- халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктерге кiруге;
- Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де өкiлеттiктi жүзеге
асыруға құқылы.
Қоғамдық бiрлестiк:
- Қазақстан
Республикасының заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды
сақтауға;
- өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiне
қатысты құжаттармен және
шешiмдермен олардың танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
- ақша қаражатының келiп түсуi мен жұмсалуы туралы өз мүшелерiн хабардар етуге;
- тұрақты жұмыс iстейтiн басшы орган орналасқан жердiң және Бизнес-сәйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде басшылар туралы
деректердiң өзгергенi туралы тiркеушi органға хабарлап отыруға мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: