берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия
барысында қайтадан енгізуге
болмайды.
5. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен заң жобасына енгiзiлген
өзгертулер мен толықтырулар Мәжіліске жiберiледi. Егер Мәжіліс депутаттардың жалпы
санының көпшiлiк даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келiссе,
заң қабылданды деп есептеледi. Егер Мәжіліс нақ сондай көпшiлiк дауыспен Сенат
енгiзген өзгертулер
мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар арасындағы
келiспеушiлiк келiсу рәсiмi арқылы шешiледi.
5-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен
екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс
күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен
екісінің даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және он күн ішінде
Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық заң жобасын тұтастай
қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшілік
даусымен жүзеге асырады.
Сенат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық
заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс
депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен Сенат
енгізген өзгерістермен және
толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі.
Егер Мәжіліс, Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар бойынша дауыс беру
кезінде олармен депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен келіспесе, онда
палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
6. Мемлекеттік кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтудi көздейтiн
заңдардың жобалары Республика Үкіметінiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiлуi
мүмкiн. Республика Президентінің заң шығару бастамасы
тәртібімен Парламент
Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының
болуы талап етілмейді.
7. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім туралы мәселе қоюға
хақылы. Бұл мәселе бойынша дауыс беру сенім туралы мәселе
қойылған сәттен бастап
қырық сегіз сағаттан ерте өткізілмейді. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс
палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса,
заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкімет бұл құқықты
жылына екі реттен артық пайдалана алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: