Қазақстан республикасының орта



бет58/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

«Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

  • көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;

  • әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;

  • көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау;

  • шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

«Анализ және интерпретация» бойынша:

жазу.


«Бағалау және салыстыру» бойынша:

баға беру;

    • шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;

    • әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту.

«Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді. Бұл пән әдеби шығармаларды оқытып қана қоймай, танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға да негізделген. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес пәннің мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемі анықталған. Әр сыныпта оқытылатын шығармаларды таңдау кезінде қазіргі замандағы баланың жас ерекшелігімен қатар танымдық ерекшеліктері де ескерілген.
Көркем шығармаларды толық оқу міндеттеледі. Сол арқылы оқушыға автордың идеясын толық түсінуіне, шығарманы жан-жақты талдай алу

қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік беріледі. Көркем шығарманы саналы түрде түсініп, талдап, зерттеп, кейіпкерлерді салыстырып, олардың әрекетіне баға беріп, сол шығармалар арқылы оқырмандық сауаттылығын қалыптастыру көзделеді.
Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тізімге сай жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет