Қазақстан республикасының мектепке дейінгі


Оқу жылы ішінде 1-сыныптың каникул кезеңіне сәйкес каникул белгіленеді



бет13/21
Дата08.02.2022
өлшемі357,77 Kb.
#122547
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
ЖАҢА-ӘДІСТЕМЕЛІК-НҰСҚАУ-БАЛАБАҚШАҒА
этнология, 6-synyp-matematika-i-nuska-54145c304c85b, 9 БЖБ ІІтоқсан, 9 БЖБ ІІтоқсан, 9 БЖБ ІІтоқсан
Оқу жылы ішінде 1-сыныптың каникул кезеңіне сәйкес каникул белгіленеді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында каникул кезеңі қарастырылмаған.
Тәрбиелеу-білім беру процесі:
-өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;
- циклограммаға;
- тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингіне (бастапқы, аралық, қорытынды) сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын негізгі талап -санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, рұқсат етілген көлем мен ұзақтықты қамтамасыз ету болып табылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі – ұзақтығы – 25-30 минуттан20 сағатты құрайды.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық үшін вариативтік компонент қарастырылған. Вариативтік компонентті анықтауда өңірлік ерекшеліктер, балалардың қызығушылықтары, ата-аналардың тілектері мен білім беру ұйымы қызметінің бағыты және т. б. ескеріледі.
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің көлемі -2 сағатты, оқыту қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін -3 сағатты құрайды.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 8-бабының нормасына сәйкес мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың мектепалды сыныптарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесі 24 сағатты құрайды.
Осы жүктемеге сәйкес педагог келесі функцияларды атқарады:

  • Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ҰОҚөткізеді;

  • перспективалық жоспар және циклограмма құрастырады;

  • режимдік сәттерді ұйымдастырады және өткізеді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, балалар әрекетінің түрлері (ойын, шығармашылық, танымдық, эксперименттік, дербес және т. б.), серуен, жеке жұмыс, сауықтыру шаралары және т. б.);

  • диагностика (бастапқы, аралық және қорытынды) арқылы балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайды;

  • ата-аналармен жұмыс жүргізеді;

  • білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға қатысады; (жиналыстар, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, конкурстар және т. б.);

  • ертеңгіліктерді, мерекелер мен ойын-сауықтарды, спорттық іс-шараларды және т. б. ұйымдастырады және өткізеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «жазғы айларда мектепалды даярлықты күшейту» міндеті қойылды (92-тармақ).
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында жалпы білім беретін мектептер жанынан жазғы кезеңде мектеп жасына жеткен, бірақ мектепке дейінгі ұйымдарға, оның ішінде мектепалды даярлық сыныптарына бармаған балалар үшін қысқа мерзімді (2 аптадан 1 айға дейін) мектепалды даярлық курстары өткізіледі.
Қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – бастауыш мектепте оқуға балалардың зияткерлік, мотивациялық, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін және мектеп жағдайларына табысты бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру.
Курстардың мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізінде әзірленген (www.rc-dd.kz)және «Денсаулық», Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы іске асырылады.
Курс балаларда мектепке психологиялық дайындықтың қажетті деңгейін қалыптастыруға, құрдастарымен және педагогтермен қарым-қатынас жасауға бағытталған белгілі бір логикаға құрылған өзара байланысты кіріктірілген сабақтар жүйесін ұсынады.Әрекетті ұйымдастырудың негізгі түрі –ойын-сабақтар. Барлық сабақтар балаларға қызықты саяхат ретінде (мысалы, квест, логикалық ойындар, саяхат сабақ т. б.) өткізіледі, олардың барысында бала оқу міндеттерін қолжетімді тәсілдермен шешуге үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет