тұтыну кооперативiнiң мүшесi - осы Заңның талаптарын қанағаттандыратын,
кооперативтiң жарғысында белгiленген мөлшерде мүлiктiк (пайлық) жарна енгiзген және
кооперативке дауыс беру құқығымен қабылданған азамат және (немесе) заңды тұлға.
2-бап . Тұтыну кооперативi туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының тұтыну кооперативi туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына, Азаматтық кодекске негiзделедi және осы Заң мен
өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Селолық тұтыну кооперациясының ерекшелiктерi жеке заңдармен белгiленедi.
3. Өзара сақтандыруды жүзеге асыратын тұтыну кооперативтері қызметінің
ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалады.