21-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң меншiгi Қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында көзделген қызметтi материалдық жағынан
қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектiлер оның меншiгi болып табылады, бұған Қазақстан
Республикасының заңдарымен тыйым салынған объектiлер қосылмайды.
Қоғамдық бiрлестiктiң ақша қаражаты, егер оларды төлеу жарғыда көзделген болса,
кiру жарналары мен мүшелiк жарналардан; ерiктi жарналар мен жиналған жылудан;
жарғыға сәйкес лекциялар, көрмелер, спорттық және басқа шаралар, лотереялар өткiзуден
түскен түсiмдерден; өндiрiстiк және өзге де шаруашылық қызметтен алынған табыстан;
заң актілерінде тыйым салынбаған басқа да түсiмдерден қалыптасады.
Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң (қатысушыларының) сол бiрлестiктерге өздерi
берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Өздерi мүшелерi
(қатысушылары) ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттемелерi бойынша
олар жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының)
мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Қоғамдық бiрлестiктердiң меншiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен
қорғалады.