б. з. б. III-II ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған. Сонымен қатар VII ғасырда будда ламасы Сюань-Цзянь Ыстықкөл маңындағы Түрік қағанатының Суяб қаласына келеді. Түрік қағанының оған жібекті сыйға бергені айтылады.

Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы — 7 мың шақырымнан астам. Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді.

Қазақстандағы Жібек жолы.

Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен XIII-XIV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы артқан.

Жібек жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені – Ыстықкөл. Бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды.

Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай.

Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.

Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы).

Жібек жолындағы тауарлар.

Жібек жолының алғашқы негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары тасылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға, піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық аңдар т. б.). Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.

Жібек жолының маңызы.

Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы.

Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы ҮІ-ХІІғ.ғ. рухани мәдениетке әсері.



1-ші ғасырдағы Жібек Жолы, Қытайдан Жерорта теңізіне дейін.



«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы»)— Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.

Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тота тапты. Матаның мезгілі — б. з. б. 2750 100 жж. Отан жасалғтан талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шықанын дәлелдейді. Б. з. б. VI — V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдаты Пазырық «патшалық» обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б. з. б. VI—V ғасырлардаты қабірлерден жүннен жасалтан бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.

Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің көошпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен. Алайда VI—IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат тауарлар дала өңірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан өткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады.

Жібек Үндістанға сол кезде барған, «сина патто» — «кытай жібегі» деген сөз дәлелдейді. Б. з. б. I ғасырдың ортасында ғана «Жібек жолы» тұрақты дишгоматиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі 138 жылы, император Уди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға ерген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталтан еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп өтті. Осының ізінше Батысқа — жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайта Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар әкеліне бастады.

Көп кешікпей халықаралық сауда Орта Азиядаты Зеравшан және Қашқадария аңғарларында орналасқан ел — Соғдыдан шыққан саудагерлердің қолына көшті. Соғдылардың Шығыс Түркістандағы «Тохарлық» қалаларда және Қытайдың Ланчжоу, Дунхуан, Чаньан сияқты қалаларында сауда колониялары болды. Мысалы, Дунхуанда мыңға тарта соғдылар тұрған. Соғдылар Жапонияға өткен, жібек жолы жапондықтардың ертедегі астанасы Нараға жетіп аяқталған. Осындағы бір ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы. Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жолдары байланыстырып жатты. «Бұлғын жолы» дейтін жол белгілі, ол арқылыВизантияның, Иранның, Түрік қағанаттары мен соғды князьдіктерінің Бохай мемлекеттерімен және Жапониямен байланыстары жүзеге асырылған. VI ғасырда «Бұлғын жолының» теңіздегі бөлігі «Жапонияға баратын жол» деп аталған. II - V ғасырларда Жібек жолы, егер Шығыстан бастасақ, Чаньаннан басталып, Ланчжоу ауданында Хуанхэ арқылы өтетін өткелге, одан әрі Нань-Шанның солтүстік сілемдерін жағалап, Ұлы Қытай қорғанының батыс шеті мен «Яшма қақпалары бекетіне» беттеген. Осы арада бір жол айырылып, Такла-Макан шөлінің солтүстігі мен оңтүстігін жағалап кеткен. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо жазиралары арқылы Іле өзенінің аңғарына; ортаңғы жол Чаочаннан Қашкарға, Аксуға және Бедел асуы арқылы Ыстыккөлдің оңтүстік жағасына; оңтүстік жол Дунхуан, Хотан,Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен Жерорта теңізіне шыққан, бұл — «оңтүстік жел» деп аталатын жол; «солтүстік жол» Қашғардан Ферғанаға және одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға барған.

VI—VII ғасырларда, Ферғана арқылы өтетін бұрынғы жол төте және қолайлы болғанымен, Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол мейлінше жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын мынадай себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды, Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден, Ферғана арқылы өтетін жол өзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті болды. Үшіншіден, түріктердін бай қағандары мен олардың төңірегіндегілер теңіздің арғы жағының тауарларын ірі мөлшерде тұтынушылар болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет