Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап .  Базалық салық ставкаларын түзету



Pdf көрінісі
бет117/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
387-бап

Базалық салық ставкаларын түзету
1. Жергілікті өкілді органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына 
сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер 
салығының ставкаларын осы Кодекстің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген, 
автотұраққа, (паркингке) автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп 
шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық 
ставкаларының 50 проценттінен аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға 
құқығы бар. 
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының ставкаларын жеке-дара 
төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады. 
2. Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентті 
қолданады: 
1) балаларды сауықтыру мекемелері; 
2) діни бірлестіктерді қоспағанда, осы Кодекстің 134-бабында айқындалған заңды 
тұлғалар; 
3) осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар; 
4) қызметінің негізгі түрі ормандарда өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру, өртке, 
орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы 
молайту және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды 
орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар
5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар; 
6) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге 
асыратын мемлекеттік кәсіпорын; 
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу-өндірістік 
кәсіпорындар. 
3. Осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында және 135-1-бабының 1-тармағында 
айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициентін 
қолданады. 
3-1. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен инвестициялық стратегиялық жобалар 
тізбесінде көзделген инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыруды Қазақстан 
Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес жасалған 
келісімшарт негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғалар инвестициялық стратегиялық 
жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеу 
кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады. 
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жер учаскесін немесе оның бір бөлігін 
(ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де 
негіздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды. 


Осы тармақтың ережелері келісімшарт жасалған айдың алғашқы күнінен бастап 
қолданылады және оның қолданысы келісімшарт жасалған күннен бастап жеті жылдан 
аспайды. 
3-2. 
Технологиялық 
парктер 
Қазақстан 
Республикасының 
индустриялық-
инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамалық актісінде көзделген 
қызметтің негізгі түрін жүзеге асыру үшін бөлінген жер учаскелері бойынша жер салығын 
есептеу кезінде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0,1 коэффициентін қолданады. 
Осы тармақтың ережелерін бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін: 
1) Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік 
қолдау туралы заңнамасына сәйкес құрылған; 
2) осындай технологиялық парктердің жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу 
үлестері) құнының елу немесе одан астам пайызы технологиялық дамыту саласындағы 
ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы. 
4. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушілер жер учаскесін немесе 
оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) 
жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану 
кезінде салықты 0,1 коэффициентті қолданбай, осы Кодекстің 55-тарауында белгіленген 
тәртіппен есептейді. 
5. Арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын 
ұйымдар жер салығын осы Кодекстің 151-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында 
белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет