Мекеме өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат
есебiнен сатып алынған мүлiктi иелiктен өз бетінше шығаруға немесе оған өзгеше әдiспен
билiк етуге құқылы емес.
Мемлекеттік мекемелердің табыс әкелетін қызметті жүзеге
асыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленеді.
207-бап.
Қазыналық кәсiпорынның және мекеменің борыштары бойынша
құрылтайшының жауаптылығы
1. Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгіндегі ақшамен жауап
бередi.
Қазыналық кәсiпорынның ақшалай қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, оның
мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс
тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
2. Мекеменің жауапкершiлiгi осы Кодекстiң 44-бабының 1-тармағында
көзделген
тәртiппен туындайды.
208-бап.
Мекеменi меншiктену құқығының ауысуы
Мекеменi меншiктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл мекеме өзiне тиесiлi
мүлiкке оралымды билiк жүргiзу құқығын сақтап қалады.