107
2.
Профилактикалық (ағарту) дамудағы
ауытқу мен қиындықтарды
ескерту.
3.
Дамыту даму маңызын қолайлы ету және жағдай жасау.
Коррекциялық дамыту іс әрекетіне мақсат пен міндеттерді анықтауда
бүгінгі күннің өзекті мәселесімен шектелуге болмайды, «
таяудағы даму
аймағын» ескеру қажет.
2. Диагностика мен коррекция бірлігі ұстанымы.
Тапсырыс берушіге психологиялық көмек көрсету тәжірибелі психолог
маман іс әрекетінің негізгі түрі ретінде процестің біртұтастығын көрсетеді.
Коррекция жұмысының тиімділігін 90% анықтау қаншалықты терең, мұқият
зерттелуіне байланысты коррекциялық жұмыстарды жүзеге асырудың
бастамасын диагностикалық зерттеулер алуы тиіс,
соның негізінде алғашқы
қорытынды жасалып, коррекциялық дамыту жұмысының мақсаты мен
міндеттері қарастырылады. Коррекциялық дамыту іс-әрекетін жүзеге
асыруда, жеке тұлғадағы өзгеріс динамикасын, мінез-құлқын, іс-әрекетін,
эмоционалды жағдайын, оның түзету жұмысы барысындағы сезімдері мен
мазасыздықтарын ұдайы бақылауды қажет етеді. Бағдарлама міндеттері
тапсырыс берушіге психологиялық әсер ететін әдістер мен тәсілдерге дер кезінде
өзгертуге толықтыруға мүмкіндік береді.
3. Каузальды тип түзетудің артық шылық ұстанымы: ең сәтті жүргізілген
синтомдық жұмыстың өзі клиенттің бастан өткізген қиындығын соңына дейін
шешіп бере алмайды. Түзету іс-шараларын, артықшылығы дамудығы қиындық
себептері мен ауытқуды анықтау және жою болып табылады.
4. Коррекцияның іс әрекеттік ұстанымы: іс әрекеттің қалыптасу негізі А.Н
Леонтев, Д.Б Эльконин еңбектеріндегі баланың
психикалық дамуы теориясы
болып табылады. Коррекциялық жұмыстың жүргізілуі әдістердің қолданылу
жолдары мен қойылған мақсаты анықтайды. Коррекциялық дамыту әсерінің
басты тәсілі клиентте белсенді іс әрекетін ұйымдастыру оның жүзеге асыру
барысында ауыр, әрі даулы жағдайларды бағдарлау үшін түрлі жағдайлар
жасалады, негіз етіп тұлғаның жағымды дамуы қарастырылады.
5. Клиенттің жас кезеңі, психологиялық және дара еркшеліктерін есепке
алу ұстанымы: Клиенттің жеке ерекшелігін нақты есепке алу,
әрбір дамудың
қолайлы бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
6. Психологиялық әсер етудің кешенді әдістер ұстанымы: Тәжірибелі
психологияның әдістерінің барлық деңгейде, тәсілдері мен техниканы қолдану
қажеттілігін білдіреді. Бірде бір техника немесе әдістеме бір ғана теорияның
меншігі емес. Бұл әдістер әр түрлі мәселелері бар тапсырыс берушіге тиімді
психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
7. Коррекциялық бағдарламада таяудағы әлеуметтік ортаны белсенді
қатыстыру ұстанымы: Бала әлеуметтік ортадан тыс, өзге адамдармен қарым
қатынасқа түспей өз алдына бөлек дамуда тежелу байқалады. Ол әлеуметтік
қатынаста, тұтас жүйеде, бөлінбейтін бірлікте дамиды.
8. Психикалық процестерді түрлі деңгейде ұйымдастыру тірегі
ұстанымы: нақты дамыған психикалық процестерге сүйену,
оларды белсенді
108
ететін әдістерді қолдану. Тапсырыс берушінің ішкі күшін ( ресурсын) анықтауға
негіз болады.
9. Күрделендіру ұстанымы: әр бір топ ең төменгі қарапайымнан, ең
жоғарғы күрделіге келесі кезеңдерден өту керек. Материалды қағаз жүзіндегі
күрделілік, оның психоголиялық қиындығына әркез сәйкес келе бермейді.
Материалдық эмоционалды күрделілігін есепке алу. Коррекция жұмысына
ұсынылатын материал немесе ой жаттығулар жағымды эмоционалды әсер
қалдыру
қажет.
Коррекция
жұмысының
құрылым
бағдарламасы
психололгиялық дәлелді болу шарт. Коррекция жұмысының сәттілігі ең алдымен
диагностикалық нәтиженің шынайы, дұрыс, обьективті кешенді бағалауына
байланысты болады.
10. «Жоғарыдан төмен » коррекциялық ұстанымы: Л.С.Выготский ұсынған
коррекция жұмысының бағыттылығын ашады. Психолог назарында коррекция іс
әрекетінің негізгі мазмұны, клиенттің ертеңгі келешек дамуы, таяудағы даму
аумағын құрудан тұрады.
11.
«Төменнен
жоғарыға»
коррекциялық
ұстанымы: коррекция
жұмысының жаттығу мен дағдының қарастырылуында. Коррекция жұмысының
басты міндеті мінез құлықтың қажетті моделін жасап, оны тез арада бекіту.
Коррекция жаттығулары жекелік және топтық деңгейде қарастырылады.
Алдымен тәжірибелік психолог маман индивидті жеке қабылдаған жөн, себебі
жеке және дара ерекшелігімен этностық , әлеуметтік, мәдени көзқарасын
анықтау мен ескеру жұмыстары жүргізіледі. Жеке пікірін байқағаннан кейін,
қосымша пікірлер қажеттілігін сезінгенде топтық жұмыстарға қосатын болады.
Танымдық процестерге психокоррекциялық жаттығулар.
Психокоррекциялық жұмыстың ойын жаттығулары арқылы берілуі: мінез-
құлықтың реттелмеуі, бала қобалжуы, қорқуы мен қарым-қатынас бұзылуында
қолданылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын еркін әдіс ретінде қолданылады.
Ойын жаттығулары бағыттау, қайта құру және бекітуге арналады. Ойын үстінде
баланы асықтырудың қажеті жоқ, бірақ белсенділігін байқатқанда мадақтап
отыру шарт.
Бала-бақшада аффектілі:
шектен тыс өкпелегіш, жағымсыз тұйық,
эхмоциясы тұрақсыз балалар кездеседі. Олармен олйынның төрт түрі: сюжетті
ролді, ереже бойынша ойын, бейнелі-ролдік ойын, және режиссерлік ойындар
қарастырылады. Олар мектепке дайындық төңірегінде шоғырланған. Осы
тақырып бойынша зор ғылыми тәжірибелік жұмыстар жүргізген (Л.А. Венгер,
Л.М. Безруких, А.С. Смирнова, В.В. Холмовская, т.б.). психологтардың назарын
таза психологиялық мәселелерге аударған жөн. Психикалық процестерді
дамытуды жетілдіре отырып мінез-құлықты басқару, алдын алу, анықтау,
сондай-ақ психолог баланың жеке бас дамуына маңызды үлес қосып, мектепте
табысты оқуға дайындық жасауға ықпал етеді.
Бала психикасының дамуына орта көп қырлы әсер етеді. Мектепке
дейінгі
баланың жекелілігінің қалыптасуы топтағы эмоционалдық-психологиялық
ахуалдың жағымды болу шартында ғана толыққанды болады.
Шынайы
өмірде
мектепке
дейінгі
балаларда
құрдастарының
ортасында
Достарыңызбен бөлісу: