ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС ТУРАЛЫ
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және үкіметтік емес
ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруы процесінде
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік бағдарлама - өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;
1-1) әлеуметтік жоба - әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге
бағытталған, бір және одан да көп жылдар ішінде іске асырылатын
ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге
асыруға шарт жасасу арқылы бюджет қаражаты
есебінен қамтамасыз етілген
республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге
бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асырудың
нысаны;
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға арналған конкурс (бұдан әрі - конкурс)
- тапсырыс берушінің үкіметтік
емес ұйымдардың жұмыстарын, көрсетілген
қызметтерін сатып алуға бағытталған және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың
ықтимал өнім берушілері арасында ашық әрі адал бәсекелестікті қамтамасыз ететін
ықтимал
өнім берушіні анықтау әдісі;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт - тапсырыс
беруші мен өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен жасалған шарт;
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі - өнім беруші) -
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша
әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес
ұйым;
6)
тапсырыс
беруші
-
республикалық
және
жергілікті
бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері;
7) үкіметтік емес ұйым - ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе)
мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес
ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік
одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда);
8) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi
кеңестер - құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк
емес ұйымдардың
өкiлдерi кiретiн, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-
қимылды және ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін
құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар;
9) ықтимал өнім беруші - конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйым;
10) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі - мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан
әрі -
уәкілетті орган) - мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс
саласындағы қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган;
12) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі -
мемлекеттік орган) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске
асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық
атқарушы және жергілікті атқарушы орган;
13) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер
тізілімі - мемлекеттік
әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік
бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысқан үкіметтік емес
ұйымдардың тізбесі.
Достарыңызбен бөлісу: