95
дағды проблемасы
Білім алушыны оқыту мен әлеуметтендіру арасындағы байланыс
жоқтығының проблемасы.
Төмендегі таблицада кескін картамен жұмыс үшін берілетін тапсырмалардың
мысалдары келтірілген. Сол жақ бағанда Қазақстан тарихы бойынша кескін
карталардағы дәстүрлі тапсырмалар көрсетілген. Бұл тапсырмалар білім
алушыға атластан кескін картаға механикалық түрде көшіруді ұсынады. Оң
жақта, мақсаты талдау, салыстыру, синтез сынды ойлау операциясы арқасында
өз бетінше ақпарат алу болып табылатын, кескін карта тапсырмасының
түрлендірілген нұсқасы берілген. Жұмыстың қорытындысы ақпараттағы
қайшылыққа дербес жетіп, сол қайшылықты түсіндіріп беруге талаптану болып
табылады
«Кескін картамен жұмыс үшін берілетін тапсырмалардың мысалдары»
Репродуктивті деңгей (ақпаратты
айту)
Продуктивті деңгей (талдау, салыстыру, синтез сынды ойлау
операциясы арқасында өз бетінше ақпарат алу)
1. Кейінгі ортағасырлық
Қазақстандағы жер өңдеудің
негізгі аудандарын көрсетіңдер;
2. Қазақ хандығының
астаналарын жазыңдар;
3. Қазақстан аумағындағы
ортағасырлық сәулет
ескерткіштері ауданын
белгілеңдер;
4. Қазақ хандығының XV
ғасырдағы және XVI ғасырдың
басындағы шекарасын
көрсетіңдер.
1. Қазақстандағы жер өңдеуге неғұрлым қолайлы
аумақтарды бөліп көрсетіңдер (табиғи қолайлы аумақтар
мен қолдан жасалған жағдайлы аумақтарды түс (бояу)
көмегімен
бөліп көрсет
);
2. Қазақстанның аумағын жер өңдеумен шұғылдануға
қолайлы және қолайлы емес аймақтарға
бөліп көрсетіңдер
(бұлай бөлуді көрсету үшін көмектесетін шартты белгілер
ойлап тап);
3. Оңтүстік Қазақстан жерінде жер өңдеумен шұғылдануға
неғұрлым қолайлы аудандарды көрсетіңдер; Өз
таңдауларыңды негіздеңдер;
4. Картада Қазақ хандығы мемлекетінің
ХV ғасырдағы және XVI ғасырдың басындағы аумағын
көрсетіңдер. Қазақ хандарының неліктен Сырдария өңіріне
биліктерін бекітуге ұмтылғанын анықтаңдар. Сырдария
өңірін билеу құқығы үшін ХV ғасырда және XVI ғасырдың
басында қандай династиялар әскери қақтығысқа түсті?
Осындай тәсіл қолданғанда білім алушы пән туралы білім алып қана
қоймай, оны алу және пайдалануға да үйренеді. Тарих сабақтарын карта, схема,
таблицаларды оқу алгоритмін өңдеу көмегімен пән туралы білімдерін
тереңдетуде түсіну, талдау және пайдаланумен араластыра отырып жүргізу
қажет.
Критерийлер пәндік икемділік пен дағдылардан басқа жалпы білім беру
икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыруға да мүмкіндік береді.
Критерийлерде 5 балл болады (дәстүрлі мектептік баға шкаласы). Бір критерий
бір баллға сәйкесСондай-ақ мұғалімнің кескін картасындағы жұмысты
бағалайтын дәл критерийлер мен картадағы шартты ақпаратты мәтіндік
ақпаратқа түрлендіру критерийлеріне назар аудару маңызды.
.
Достарыңызбен бөлісу: