Қазақстан республикасының мектепке дейінгі



бет12/21
Дата08.02.2022
өлшемі357,77 Kb.
#122547
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
ЖАҢА-ӘДІСТЕМЕЛІК-НҰСҚАУ-БАЛАБАҚШАҒА
этнология, 6-synyp-matematika-i-nuska-54145c304c85b, 9 БЖБ ІІтоқсан, 9 БЖБ ІІтоқсан, 9 БЖБ ІІтоқсан
Мектепалды даярлық
5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады(«Білім туралы» ҚРЗаңы 30-бап).
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:
- балаларда оқу қызметінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық);
- мектепке қолайлы бейімделуге қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық);
- ұжымдық қызметтегі бірлескен әрекет дағдыларына тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;
- баланың мектепке эмоционалды-оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын дамыту.
М ектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында оқу процесі 1 қыркүйектен бастап 25 мамырға дейін жүзеге асырылады (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру кезеңі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет