Қазақстан Республикасының Министерство Білім және ғылым образования и науки



бет1/3
Дата19.02.2017
өлшемі461 Kb.
#10522
  1   2   3
Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ им. Д. Серикбаева

ШҚМТУ


БЕКІТЕМІН
Көлік және логистика кафедрасының меңгерушісі _______________В.Вдовин

___________________2014 ж


ЖҮКТАНУ

Қысқаша дәріс конспектісі


5В090100 – «Тасымалдауды қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»

Құрастырған «Көлік және логистика»

кафедрасның доценты А. Жандарбекова
Өскемен

Усть-Каменогорск

2014
Дәріс жоспары


Тақырыптың мазмұны, оның құрылымы

Күрдел

ілігі, ч.



1

2

Дәрістік сабақтар




1 - тақырып. Жүктерің Халықаралық көліктік жіктелуі.

2 сағат

2- тақырып. Жүктер мен көліктік құралдар

2 сағат

3 - тақырып. Жүктерді тасымалдау ережелері

2 сағат

4 - тақырып. Таралық-даналық жүктерді тасымалдау.

2 сағат

5 - тақырып. Үйіліп төгілетін жүктерді тасымалдау.

2 сағат

6 - тақырып. Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау.

2 сағат

7 - тақырып. Контейнерлермен және пакеттермен жүктерді тасымалдау

2 сағат

8 - тақырып. Қауіпті жүктерді тасымалдау

2 сағат

9 - тақырып. Құрылыс жүктерді тасымалдау

2 сағат

10 - тақырып. Үлкен салмақтағы жүктерді және габаритсіз жүктерді тасымалдау

2 сағат

11 - тақырып. Жануар мен құстарды және карантиндік жүктерді тасымалдау

2 сағат

12 - тақырып. Автотракторлық техниканы тасымалдау.

2 сағат

13 - тақырып. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау.

2 сағат

14 - тақырып. Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру кезіндегі техникалық қауіпсіздік.

2 сағат

15 - тақырып. Жұмысшылардың еңбектерін қорғау бойынша кәсіби таңдау, оқудың және білімдерінің талаптары.

2 сағат



1 - тақырып. Жүктерің Халықаралық көліктік жіктелуі.
Әр күн сайын автокөлік жолдары арқылы шикізат, отын, жартылайфабрикаттар, дайын өнімдер, ауылшаруашылық өнімдері сияқты әртүрлі мыңнан астам тауар өнімдері тасымалданады. Жіберу бекетінен тасымалдауға қабылдағаннан бастап және бекеттен берместен бұрын барлық тауарлық өнімдер “жүк” деген атқа ие болады. Жүктанудың мақсаты жүктердің көліктік сипаттамаларын зерттеу болып табылады, яғни жүктерді тасымалдау, тиеу және сақтауда қолданылатын техникалық құралдар мен шарттарды анықтайтын арнайы қасиеттерді зерттеу. Жүктің көліктік сипаттамасына жатады: көлемді-салмақтық сипаттама; қауіптілік дәрежесін, тасымалдаудың техникалық жағдайын анықтайтын қасиеттер; сонымен қатар ыдыс пен орау. Ол жылжымалы құрамды, тиеп-түсіру машиналарының түрлерін, пакеттеу құралдарын тасымалдау тәртіптері мен басқа да тасымалдау процесінің басқа да техника-технологиялық элементерін дұрыс таңдай білуді анықтайды.

Жүктердің көліктік сипаттамалары мен тасымал процесіндегі техника-технологиялық элементтер бір бірімен тығыз өзара байланысты және өзара тәуелді. Тіптен жүктің көліктік сипаттамасының кішкене бөлігінің ғана өзгертілуі тасымал процесінің бір немесе одан да көп техника-технологиялық элементтерінің өзгеруіне әкеледі. Мысалы, төгіп тасылатын цемент немесе минералды тыңайтқыштар сияқты жүктерді ыдыспен тасуға көшу жылжымалы құрамның, қоймалардың, тиеп-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарының басқа түрлерін қолдану қажеттілігін тудырады. Бұл жағдайда пакеттеу құралдары қажет.

Сонымен бірге, жүк тасымалдаудың рационалды технологиялық процестерін құруда жүктердің көліктік сипаттамаларының жеке құраушыларының қажетті жағдайларын есепке алу және өзгерту керек, яғни:

көлемдік салмағын, ыдыс пен орау түрлерін, жеке орындардың сызықтық өлшемдерін, ылғалдылығын және т.б.. Осылайша, жүктердің көліктік сипаттамаларын жақсы меңгеру көліктің негізгі міндеттерін-уақытында және сақталған түрде, сапалы түрде, жүкті белгіленген орынға жеткізуді орындаудың қажетті шарты болып табылады
Жүктерді жіктелуі

Алға қойған мақсатына байланысты жүктерді әр түрлі белгілеріне қарай жіктеуге болады. Жекелей алғанда, автокөліктерде мыналарды бөліп көрсетуге болады: біртұтас тарифті-статистикалық номенклатура, жоспарлы-есептік номенклатура, тиеп-түсіру жұмыстарын нормалау мен есепке алу үшін жіктеу, көлігіне қарай жіктеу, жүктердің арнайы қасиеттері мен көлікпен қамтамасыз ету шарттарына байланысты жіктеу, ашық жылжымалы құрам арқылы тасымалданатын жүктерді жіктеу, жүктерді сақтау шарттары мен техникасына байланысты жіктеу, жүктердің сақталу мерзіміне қарай жіктеу.



Біртұтас тарифті-статистикалық номенклатура (классификация) жүктің тарифті класын анықтауға арналған, негізінде тасымалдау төлемдері мен жиналымдарын анықтауға, сонымен қатар белгілі бір топқа жататын жүктің қандай тиеуді жоспарлау мен есепке алу номенклатурасына жататындығын анықтауға арналған. Жүктердің біртұтас тарифті-статистикалық номенклатурасы "№1 тариф басшылығында" жарияланған. Біртұтас тарифті-статистикалық номенклатураны құрудың критерийі ретінде өнімдердің жеке түрлерін өндіру тәсілдері немесе шығару сипаттары қолданылады. Номенклатурада 69 тарифті топтарға біріктірілген 5103 жүктің атауларын санап көрсетуге болады, оның ішінде 7 тобы ауылшаруашылықта өндірілген өнімдерді құраса, ал 62 тобы өнеркәсіпте өндірілген өнімдерді құрайды.

Отын, шикізат, жартылай фабрикаттар және өнімдердің басқа түрлерін жоспарлау мен есепе алу үшін оларды белгілі бір белгілеріне қарай былайша біріктіреді, яғни номенклатура жүктердің негізгі массасын қамтитындай, қысқа әрі салыстыруға болатындай, көлікпен қамтамасыз ету шарттарын анықтауға, жылжымалы құрамды таңдауға мүмкіндік беретіндей, сонымен қатар жоспарлау процесінде рационалды емес тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп біріктіреді. Тасымалдау түрлері мен оны жоспарлау кезеңіне байланысты теміржол көліктерінде тиеуді жоспарлау мен есепке алудың келесі жүк номенклатурасы құрылған: жылдық жоспарлау; кварталдық жоспарлау; аралас теміржол-су хабарламаларында тікелей жоспарлау; экспорттық және импорттық жүктерді тасымалдауды жоспарлау. Аталған жүк номенклатуралары "Жүктерді тасу ережелерінде" жарияланған, ал номенклатура топтарына енетін жеке жүк атаулары "№1 тариф басшылығындағы" біртұтас тарифті-статистикалық номенклатура Алфавитінде берілген.

Тиеп-түсіру жұмыстарын нормалау, қаржыландыру және есепке алу ортақ нормалар бойынша жүктерді келесі топтарға бөлу қарастырылған: ыдыспен қатталған және даналап тасылатын; ет, нан өнімдері, ауырсалмақты өнімдер мен контейнерлер; металдар мен металл өнімдері; егін; орман; үйілген; отқа төзімділер; көкөністер.

Көліктік классификация өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін, тасуға ұсынылған жүктің түрі мен жағдайына, оларды орау мен тиеп тасу тәсілдеріне байланысты құрылады. Көліктік классификацияда барлық жүктер үш топқа біріктірілген: құймалы, құрғақ жүктер және жанды жүктер. Әр топ ұқсас көліктік сипаттары мен тасымалдау шарттарына қарай бірнеше ішкі топтаға бөлінеді.

Сусымалы жүктер темір жол арқылы үйіп тасуға босатылады. Оларға қара бидай, бидай, сұлы, арпа, тары, қарақұмық, жүгері, үгілмеген күріш, мучка, вика, дән қалдықтары, кебек, комбикормдар жатады. . Басқа дәнді дақылдар, сонымен қатар ұн , жарма және калибрленген жүгері тұқымдары ыдыста көлікпен тасылады және ыдыспен –оралып тасылатын жүктердің шағын тобына жатады .

Үйілген жүктерге қатты отын, кен, минералды-құрылыс материалдары , ағаш материалдар және т.б. жатады . Үйілген жүктерді тасуда орын есепке алынбайды. Үйілген жүктер атмосфера ағынынан және тозаңданудан қорғауды талап етпейтін жүктер ( қатты отын , кен , кірпіш , орман және т . б .), атмосфералық ағынның әсерінен бұзылатын, ластанатын, тозаңдануға душар болатын жүктер ( цемент әк тас , тұз, минералды тыңайтқыштар және т.б.) болып бөлінеді. Бірінші топтағы жүктерді ашық жылжымалы құрам арқылы тасиды, ал екінші тобын жабық кузовтарда тасиды.

Ыдыспен қатталған және даналап тасылатын жүктерді, құймалы және басқа да жүктердің кең номенклатурасын тасуға контейнерлер пайдаланылады.

Ыдыспен қатталған және даналап тасылатын жүктердің кең спектріне өнеркәсіп өнімдері мен халық тұтынатын өнімдер тізімін енгізуге болады. Бұл жүктер жеке жүк орындарының конфигурасиясының әртүрлілігімен, олардың көлемдік салмақтық сипаттарымен, ыдыс және орау типтерімен ерекшеленеді.

Ыдыспен қатталған және даналап тасылатын жүктер көлемдік салмақтық сипатына қарай төрт топқа бөлінеді. Бірінші топты 500 кг-нан кем емес жеке орынды алатын жүктер тобы құрайды. Бірінші топтағы жүктер жабық вагондар арқылы тасылады. Екінші, үшінші және төртінші топқа жататын ыдыспен қатталған және даналап тасылатын жүктер ашық жылжымалы құраммен тасымалданады. Құйып тасылатын жүктерге цистерналарға құйылып тасылатын сұйық жүктер жатады. Жанды жүктерге жататындар: ірі қара және ұсақ малдар, шошқалар, жылқылар, түйелер, жабайы аңдар, әртүрлі құстар, тірі балық және балық салатын материалдар, шаян мен аралар.

Өзіндік қасиеттері мен көлікпен қамтамасыз ету шарттарына сәйкес барлық жүктерді 11 топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа тез бұзылатын жүктер, яғни қоршаған ортадағы жоғары немесе төмен температуралар әсерінен қорғауды талап ететін жүктер жатқызылады. Оларға егін шаруашылығы, бақша өнімдері, бағбан өнімдері, мал шаруашылығының, құс шаруашылығының және балық өнеркәсібінің өнімдері кіреді. Бұл жүктерде салмағын жоғалтуға, түсін өзгертіге, күрделі органикалық заттардың төмендеуі мен гидролизіне әкеліп соқтыратын процессер белсенді жүреді.

Екінші топ жүктерінің ерекшелігі гигроскопия болып табылады, яғни ол дегеніміз ауадағы бос ылғалды өзіне сіңдіре білу қабілеті бар деген сөз. Кейбір жүктердің ылғалды өзіне сіңдіруі олардың салмағының, көлемінің, физика-химиялық қасиетінің өзгеруіне әкеліп, осылайша тікелей шығынға немесе жүктің бұзылуына әкеліп соқтырады. Гигроскопиялық жүктерге жататындар: тұз, қант, цемент, мақта және т.б..



- Үшінші топқа бөтен иісті тез қабылдайтын жүктер жатады, олар өнімнің бұзылуына әкеледі. Ондай жүктерге, ұсақталған өнімдер, шай, қант өнімдері, т.б. жатады.

- Өзіндік иісі бар жүктер төртінші топқа жатқызылады. Оларды басқа жүктермен бірге тасымалдау мен сақтау басқа жүктердің бұзылуына әкеледі. Өзіндік иісі бар жүктерге балық өнімдері, тері шикізаттары, темекі өнімдері, мұнай өнімдері және т.б. жатады.

- Бесінші топқа тасымалдау мен сақтау процесінде өзінің физика-химиялық қасиеттерін тұрақты сақтайтын, көрнекті өзгеріске ұшырамайтын жүктерді жатқызады. Оларға минералды-құрылыс материалдарын, қара және түсті метал рудаларын, тас көмірін, орман материалдарын және т.б. жатқызуға болады.

- Алтыншы топқа үйілген жүктер енеді, олар транспорттау кезінде қатып қалу немесе кейбір бөліктерінің бірігіп кету негізінен өзінің сусымалы қасиетін жоғалтады. Қатуға немесе бірігіп кетуге бейім жүктерге колчедан, түйіршіктелген күйінді , тас көмір , калий тұзы және т.б. жатады .

- Жетінші топты жатып қалған үйілген жүктер құрайды. Мұндай топтағы жүктерде ұзақ сақталу кәсерінен немесе жоғарғы қабаттарының қысымы нәтижесінде кішкентай бөлшектерінің жылжуы жоғалады. Ондай жүктерге цемент, , сазбалшық , фосфоритті ұн , шымтезек және т.б. жатады

- Қауіпті жүктер сегізінші топқа біріктірілген. Бұл жүктер жарылысқа, өртке, ауруға, адамдар мен хайуандардың улануы мен күйіп қалуына себепкер болуы мүмкін жүктер, сонымен қатар олар басқа жүктердің бұзылуы мен зақымдануына, жылжымалы құрам, құрылғылардға зиянын тигізуі мүмкін. Қауіпті жүктерге жататындар: жарылысты қоспаны құрау қабілеті бар заттар; қысылған және сұйылтылған газдар; өздігінен жанатын заттар; су әсерінен тұтанатын; жеңіл тұтанатын; улы; радиоактивті; әсері күшті улар; жарылғыш заттар мен сссолармен жабдықталған заттар.

- Тоғызыншы топты тасымалдау мен сақтау процесі кезінде біршама салмағын жоғалтатын жүктер құрайды. Ондай жүктерге көкөністер, бахча мәдениеті, ет өнімдері және т.б. жатады.

- Оныншы топқа тіршілік жатады.

- Машина жасау өнімдері он бірінші топқа біріктірілген.

- Кейбір жүктердің біршама бөлігін ашық жылжымалы құрамда тасуға рұқсат етілген. Негізінен бұлар атмосфералық тұнбалардың зиянды әсеріне ұшырамаған өнеркәсіп өнімдері, сонымен бірге сыртқы өлшеміне байланысты жабық вагондарға тиеуге болмайтын өнімдер. Ашық жылжымалы құрамда тасуға болатын жүктердің тізімі “Жүктерді тасу ережелерінде” келтірілген. Бұл жүктер негізгі қасиеттеріне, вагонға бекіту мен орналастыру тәсілдеріне қарай үш топқа бөлінеді.



- Бірінші топқа үйіп тасуға болатын төгілетін және кесек жүктер жатады. Оларға минерал- құрылыс материалдары, тас көмірі, кен және т.с.с. Бұл жүктер автомобильде қосымша бекітуді қажет етпейді, ал олардың тұрақтылығын автомобиль борттары қамтамасыз етеді

- Екінші топты даналап тасылатын жүктер құрайды. Оларға әртүрлі машиналар, станоктар, сымдар және т.б. жатады. Тиелген соң, бұл жүктер “Техникалық шарттарға” сәйкес бекітілуі қажет.

- Үшінші топқа штабельді жүктер жатады. Олар биіктігі бойынша бірнеше қатарға бір немесе бірнеше штабелмен автомобиль кузовына қарай қойылған формасы мен өлшемі біртектес заттар. Тиелген соң штабельдер байланып, “Техникалық шарттарға” сәйкес бекітілуі қажет.

Сақтау техникасы мен шарттарына қарай жүктің үш түрін бөліп көрсетуге болады:

- Бірінші топқа ылғал немесе температураның өзгеруі әсерінен бұзылуға бейім бағалы жүктерді жатқызады. Оларға жылдам бұзылатын жүктер, кеңінен қолданылатын өнеркәсіп пен азық-түлік өнімдері , т.б. жатады. Бірінші топтағы жүктерді жабық ортада сақтау керек.

- Екінші топты температура ауытқуына тәуелсіз, бірақ ылғалдан тез бұзылатын жүктер құрайды. Ондай жүктерге қағаз, металл, хлопок және т.б. жатады. Ондай жүктер жабық қоймаларда немесе жабық алаңдарда сақталады.

- Үшінші топқа сыртқы ортаның әсеріне төзімді және әлсіз ғана әсері бар жүктерді жатқызамыз. Бұл топтағы жүктер ашық алаңдарда сақталады. Оның құрамына тас көмір, контейнерлер, орман, минералды-құрылыс материалдары және т.б. кіреді. Бұл жүктердің толық тізімі “Жүк тасу ережелерінде” келтірілген.

- Көлікте тегін сақтау мерзіміне қарай жүктердің келесі топтары бар: сақтау ұзақтығы-6 сағат, 12 сағат, күн, екі, үш, бес және отыз күн сақталатын жүктер. Көрсетілген жүктердің толық тізімі “Жүк тасу ережелерінде” келтірілген.
2- тақырып. Жүктер мен көліктік құралдары

Автокөлік құралдарының түрлері және тиімділігі.Тасымалдау ұйымының басты мақсаты тиімді транспорт түрін таңдау және нақты шарттарға толық жауап беретін тасымалдау болып табылады.Автомобиль жұмысының технико-экономикалық көрсеткіштері тасымал ұйымының пайдалану ерекшеліктерімен анықталады, олар:

жуксыйымдылық,пайдаланылатын салмағы,жылдамдық мінездемелері,қозғалыс қауіпсіздігі,жанар май үнемділігі,ұзақғұмырлығы және сенімділік,қолдану жайлылығы,жөндеу мен күтуге икемділігі.Мамандырылған жылжымалы құрам деп-жүктің нақты бір түрін ғана тасымалдайтын немесе қосымша механизмдармен жабдықталған деген мағынаны білдіреді.Ол тасымалдаудың озіндік құнымен ғана емес автомомобильдің өнімділігімен де анықталады.Кейбір жағдайда мамандандырылған жылжымалы қурамды қолдану автотранспорттық ұжымдарда қосымша шығындармен байланысты болуы мүмкін.Бірақ, бұған қарамастан бұл экономикалық жағынан ешқандай қауіп төнгізбейді себебі көліктік процессте жоғары сапаны, жүкетрдің жақсы сақатлуын қаматмасыз етіп ауыл шаруашылық масштабында үнемді болып табылады. Салмағы жеңіл жуктерге арналған автокөлік типтері әлі қатты дами қойған жоқ.Автокөлік шығарушылардың қазіргі басты мақсаты озық конструкциялармен жабдықталған салмағы жеңіл автоколік турлерін коптеп шығару және дамыту.Қазіргі жұмыс істейтін нормалар бойынша, ортақ пайдалануға арналған жолдарда ТМД уақытындағы автоколік салмақ параметрлері келесі пунктердің ешқайсысынан аспауы керек: Озінің жеке салмағы мен жолға тусіретін салмағы, әр дөнгелектпен жеке-жеке берілетін білікті салмақ бойынша (мәндері кестеде келтірілген).Ортақ нақты салмақ бойынша А тобы үшін 520кН және Б тобы үшін 340кН.Қазіргі уақытта жүккөтергіштігі жоғары автомобильдерді кеңінен пайдалану іске асырылды,үш осьті Б тобының жүк автокөліктері КамАЗ және ЗИЛ-133 жеңілдікті жол жажамылғыларымен тасымалдайдыжолдармен тасымалдауға ,ал А тибінің МАЗ және КрАЗ қазіргі заманғы жол жамылғыларымен тасмалдайды.Автомобиль жүккөтергіштігін жоғарылатудың негізгі жолы: автомобильдер және автопоездардың тірек осьтер санын көбейту болып саналады.Тасымалдау ұйымының проблема шешімдері жылжымалы құрамның таңдалу мәселесін ғана емес ,техникалық құралдардың бір уақыттағы тиімді кешенін бірге қолданылуын қамтамасыз етеді.НИИАТ пен ойлап табылған негізгі құралдардың типтері транспорттық және контейнерлік жүйе үшін қажет болды. Әр түрлі жүктерді тасымалдау үшін мамандырылған жылжымалы құрамның келесі типтері көрсетіледі: Автомобильдер,Автопоездтар,автопоезд-цистерналар үйілген жүк тер үшін; Автомобильдер,Автопоездтар,автопоезд-цистерналар құылатын жүктер үшін ; Автопоездтар ұзын жүктер үшін;Автопоездтар Бөлінбейтін тұтас жүктер үшін ;





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет