Қазақстан Республикасының Конституциясы


-ТАРАУ. ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫ



Pdf көрінісі
бет60/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

4-ТАРАУ. ҚОҒАМДЫҚ БIРЛЕСТIКТЕР ТУРАЛЫ ЗАҢДАРДЫ
БҰЗҒАНДЫҚ 
ҮШIН ЖАУАПКЕРШIЛIК
22-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк 
Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзу Қазақстан Республикасының 
заңдарында белгіленген тәртiп бойынша жауап беруге әкеп соқтырады.
Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзғандық үшiн бұған кiнәлi заңды және 
жеке тұлғалар, соның iшiнде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және 
қоғамдық бiрлестiктердiң басшы органдарының құрамына кiретiн адамдар жауапты 
болады. 
23-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру 


Қоғамдық бiрлестiктiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 
заңдары бұзылған немесе қоғамдық бiрлестiк өз жарғысында белгiленген мақсаттар мен 
мiндеттер шегiнен шығатын әрекеттерi бiрнеше рет жасаған жағдайларда прокуратура, 
iшкi iстер органдарының ұсынуы немесе азаматтардың арыздары негiзіндегі сот шешiмi 
бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Қоғамдық бiрлестiктiң қызметi тоқтатыла тұрған жағдайда оған барлық бұқаралық 
ақпарат құралдарын пайдалануға, үгiт және насихат жүргiзуге, митингiлер, 
демонстрациялар және басқа бұқаралық шаралар өткiзуге, сайлауға қатысуға тыйым 
салынады. Оның банк салымдарын пайдалану құқығы да тоқтатыла тұрады, бұған еңбек 
шарттары бойынша есеп айырысу, өз қызметi нәтижесiнде келтiрiлген шығынның орнын 
толтыру мен айыппұл төлеу қосылмайды.
Егер қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн тоқтата тұруға негiз болған тәртiп бұзушылықты 
қызметi тоқтатыла тұратын болып белгiленген мерзiм iшiнде жойса, аталған мерзiм 
аяқталған соң қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн қайта бастайды. Қоғамдық бiрлестiк 
Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын жоймаған жағдайда, не оларды 
қайталап бұзған жағдайда прокуратура, ішкi iстер органдары, сондай-ақ азаматтар сотқа 
оны тарату туралы арызбен жүгiнуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет