Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


Білім беру ұйымынан тыс оқытудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет263/288
Дата16.12.2022
өлшемі4,54 Mb.
#162961
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   288
Байланысты:
ӘНХ

 
Білім беру ұйымынан тыс оқытудың ерекшеліктері
1.
Оқыту және түзету сабақтары денсаулық сақтау мекемелерінде ем 
алып/оңалтылып жатқан және білім беру мекемелерінен тыс жерде оқып жатқан 
балалар мен жасөспірімдерге, қазақ және орыс тілдерінде, мектепке дейінгі 
мекемелер және мектептерге арналған жалпы білім беру және арнайы білім беру 
бағдарламалары көлемінде қамтамасыз етіледі. 
2.
Сабақтар емдеуші дәрігердің қорытындысына сәйкес осы медициналық 
ұйымда 15 күннен артық емделуден немесе оңалтудан өтуі тиіс 1-11(12) сынып 
оқушыларымен өткізіледі.
3.
Білім алушыларды тиісті сыныпқа оқуға қабылдау олар оқитын 
мектептен анықтама негізінде жүзеге асырылады. 
4.
Оқу сабақтары балалар стационарға түскен сәттен басталады және 
баланың денсаулық жағдайына байланысты өткізіледі. 
5.
Сабақтың басталуын және науқас балаларды оқытуды ұйымдастыру 
түрін баланың денсаулық жағдайына байланысты емдеуші дәрігермен бірлесіп, 
стационарлық науқастың медициналық картасына тиісті жазбамен медициналық 
ұйым бөлімшесінің меңгерушісі айқындайды.
6.
Сабақтың ұзақтығы 35 минутты құрайды, сонымен қатар 1-сынып 
оқушылары үшін бірінші жартыжылдықтағы сабақ ұзақтығы – 25 минут. Аурудың 
ауырлығына байланысты науқас балалар орналасқан медициналық режимдердің 
әрқайсысы балалармен жұмысты жоспарлау кезінде белгілі бір педагогикалық 
бағытқа сәйкес келеді.
7.
Оқушыларды оқыту жалпы білім беретін мектептің және арнайы түзету 
ұйымының бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға 


349 
педагог-логопед, педагог-дефектолог, педагог-психолог көрсететін арнайы түзету 
көмегі көрсетіледі.
8.
Сабақтар оқушылармен топтық немесе жеке оқыту нысанында өткізіледі.
9.
Топтық сабақтар бір сыныптың 3-тен 15-ке дейінгі оқушылары болған 
кезде 
ұйымдастырылады. 
Сыныптардың 
жинақталуы 
бір 
сыныптағы
3 және одан да көп баланың санынан басталады. Бір сыныпта балалардың саны 3-
тен аз болса, сыныптар біріктірілуі мүмкін: 1-2-сыныптар, 3-4-сыныптар, 
5-6-7- сыныптар, 8-9-сыныптар және 10-11 (12) сыныптар.
10.
Педагогикалық ұжым балалардың денсаулық жағдайы туралы деректерді 
ескере отырып және медициналық ұйым басшысының келісімімен кесте бойынша 
оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Бір оқушыға күнделікті оқу жүктемесі 3-4, 
5 оқу сағатынан аспауы тиіс.
11.
Оқу жоспарларында бастауыш, негізгі және орта мектептердің жалпы 
білім берудің базалық компонентінің 80%-ын сақтау, сондай-ақ медициналық 
ұйымның ерекшелігін ескере отырып, оқу жоспарының сағаттарын 20%-ға дейін 
қайта бөлу көзделеді. 
12.
Медициналық ұйымдарда емделіп жатқан оқушылардың оқу 
сабақтарына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес аптасына оқу сағаттарының саны 
бөлінеді. Бұл ретте, сағат саны сараланған тәсілді ескере отырып айқындалады 
және инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес келеді. Сағаттарды пәндер 
арасында қайта бөлуге және мектептегі жеке сабақтарға қатысуға жол беріледі. 
13.
Медициналық ұйымның бөлімшелерінде емдік дене шынықтыру (ЕДШ) 
және музыкалық терапия сабақтары жүргізілген жағдайларда мектепте музыка 
және дене шынықтыру сабақтары жүргізілмеуі мүмкін. 
14.
Еңбек және кәсіптік оқыту білім алушылардың денсаулық жағдайына 
қарай айқындалады және мынадай бейіндер: ағаш ұстасы, тігін бағыты, шаштараз 
өнері, сәндік-қолданбалы өнер негізінде жүзеге асырылады. 
15.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту стационарларында 
(бөлімшелерінде) «Информатика», «Бейнелеу өнері» және «Технология» бойынша 
сағаттар саны артып келеді. Бұл пәндерді қосымша зерделеу қажеттілігі болашақта 
кәсіптік бағдар беру мақсатында ақпараттық технологиялар мен еңбек дағдыларын 
игеру қажеттілігіне байланысты. Бұл пәндер пластикалық массалармен, қолдың 
ұсақ моторикасын дамыта отырып, көркемдік жұмыстардың басқа түрлерімен 
кеңейтілген түрде жүргізіледі. 
16.
Қажет болған жағдайда түзету көмегі медициналық ұйымның 
психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде белгіленген тәртіппен 
көрсетіледі.
17.
Сөйлеу тілінің дамуы мен түзетілуін логопедия сабағының орнын 
толтыратын медициналық ұйымдардың бөлімшелерінде қазақ және орыс тілдері 
мен әдебиеті үшін бөлінген сағаттар 1 сағатқа қысқартылып, басқа пәннің 
сағаттарын жүргізу үшін қайта бөлінуі мүмкін.
18.
Туберкулезге қарсы диспансерлік мектептерде балалар оқу жылының 
басынан бастап және диспансерге түсуіне қарай қабылданады. Бұл мектептерде 
ауысу емтихандары өткізілмейді. Сынып пен топтағы оқушылар саны 20 баладан 
аспайды, оқыту толық сауыққанға дейін (туберкулезге қарсы диспансерді есептен 
шығарғанға дейін) оқу жартыжылдығынан кем емес мерзімде жүргізіледі. 


350 
Балалардың болу мерзімі медициналық көрсеткіштер бойынша 5-10 айға 
ұзартылуы мүмкін және оны Комиссия қарайды. Сабақтың ұзақтығы 1-5-
сыныптарда – 35 минут, 6-11- сыныптарда – 40 минут. 
19.
Медициналық ұйымның психо-неврологиялық бөлімшелерінде бастапқы 
және қайталама бұзылуларды жеңуге, психикалық функцияларды дамытуға, 
балалар мен жасөспірімдердің оңалтуына, әлеуметтік-еңбекке бейімделуіне және 
қоғамға интеграциялануына ықпал ететін компенсаторлық дағдыларды 
қалыптастыруға бағытталған түзету-дамытушылық оқыту жүзеге асырылады. 
Әлеуметтік-психологиялық бейімделу мақсатында жеке түзету-дамыту сабақтары 
өткізілген жағдайда кейбір пәндер қысқартылуы мүмкін. 
20.
Мұғалімдер мен басқа да педагогтердің штат бірліктерімен мектеп құру 
мүмкін болмайтын медициналық ұйымдарда білім беруді басқарудың жергілікті 
органдары пациенттермен сабақ өткізу үшін жақын жердегі мектептердің пән 
мұғалімдерінің келуін ұйымдастырады. 
21.
Медициналық ұйымдардағы мектептер құрамы бойынша оқушылар 
контингентінің әркелкілігіне байланысты жиынтық жұмыстар жүргізілмейді.
22.
Сабақтарды есепке алу үшін оқушылармен сынып журналы жүргізіледі, 
онда оқытуды жүзеге асыратын мұғалімдер түскен оқушылар туралы 
мәліметтерді: тегі, аты және әкесінің аты, туған жылы, мектеп және сынып нөмірі, 
медициналық ұйымға түскен күні, сабақтың басталуы мен аяқталуы, өткізілген 
сағат санын жазады. Оқу материалын өту жазбасын және оқушылардың білімін 
есепке алуды мұғалім сынып журналын жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес 
ресімдейді.
23.
Медициналық ұйымдарда оқитын оқушылар контингенті олар тұрақты 
оқитын мектептердің статистикалық есептерінде ескеріледі. 
24.
Медициналық ұйымнан шығару кезінде оқушыларға әрбір оқу пәні 
бойынша ағымдағы немесе тоқсандық бағалары бар, оқу ісінің меңгерушісі/бөлім 
меңгерушісі қол қойған, осы ұйымда оқытуды ұйымдастыру жүктелген жалпы 
білім беретін мектептің мөрімен расталған оқу туралы анықтама беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет