17
танымдық
ойыншықтар,
қарапайым
пазлдар,
зерттеушілік
қызығушылығын белсендіретін қозғалмалы ойыншықтар, қимылды
ойындарға қажетті құралдар, оның ішінде
ірі және ұсақ моториканы
дамытатын ойын құралдары, жұмсақ модульдер, қауіпсіз табиғи
материалдардан жасалған ойыншықтар.
2) ортаңғы топта:
дамытушы ойыншықтар, құрастыруға арналған жинақтар, сурет салуға
арналған құралдармен және соған лайық жайлы орындармен толықтыру, қол
еңбегіне арналған құралдар мен ойыншықтар,
театрландырылған ойынға
арналған
жинақтар,
қуыршақтар,
түрлі
машиналар,
танымдық
қызығушылығын жетілдіруге арналған табиғи материалдар, шағын
модельдер.
3) ересек және мектепалды даярлық топтарында:
дамытушы модульдер, күрделі пазлдар,
құрастырылатын ойыншықтар,
сауат ашу, алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі
материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар,
боямақтар,
сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел үсті
ойындары, ребустар, оқу құралдары, балалар энциклопедиялары,
ғаламшардың жануарлары
мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің
адамдарының өмірі туралы иллюстрацияланған басылымдар, балалар
журналдары, альбомдар, суреттер мен карточкалар.
Сонымен қатар, заттық-кеңістіктік дамытушы
ортаны қалыптастыру
барысында барлық топтарда ойыншықтар мен ойын материалдарын
толықтырып отыру қажет.
Көптеген импровизациялауға ыңғайлы материалдардың болуы маңызды
(арқан, қорап, сым, доңғалақтар, ленталар және т.б.). Олар ойын барысында
балалардың әртүрлі креативті идеяларын жүзеге асыруда, шығармашылық
шешім қабылдауында қолданылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: