8) қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келіссөздер жүргізуге
және осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық шарт жасасуға;
9) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына,
ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
10) қызметкерлерді жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек
міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз
етуге;
11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге де адамдардың өміріне,
денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;
13) қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;
14) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан сақтандыруға;
15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
16) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды
зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы
деректердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;
17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары
мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;
18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау
жөнінде шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере
отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
19) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын үстеме
жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың,
ауыр жұмыстардың нақты есебін жүргізуге;
20) қызметкерлердің кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуін және олардың
біліктілігін арттыруды осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге;
21) қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде өмiрi мен
денсаулығына келтiрiлген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес өтеуге;
22) еңбек жөніндегі уәкілетті органның және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкілдерін,
еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігінің,
еңбек жағдайы және еңбекті қорғаудың жай-күйін және Қазақстан Республикасының
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ
өндірістегі жазатайым оқиға мен кәсіптік ауруларды тексеру үшін кедергісіз жіберуге;
23) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің
Достарыңызбен бөлісу: