89
туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар
мен гипотезаларды жинақтайды;
6) түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық,
демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) түрлі
факторлардың ықпал ету дәрежесін; отан тарихына ықпалы контексінде тарихи
тұлғалардың қызметін; Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет
дамуына қосқан үлесін; тарихи мәліметтердің шынайылығын; Қазақстан
тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері
бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.[24]
2) «Дүниежүзі тарихы».
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің мазмұны адамзаттық өркениеттің
этногенез, политогенез, культурогенез негізгі мәселелері бойынша білімді
қалыптастыруға бағытталған.
Осы курс білім алушылардың әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін
оның бірлігі мен әртүрлілігін тереңдетіп түсінуге бағдарланған.
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы
оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу,
қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды
қарастырады.[36]
Аталған оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды ұлттық
және жалпыадамзаттық құндылықтарға тартумен жасалады;
3) «Құқық негіздері».
«Құқық негіздері» оқу пәнінің мазмұны құқықтық сауаттылықты
қалыптастыруға,
демократиялық
құқықтық
қоғам
идеалдары
мен
құндылықтарын түсінуге бағытталған.
Пән мазмұны білім алушыларға түрлі құқық салаларының ерекшеліктері
мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді.
«Құқық негіздері» құқық нормалары, заңдар мен нормативтік құқықтық
актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, жүйелеу,
қорытындылау, талдау үшін қажетті құқықтық ойлау дағдысын дамытуды
қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық қызметі құқықтық
сауаттылықты,
құқықтық
сана-сезім
құндылықтарын
қалыптастыруға
негізделген.[27.28]
Достарыңызбен бөлісу: