Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет46/77
Дата01.02.2023
өлшемі3,26 Mb.
#167072
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77
Байланысты:
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

 
Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту: 
Оқу процесінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін 
қолдану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік 
береді. 
Педагогикалық ойын технологияларың басты элементтері – ойын алдында 
білім алушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі 
педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын 
ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Білім 
алушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған 
ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, 
әртүрлі өнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өзіндік 
іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік 
беріледі.
 
Бұл сипатта үлгерімі төмен білім алушылармен жеке тұлғаға бағытталған 
білім беруді күшейту интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы мүмкін 
болады, олар әр түрлі комбинацияларда білім беру процесіне барлық 
қатысушылардың ынтымақтастығы үшін алғышарттар жасайды, өзара қарым-
қатынаста авторитаризмге жол бермейді. Диалогтік және рефлексивті 
технологияларды қолдану білім алушылардың жобалық және зерттеу қызметін 
ұйымдастырумен үйлеседі. Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық 
инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет әдістерімен 
белсенді алмасуды қамтитын нақты шығармашылық процесте білім 
алушылардың қарым-қатынас моделіне айналдырады. 


101 
3.
 
ҮЛГЕРІМІ 
ТӨМЕН 
БІЛІМ 
АЛУШЫЛАРМЕН 
ТҮЗЕТУ 
ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ 
 
Мектептегі үлгермеушілік проблемасының теориясы мен практикасын талдау 
білім алушылардың танымдық функцияларының әлсіз дамуы мен педагог 
тарапынан оларға тиісті сараланған психологиялық-педагогикалық көзқарастың 
болмауы арасында объективті қалыптасқан қайшылықтарды анықтауға 
мүмкіндік береді;
Үлгермеушіліктің алдын алу жөніндегі жұмыс жүйесі нақты мақсатқа - білім 
алушыларда ЖББМС талаптарына сай келетін білім деңгейін қалыптастыруға 
нақты бағытталған. Осы мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін жүйенің 
ерекшелігі үш құрамдас бөліктің синтезі болып табылады: мектепке дейінгі 
даму, мектепте оқыту және әлеуметтік-тұрмыстық орта. Компоненттер арасында 
себеп-салдарлық байланыстар байқалады. 
Білім алушылардың үлгермеуінің әртүрлі сипатын ескере отырып, алдын алу 
жолдары таңдалады. 
Білім алушылардың үлгермеуінің әртүрлі сипатын ескере отырып, алдын алу 
жолдары таңдалады. 
1. Білім алушылардың үлгермеуінің алдын алудың психологиялық шарттары 
- Мұғалімнің кіші жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін білуі және есепке 
алуы, 
-білім алушылардың жүйке жүйесінің жеке-типологиялық ерекшеліктерін білу 
және есепке алу 
- әр түрлі жыныстағы білім алушылардың ақыл-ой белсенділігі, білім 
алушылардың жетекші қызметін есепке алу, жеткіліксіз дамыған психологиялық 
процестерді түзету. 
- оқу тобында игілікті атмосфера құру және білім алушылардың тұлғааралық 
қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру 
- 6-9 жас аралығындағы жас балалардың мектептегі алаңдаушылығын 
төмендетуге ықпал ету. 
- білім алушылардың оң оқу мотивациясын және өзін-өзі бағалауды 
қалыптастыру. 
2. Үлгермеушіліктің алдын алудың педагогикалық шарттары: 
- педагогтардың өздігінен білім алуы және өзін-өзі дамытуы ; - ата-аналарды 
ынтымақтастыққа тарту, педагогтің білім алушылардың денсаулық жағдайын 
білуі және есепке алуы, 
-мектеп мамандарының (сынып жетекшісінің, әлеуметтік педагогтың, 
дәрігердің, психологтың, логопедтің, пән мұғалімдерінің) көмегін тарту;, 

мұғалімнің 
білім 
алушылардың 
білімдеріндегі, 
біліктері 
мен 
дағдыларындағы жеке олқылықтарды білуі және есепке алуы, 
- жалпы білім беру біліктері мен дағдыларын қалыптастыру 
- оқу пәндерін оқу ерекшеліктеріне байланысты қиындықтарды және 
үлгермеушілік белгілерін білу және есепке алу, 
- оқудағы қиындықтардың туындау себебі негізінде білім алушыларды жіктеу. 


102 
Үлгермеушіліктің алдын-алу үшін бұрын анықталған психологиялық-
педагогикалық жағдайларды сәтті жүзеге асыру білім алушылардың 
үлгермеуінің алдын алатын оқу ортасын құруға әкеледі, нәтижесінде олардың 
үлгерімі қалыпқа келеді. 
Осылайша, мектептегі үлгермеушілік-бұл мінез-құлық пен оқу нәтижелері 
мектептің тәрбиелік және дидактикалық талаптарына сәйкес келмейтін жағдай. 
Ол сыртқы (оқу талаптарына сәйкес келмеуі, білім алушының мүмкіндіктері мен 
оқу 
талаптары 
арасындағы 
қайшылықтар) 
және 
ішкі 
(баланың 
сихофизиологиялық, жеке ерекшеліктері; қоршаған ортаның ерекшеліктері) 
өлшемдермен анықталады, сондай-ақ білім алушының оқу іс-әрекетінің 
тиімсіздігін көрсетеді және білімді игерудің төмен деңгейі ретінде түсініледі. 
Мектептегі үлгермеушіліктің алдын алу және түзету жолдары сыртқы және 
ішкі критерийлер бойынша, үлгермеушіліктің табиғатын ескере отырып және 
басқа мамандармен тығыз ынтымақтастықта құрылады. 
Мектеп психологы үлгерімі төмен білім алушылармен коррекциялық жұмыс 
жасау 
кезінде 
келесідей 
ерекшеліктерді 
есепке 
алуы 
қажет.
1.
Аты – жөні _________________________________________ 
2.
_ Білім беру мекемесі
3.
Сыныбы _______________________
4.
Маман ойы _______________________
5.
Оқушының күшті жақтары _______________________
6.
Оқушының әлсіз жақтары _______________________
7.
Коррекциялық жұмыстың өту кезеңі _______________________
8.
Коррекциялық жұмыс кезіндегі өзгерістер
Коррекциялық дамытушы сабақтар бағдарламасын төмендегідей жасауға 
болады. 
1. Өзектілігі 
2. Нақты сабақтың жоспары 
3. Осы тақырыптың мақсат, міндеттері 
4. Коррекциялық жұмысты жүргізуші 
5. Коррекциялық жұмыста алынған қорытындылар 
Коррекциялық бағыт 
Міндет: коррекциялық іс-шаралардың көмегімен психикалық үдерістерді 
қалыптандыру. 
Бағдарламалық 
іс-
шаралар 
Өткізу 
мерзімдері 
Жауаптылар 
Қызмет түрлері 
Болжанаты
н нәтиже 
Оқушылармен 
дербес-коррекциялық 
жұмыс 
(психодиагностика 
Жүгінуіне 
қарай 
Мектеп 
психологы 
Коррекциялық 
сабақ 
бағдарламасын 
жасау 
Оқушылыр
адың 
психикалы
қ 


103 
және 
педагогтар 
сұрауларының 
нәтижелері бойынша) 
денсаулығ
ын 
қалыптанд
ыру 
Оқушылармен топтық 
коррекциялық жұмыс, 
ПМПК-да кеңес беру 
Жүгінуіне 
қарай 
Мектеп 
психологы 
Коррекциялық 
сабақ 
бағдарламасын 
жасау 
Оқушылыр
адың 
психикалы
қ 
денсаулығ
ын 
қалыптанд
ыру 
Мінез-құлқында 
проблемалары 
бар 
кіші 
буын 
оқушыларымен 
тренингтік 
сабақтарды 
әзірлеу 
және мақұлдау 
Желтоқсан– 
қаңтар 
Мектеп 
психологы, 
әлеуметтік 
педагог 
Әдебиеттерді 
талдау, 
тренингтік 
сабақтар 
бағдарламасын 
жасау 
Әдістемелі
к база құру 
Ойын 
терапиясы 
бойынша 
оқушылармен 
жекелей 
сабақтар 
өткізу 
Жүгінуіне 
қарай 
Мектеп 
психологы 
Сабақтар жүргізу 
үшін 
материалдық 
база жасақтау 
Оқушылар
дың 
психология
лық 
денсаулығ
ын 
жақсарту 
Психокоррекция – бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне 
психологиялық әсер ету болып табылады. Жеке бас дамуына әсер ету жас және 
дара психологиялық ерекшеліктеріне (танымдық, эмоционалды-еріктік, қалыпты 
мінез-құлық және қасиеттеріне ) қарай жүретін қалыпты процес.
Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері
Тәжірибелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен 
алынған нәтижені негізге ала отырып, жеке бас дамуын қалыптастыруға 
коррекциялық жаттығулар қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін 
талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру 
болып табылады. 
Психокоррекциялық жұмыста «коррекция» терминінің кең қолданымға 
енуі ХХ ғасырдың 70 жылдарынан басталды. Тура аудармасы «исправление - 
түзету» деген мағынаны береді. Психолог жеке тұлғпның мінез-құлқы мен 
сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама 
құрылымы психологиялық және педагогикалық екі бөлімде қарастырылады. 
1. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жоспарын жасап, оны 
жүзеге асырады. 


104 
2. Ал педагогикалық бөлімінде психолог басқа мамандармен – мұғалім, 
тәрбиеші және ата-анамен біріге отырып, психологиялық ұсыныстар 
құрастырады. 
Р.С.Немовтың пікірінше, «психокоррекция» ерекшелігі – психикасы сау 
адамның мінез-құлқын реттеуге әсер ету және оның жетіспейтін тұстарын 
жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.

Психокоррекцияның 
басқа 
бағыттардан 
ерекшелігіне 
сипаттама: психикасы сау адамдарда біріншіден күнделікті өмірде 
шешілмеген мәселелері болады, психологиялық қиындықты сезетін 
ашуланып, оған шағым жасайтындар, ал екіншіден өзін жақсы сезінетін, 
сондай-ақ жеке бас дамуын талпыныста ұстап, өзгеруге дайындық 
деңгейдегі индивидтерге жүргізіледі;

мінез-құлқындағы ерекшелікке коррекциялық жұмыстар 
жүргізерде, психикалық саулығы міндетті түрде ескеріледі;

психокоррекция жұмыстар жүргізілуі жеке тұлғада нақты 
шамада бүгін және ертеңге бағытталады;

орта мерзімде көмек беруге бағытталады (психологиялық 
көмек индивидті қабылдау 15-реттен аспайды);

психологтың жұмыс жоспары индивидтің құндылық қорына 
негізделе құрылады;

әсер ету деңгейі индивидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлық 
өзгеруіне бағытталады.
Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты – баладағы психикалық даму 
заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктестікте жүргізілетін белсенді 
әрекет түрі. 
Психокоррекциялық мақсат 3 бағытқа негізделеді: 
1. Әлеуметтік даму жағын ықшамдау; 
2. Балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту; 
Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру; 
Психокоррекцияның негізгі міндеттері: 
Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-
құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субьектінің мәдени және жас ерекшелігі 
ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады. 
Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау 
мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.
Психокоррекциялық бағдарлама құрудың түрлері: 
- коррекцияның жалпы моделі сабақ жүктемесін құрастыруда баланың 
жеке бас дамуы жағдайы, қоршаған орта мен адамдар арасындағы жүйелі 
қатынастары ескеріле отырып, ықшамдап күнге, аптаға және айға бөліп 
қарастырады. 
- коррекцияның типтік моделі тәжірибеге негіз етіп, түрлі жетекші іс-
әрекет (ойын, оқу және еңбек) қимылын ұйымдастыру. 


105 
- коррекцияның жеке моделі баланың жеке психикалық дамуын, 
қызығушылығын, білімін және мәселелерінің түрлерін белгілеу. 
- стандартты бағдарламада: қажетті құрал-жабдықтар, қатысушыларға 
қойылатын талаптар мен кезеңдерге бөлінген жоспар. 
- еркін бағдарламада: психолог психокоррекциялық мақсат, міндеттерді 
еркін жоспарлайды және кезеңдерге өз қалауынша бөле алады. 
Психокоррекциялық жұмыста әсер ету деңгейі психологтың кәсіби 
біліктілігі мен құзыреттілігіне байланысты: 
Теориялық жағынан (баланың психикалық даму заңдылығы мен жас 
кезеңдерін, оқыту мен тәрбие мәселесіндегі қатынасты, жеке және 
шығармашылық қабілетті білуі ) дамуы, арнайы әдістерді ( бір әдістің немесе 
ықпалдың мүмкіндіктерін ) және жағдайларды білуі және дайындығы жатады. 
Тәжірибелік жағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялық әдістер мен 
әдістемелерді қолдануды меңгеруі, қызметіндегі құпияларды сақтай білуі мен 
сенімділігі. 
Жеке тұлғалық дайындығы жағынан психологтың жеке басында алдымен 
өз мәселесі (өзін-өзі басқару) – бойынша жұмыстың жүргізілуі, өзіндегі 
жағдайды шеше білуі ( жеке мәселесін шеше алмаса, алдына келген индивид 
мәселесіне тепе-тең көзқараста қарай алмайды) нейтралды ара қашықтықты 
ұстай білуге мүмкіндік береді. Психолог күнделікті өзімен жұмыс жасап, жеке 
басын жетілдіріп отыруы қажет, себебі алдымен сыртқы түрімен сенімге еніп, 
әсер етеміз. 
Психокорекцияның түрлері. 

Сипатына қарай: симптомды (ауру белгісі) және каузалды (себеп) деп 
бөлініп, дер кезіндегі дамудағы кедергіні анықтайды.

Ұзақтығына қарай: тым қысқа, қысқа және ұзақ, тым ұзақ болып келеді. 
Өзекті мәселені шешуге қажетті бір немесе бірнеше сағаттар, айлар сондай-ақ, 
кейде жылға созылуы мүмкін.

Міндеттің ауқымына қарай: жалпы, жеке және арнайы болып бөлінеді. 
Кешенді ұйымдастырылған жұмыстар жеке, жалпы және арнайы топпен 
жүргізіледі.

Мазмұнына қарай: танымдық өрісі жеке тұлғалық, аффектілі еріктік, 
мінез құлық тұрғысынан, тұлғааралық қатынасынан, топ ішілік ата ана мен бала 
қатынасынан тұрады.

Жұмыс түріне қарай: жеке топпен, табиғи жабық топпен (ұжым, отбасы, 
ерлі зайыпты).

Бағдарламаға байланысты: бағдарламалық және жанынан шығарған 
еркін тақырыптар.

Әсер етудегі басқару: Дерективті және дерективті емес болып 
қарастырылады.
Білім беру мекемелерінде психокоррекциялық жұмыс психологиялық 
педагогикалық әсер тұтастығы оны түзетуде бала дамуындағы бұзылыс пен 
жетіспеушілікке ағарту жұмыстарын қолдану. Ол екі байланыста көрінеді: 
симптомдық жкек ауытқуға және этимологиялық шығу себебіне бағытталған. 


106 
Психолог коррекциялық жұмыстармен айналысқанда келесі тізбекпен 
жұмыс жасайды: а) не бар? б) не болу керек? в) қажетті нәрсе болу үшін не істеу 
керек? Оған жауап беруде психиканың дамуын үш деңгйде қарастыра, түсінік 
берумен талдауда тұрады ( Г.С. Абрамова). 
Нерофизиологиялық деңгейінде (не бар?) психолог құбылысты ми қызметі 
туралы білім негізінде зерттеп, ми шабуылын басты ұстанымдарға, ми қабығы 
мен психикалық қызметтерге бағыттайды. Жалпы психологиялық талдауды (не 
болу керек?). Психика қызметінің механизімі мен заңдылықтары негізінде 
алынған 
көрсеткіштер 
қолданылады. Жеке 
ерекшелік психологиялық 
деңгейінде (қажетті нәрсе болу үшін не істеу керек?) жеке тұлғаны жас және дара 
ерекшелігіне қарай сәйкестендіре нақты талдайды. 
Психокоррекциялық мәселеге әдіснамалық негізді батыс елдерінде екі 
үлкен топқа бөлді; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет