2-ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
НЫСАНДАРЫ
8-бап
. Мекеме
1. Құрылтайшысы басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы
өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп
танылады.
Мекеменiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiкке құқығы азаматтық заңдарға сәйкес
айқындалады.
2. Меншiк нысанына байланысты мекемелер мемлекеттік және жеке меншiк
мекемелер болып бөлiнедi.
3. Мекемелердiң жекелеген түрлерiнiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заң
актілерімен реттеледi.
10-бап
. Жеке меншiк мекеме
1. Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де
қызметтердi жүзеге асыру үшiн жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар
құрған, мемлекеттік құрылымның бөлiгi болып табылмайтын ұйым жеке меншiк мекеме
деп танылады.
2. Жеке меншiк мекеменiң мүлкi оған оралымды басқару құқығымен бекітілiп
берiледi.
3. Жеке меншiк мекеме өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билiгіндегі ақшамен жауап
бередi. Ақшасы жеткiлiксiз болған жағдайда мемлекеттік емес мекеменiң мiндеттемелерi
бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
11-бап
. Қоғамдық бiрлестiк
1. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ортақ мақсаттарға жету
үшiн азаматтардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған ұйым, егер заңдарда өзгеше
белгіленбесе қоғамдық бiрлестiк болып табылады.
2. Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң (қатысушыларының) сол бiрлестiктерге өздерi
берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Өздерi мүшелерi
(қатысушылары) ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттемелерi бойынша
олар жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша
жауап бермейдi.
3. Қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi «Қоғамдық
бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
12-бап
. Қор
1. Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған,
әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы
мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады.
2. Қорды құрған кезде құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешiмiмен тұрақты
жұмыс iстейтiн алқалы басқару органы - қордың атқарушы органы тағайындайтын
қамқоршылық кеңесi құрылады, ол қор қызметiнiң оның жарғылық мақсаттарына сай
келуiне бақылау жасайды, сондай-ақ қордың жарғысында бекітілген өзге де өкiлеттiктердi
жүзеге асырады.
Жұбайлық және жақын туыстық байланысы бар адамдар қордың қамқоршылық
кеңесiнiң көпшiлiк мүшесi, сондай-ақ осы қордың штаттағы қызметкерлерi бола алмайды.
3. Қордың атқарушы органы қордың жоғары басқару органының және тұрақты жұмыс
iстейтiн алқалы басқару органының (қамқоршылық кеңестiң) шешiмдерi негiзiнде және
оларды орындау мақсатында жұмыс iстейдi және соларға есеп бередi.
Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерi қордың құрылтай құжаттарын,
осы заңды және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерін бұза отырып өздерi
қабылдаған шешiмдерiнiң салдарынан келтiрiлген шығынның орнын бiрлесе толтыруға
мiндеттi. Мұндай шешiм қабылданған кезде қарсы дауыс берген, қалыс қалған немесе
отырысқа қатыспаған адамдар шығынның орнын толтыру мiндетiнен босатылады.
4. Қордың некеде тұрумен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған
басшысы мен бухгалтерi болуға тиiс. Бiр адамның екi қызметтi қатар iстеуiне болмайды.
Басшы құрылтай құжаттарының, қорды басқару органының шешiмдерi негiзiнде қордың
атынан мәмiлелер жасауға құқылы. Қордың жарғысында өз бетiнше әрекет етiп, мәмiлелер
жасай алатын басқа уәкiлеттi адамдардың қызмет аясы белгiленуi мүмкiн. Қор
басшысының сотта, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда қордың атынан
сенiмхатсыз өкiлдiк етуге құқығы бар.
5. Қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады.
Қор құрылтайшыларының қордың мүлкiне мүлiктiк құқығы жоқ және оларды
мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жарғыда белгiленген тәртiппен құрылтайшылардың
жалпы жиналысы қордан шығаруы мүмкiн.
6. Қор жарғыда белгiленген мерзiмде қаржы қызметiн тексерудi жүзеге асыруға
мiндеттi. Тексерудi тексерушi немесе аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Тексерушiнi
сайлау тәртібі жарғыда белгiленедi; аудиторлық
ұйымдар
заңдарда белгiленген тәртiппен
тартылады.
7. Қор жыл сайын ресми басылымдарда өз мүлкiн пайдалану туралы есептi
жариялауға мiндеттi.
13-бап
. Қордың түрлерi
1. Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке,
корпоративтiк, қоғамдық, мемлекеттік қорлар құрылуы мүмкiн.
Қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, білім қорлары және
өзге де қорлар құрылуы мүмкiн.
2. Бiр жеке адамның немесе жеке адамдардың - бiр отбасы мүшелерiнiң өзiнiң
(өздерiнiң) жеке қаражаттары есебiнен құрған қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор,
сондай-ақ жеке адамның нотариалды куәландырылған өсиетi бойынша да құрылуы
мүмкiн.
Жеке қордың мүлкi жеке тұлғадан (құрылтайшыдан) немесе жеке тұлғалардан - бiр
отбасы мүшелерiнен (құрылтайшылардан) бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн
түсiмдер есебiнен, өсиет бойынша түскен мүлiктен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында
көзделген және жеке қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден
құралады.
Жеке меншік қор құрылтайшысының (құрылтайшыларының) құқықтары, егер ол
құрылтай құжаттарында көзделген жағдайда, мұраның құрамына кіргізілуі мүмкін.
3. Бiр заңды тұлғаның немесе бiрнеше заңды тұлғалардың - коммерциялық және
(немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары есебiнен құрған
қоры корпоративтiк қор деп танылады.
Корпоративтiк қордың мүлкi бiр немесе бiрнеше заңды тұлғалардан коммерциялық
және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардан (құрылтайшылардан) бiр жолғы және
(немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген
және корпоративтiк қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден
құралады.
4. Бiр отбасының мүшелерi болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе)
заңды тұлғалардың - қоғамдық бiрлестiктердiң құрған қоры қоғамдық қор деп танылады.
Қоғамдық қордың мүлкi заңды тұлғалардан - қоғамдық бiрлестiктер мен жеке
тұлғалардан бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, сондай-ақ осы
Заңның 35-бабында көзделген және қоғамдық қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн
басқа да көздерден құралады.
Қоғамдық қордың мүлкi бiр отбасы мүшелерiнен - аталған қордың бiрден бiр
қатысушыларынан түсетiн түсiмдер есебiнен құрала алмайды.
5. Мемлекеттік органдардың шешiмiмен құрылған, белгiленген тәртiппен мемлекеттік
меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы берiлген; қордың мақсаттары мен
мiндеттерiн мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын қор мемлекеттік қор
деп танылады.
Мемлекеттік қордың мүлкi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы
мемлекеттік бюджетiнiң қаражаты есебiнен, сондай-ақ осы Заңның 35-бабында көзделген
және мемлекеттік қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.
6. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мiндеттi төлемдер есебiнен
құрылған қорлардың құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және (немесе)
таратылуына байланысты туындайтын қатынастар осы Заңмен реттелетiн мәселелер
болып табылмайды.
14-бап
. Тұтыну кооперативi
1. Мүшелiк негiзде қатысушыларының материалдық және өзге де қажеттiлiктерiн
қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру жолымен
жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.
Заң актілерінде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар да кiре
алады.
2. Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес, ауылдық жерде
тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру
үшін құрылуы мүмкін.
3. Тұтыну кооперативтерiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив
мүшелерiнiң қосымша жарнасының енгiзiлмеген бөлiгi шегiнде ортақ субсидиарлық
жауаптылықта болады.
4. Тұтыну кооперативi алған кiрiстердi оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды
және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады.
5. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жинақталып қалған шығынды жыл сайынғы
баланс бекітілгеннен кейiн үш ай iшiнде қосымша жарналар арқылы жабуға мiндеттi. Бұл
мiндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит берушiлердiң талабы бойынша сот
тәртібімен таратылуы мүмкiн.
6. Тұтыну кооперативтерiн, соның iшiнде селолық кооперативтердi құқықтық реттеу
ерекшелiктерi арнаулы заң актiсiмен реттеледi.
15-бап
. Дiни бiрлестiк
1. Рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде
заң актілерінде белгiленген тәртiппен бiрiккен азаматтардың ерiктi бiрлестiгi дiни
бiрлестiк деп танылады.
2. Дiни бiрлестiк қатысушыларының (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке,
соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң
мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi
бойынша жауап бермейдi.
3. Дiни бiрлестiктiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заңмен реттеледi.
16-бап
. Коммерциялық емес акционерлік қоғам
1. Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар
шығаратын, кiрiстерi тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға
коммерциялық емес акционерлік қоғам деп танылады.
2. Коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды
және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
3. Коммерциялық емес акционерлік қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбiр
құрылтайшының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң қол қоюы арқылы жасалады.
4. Коммерциялық емес ұйым ретiнде құрылған қоғамның коммерциялық ұйым болып
қайта құрыла алмайтыны сияқты коммерциялық ұйым ретiнде құрылған қоғам да
коммерциялық емес ұйым болып қайта құрыла алмайды.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес
құрылған қор биржаларының қайта құрылу;
2) коммерциялық акционерлік қоғамдардың «Назарбаев Университеті», «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып қайта құрылуы;
3) Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты
қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес құрылған кредиттік бюролардың қайта
құрылуы жағдайларына қолданылмайды.
17-бап
. Коммерциялық емес ұйымның өзге де ұйымдық-құқықтық нысаны
1. Коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.
2. Дербес білім беру ұйымдары, нотариаттық палаталар, адвокаттар және жеке сот
орындаушылары алқалары, сауда-өнеркәсiп палаталары, кәсіби аудиторлық ұйымдар,
меншiк пәтер иелерi кооперативтерi және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де
ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады.
3. Өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi заң
актілерімен реттеледi.
18-бап
. Дара кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ)
нысанында бірігуі
1. Дара кәсiпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн
үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделерiн бiлдiру және қорғау мақсатында қауымдастықтар
(одақтар) құра алады.
2. Коммерциялық емес ұйымдар осы ұйымдардың қауымдастықтарына (одақтарына)
ерiктi түрде бiрiге алады.
3. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өзiнiң дербестiгiн және заңды тұлға
құқықтарын сақтап қалады.
4. Қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың
(одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде және тәртiпте субсидиарлық
жауаптылықта болады.
5. Қауымдастық (одақ) мүшелерi, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе,
қаржы жылы аяқталған соң өзiнiң қалауы бойынша қауымдастықтан (одақтан) шығуға
құқылы. Бұл жағдайда қауымдастық (одақ) мүшесi өзi қауымдастықтан шыққанға дейiн
туындаған мiндеттемелерi бойынша шыққан кезiнен бастап екi жыл бойына оның өзiнiң
жарнасына бара-бар субсидиарлық жауаптылықта болады.
Қауымдастық (одақ) мүшесi қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында
белгiленген реттерде және тәртiппен қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң шешiмi бойынша
одан шығарылуы мүмкiн. Қауымдастықтың (одақтың) шығарылған мүшесiнiң
жауапкершiлiгiне қатысты қауымдастықтан (одақтан) шығуға жататын ереже
қолданылады.
6. Қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң келісімiмен оған қауымдастықтың жаңа мүшесi
кiре алады. Қауымдастыққа (одаққа) жаңа мүшенiң кiруi қауымдастықтың (одақтың) ол
кiргенге дейiн туындаған мiндеттемелерi бойынша оның субсидиарлық жауаптылықта
байланыстырылуы мүмкiн.
7. Қауымдастықтың (одақтың) атауында «қауымдастық» немесе «одақ» деген сөздердi
қоса отырып, осы қауымдастық (одақ) мүшелерi қызметiнiң негiзгi мәнiне көрсетпе болуға
тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |