мүлiктiк (пайлық) қор - тұтыну кооперативiн құру немесе оған кiру кезiнде
мүшелерi енгiзетiн мүлiктiк (пайлық) жарналардан тұратын және тұтыну кооперативiнiң
мүлкiн қалыптастыру көздерiнiң бiрi болып табылатын қор;
тұтыну кооперативі - қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерiн
қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру арқылы
жүзеге асырылатын мүшелiк негiздегi ерiктi бiрлестiгi;
резервтiк қор - төтенше жағдайлардың салдарынан келтiрілген залалдарды жабуға
арналған қор, оны қалыптастыру мен пайдалану тәртібі тұтыну кооперативiнiң
жарғысымен белгiленедi;