Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. Салық салу объектісі



Pdf көрінісі
бет114/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
357-бап. Салық салу объектісі
1. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған 
төлеушілер үшін, төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтік 
салық салу объектісі болып табылады. 
2. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында және 2-
тармағында көрсетілген төлеушілер үшін жұмыс берушінің осы Кодекстің 163-бабының 2-
тармағында айқындалған табыстар түрінде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстің 192-
бабы 1-тармағының 18) 19), 20) және 21) тармақшаларында айқындалған табыстар түрінде 
резидент емес қызметкерлерге төлейтін шығыстары, сондай-ақ егер осы тармақта өзгеше 
белгіленбесе, осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында көрсетілген шетел персоналының 
табыстары салық салу объектісі болып табылады. 
Осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 24), 26), 27), 29) - 32), 34), 
41) тармақшаларында және 200-1-бабының 1-тармағының 13) тармақшасында белгіленген 
табыстар, сондай-ақ:
1) гранттар қаражаты есебінен жасалатын төлемдер
2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Yкіметі 
тағайындайтын мемлекеттік сыйлықтар, стипендиялар; 
3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделі орындар үшін берілетін 
ақшалай наградалар; 
4) жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған не жұмыс беруші заңды тұлға 
таратылған, қызметкерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шарты 
бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде 
төленетін өтемақы төлемдері
5) жұмыс берушінің қызметкерлерге пайдаланылмаған ақысы төленетін жыл сайынғы 
еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақы төлемдері; 
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы 
қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары салық салу объектісі болып 
табылмайды. 
3. Егер осы баптың 2-тармағына сәйкес күнтізбелік ай үшін айқындалған салық салу 
объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы күнтізбелік айдың 
бірінші күніне қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болған жағдайда, 
әлеуметтік салық салу объектісі осындай ең төменгі жалақы мөлшерін негізге ала отырып 
айқындалады. 
4. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (міндеттерін) жүзеге асыру 
үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес 
жүргізілсе, осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасының ережелері 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет