«Өзін-өзі тану» оқу пәні
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: тұлғаның құндылықтар жүйесін, қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау; оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру; жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде дамыта отырып, әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.
5-9-сыныптардағы «Өзін-өзі тану» базалық мазмұны төрт тарауды қамтиды: «Таным қуанышы»; «Адам болам десеңіз ...»; «Адам және әлем»;
«Адамзаттың рухани тәжірибесі».
6-сыныпта II «Адам бол» бөлімнің 9-10 тақырыбы «Басқа адамды сезін» деген атаумен берілген.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-9-сыныптарда аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағатты құрайды.
Оқушылардың білімін бағалау. Рухани-адамгершілік білім берудің ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «сынақ» қойылады. Егер оқушы негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Өзін-өзі тану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген дайындық деңгейіне қойылатын барлық талаптарды орындап, жоба күнделігін әзірлесе, оқушыға «сынақ» қойылады.
«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
«Технология және өнер» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады: «Музыка» – 5-6-сыныптар, «Көркем еңбек» – 5-9-сыныптар.
Достарыңызбен бөлісу: |