Қазақстан Республикасының Конституциясы



Pdf көрінісі
бет22/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy
история каз.
54-бап. 
Оңалту рәсiмдерi


Төлемге қабілетсіз борышкерге оның таратылуын болғызбау мақсатында төлемге 
қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған, заңнамаға қайшы келмейтiн кез келген 
шаралар қолданылуы мүмкiн.
Көрсетілген шаралар жеделдетілген оңалту рәсімі, оңалту рәсiмi шеңберiнде iске 
асырылады, оларды жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi банкроттық туралы 
заңнамада айқындалады. 
54-1. 
Сырттай байқау 
Сырттай байқау рәсімін сот: 
борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету; 
әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау; 
борышкердің - қаржылық жай-күйіне, төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігін 
немесе 
мүмкіндігінің 
жоқтығын 
айқындауға 
және 
кредиторлар 
алдындағы 
міндеттемелерін орындаудан жалтару жөніндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талдау 
жүргізу; 
кредиторлар тарапынан борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйіне 
және олардың қайта ұйымдастыруды жүргізуіне бақылау жасау; 
негізгі құралдарды иеліктен шығару, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша 
мәмілелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін нарықтық бағадан 
айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге де мәмілелер жасауға 
бақылау жасау мақсатында енгізуі мүмкін. 
Сырттай байқауды қолдану Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде 
белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 
55-бап.
Конкурстық iстi қозғау салдары 
1. Конкурстық iс қозғалған кезден бастап:
1) шамасы жоқ борышқордың мүлiктi иелiктен шығаруына (иелiктен шығаруға несие 
берушiлердiң жиналысы рұқсат еткен кезден басқа жағдайда), бiреуге беруiне және 
мiндеттемелердi өтеуiне тыйым салынады;
2) шамасы жоқ борышқордың барлық борыштылық мiндеттемелерiнiң мерзiмi өткен 
деп саналады.
3) шамасы жоқ борышқор берешектерiнiң барлық түрлерi бойынша айыпақы мен 
сыйақыны (мүдденi) есептеу тоқтатылады;
4) шамасы жоқ борышқор мүлкiнен ақы өндiрiп алуға заңдармен қойылған 
шектеулердiң бәрi алынып тасталады;
5) егер шамасы жоқ борышқор қатысатын мүлiктiк сипаттағы сотта қаралып жатқан 
даулар туралы шешiм заңды күшiне енбеген болса, олар тоқтатылады.
2. Осы кезден бастап мүлiктiк сипаттағы барлық талаптар борышқорға тек конкурстық 
iстi жүргiзу шеңберiнде ғана қойылады. 
56-бап.
Дәрменсiз борышқорды борышқордан босату 
1. Мүлiктi сатқаннан кейiн және сатудан түскен ақшаны несие берушiлердiң арасында 
бөлгеннен кейiн дәрменсiз борышқор қалған мiндеттемелер мен орындауға ұсынылған 
және заңды тұлғаны банкрот деп тану кезiнде есепке алынған өзге де талаптарды 
орындаудан босатылады.
2. Дәрменсiз борышқор, егер өзiнiң мүлкiнiң бiр бөлiгiн тарату iс басталғанға дейiнгi 
үш жыл iшiнде жасырса немесе жасыру мақсатымен басқа адамға берiп жiберсе, 
бухгалтерлiк кiтаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажеттi есеп-қисап 
ақпаратын жасырса немесе қолдан жасаса мiндеттемелерiн орындаудан босатылмайды. 
57-бап.
Банкрот болған заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуы 
1. Заңды тұлғаны соттың банкрот деп тануы оның таратылуына әкелiп соқтырады.


2. Банкрот-заңды тұлға Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып 
тасталған кезден бастап оның қызметi тоқтатылды деп есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет