Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет20/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

 
93-бап
Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкiмет, жергiлiктi өкiлдi және 
атқарушы органдар арнаулы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық азаматтары 
мемлекеттік тiлдi еркiн әрi тегiн меңгеруi үшiн қажеттi ұйымдастырушылық, материалдық 
және техникалық жағдайдың бәрiн жасауға мiндеттi. 
94-бап
1. Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президентi Конституция 
белгiлеген Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiктерiне ие болады және оларды 
1995 жылғы 29 сәуiрде республикалық референдумда қабылданған шешiм бойынша 
белгiленген мерзiм iшiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің 
келісімiмен Республика Президентi өкiлеттiгiнiң қазiргi мерзiмi Республика Парламентi 
Палаталарының бiрлескен отырысында Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы 
санының көпшiлiк даусымен қабылданған Республика Парламентiнiң қаулысымен 
қысқартылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда Парламент Мәжілісi бiр ай iшiнде Қазақстан 
Республикасы Президентінің сайлауын тағайындайды. Осы сайлаудың қорытындылары 
бойынша сайланған Республика Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен 
бастап бiр ай iшiнде ант бередi және жетi жылдан кейiн желтоқсанның бiрiншi 
жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс кезектi Президент сайлауында сайланған Республика 
Президентi қызметiне кiрiскенге дейiн өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
2. Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Вице-Президентi өзi сайланған 
мерзiм аяқталғанға дейiн өкiлеттiгiн сақтайды. 
94-1-бап
Конституцияның 41-бабы 1-тармағының Республика Президентінің өкілеттік мерзімін 
белгілейтін ережесі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика 
Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін 
президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған 
адамға қолданылатын болады.
95-бап
1. Бiрiншi сайланған Сенат депутаттарының жартысы төрт жыл мерзiмге, 
депутаттардың екiншi жартысы екi жыл мерзiмге конституциялық заңмен белгiленген 
тәртiппен сайланады.


2. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Мәжілісi депутаттарын 
партиялық тiзiмдер негiзiнде сайлау туралы ережелерi екiншi шақырылатын Парламент 
Мәжілісi депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады.
96-бап
Конституция күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Министрлер 
Кабинетi онда белгiленген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құқықтарына, мiндеттерi 
мен жауапкершiлiгiне ие болады. 
97-бап
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң бiрiншi құрамы былайша 
құрылады: Республика Президентi, Парламент Сенатының Төрағасы мен Парламент 
Мәжілісiнiң Төрағасы Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден үш жыл 
мерзiмге, ал Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден алты жыл мерзiмге 
тағайындайды, Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республика Президентi алты жыл 
мерзiмге тағайындайды. 
98-бап
1. Конституцияда көзделген сот төрелiгi мен тергеу органдары тиiстi заңдарда 
көзделген тәртiп пен мерзiмде құрылады. Олар құрылғанға дейiн жұмыс iстеп тұрған сот 
төрелiгi мен тергеу органдары өз өкiлеттiктерiн сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және Жоғары Төрелiк Сотының
жергiлiктi соттардың судьялары Конституцияда көзделген соттар құрылғанға дейiн өз 
өкiлеттiктерiн сақтайды. Судьялардың бос орындары Конституцияда белгiленген 
тәртiппен толықтырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет