Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет72/77
Дата01.02.2023
өлшемі3,26 Mb.
#167072
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

«Физика» оқу пәні
 
Педагогтерден оқу жылының басында «Физика» пәні бойынша 
білім 
алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру жұмысына 
ерекше
назар аударуы сұралады. 
Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру 
бойынша ұсынылатын жұмыс алгоритмі: 
- өткен оқу жылындағы оқу мақсаттары, оқу бағдарламасының 
тақырыптары және күрделі тақырыптар бойынша диагностикалық бақылау 
жұмысын жүргізу; 
- өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сүйене отырып, 
білім алушы меңгере алмаған оқу мақсаттарын айқындау;
- қысқа мерзімді жоспарды жасау кезінде білім алушылардың игермеген 
оқу мақсаттарын, өткен оқу жылының тақырыптарын жаңа оқу жылындағы 
бағдарламалық материалдың мазмұнына біріктіру ұсынылады; 
- қосымша сабақтар, зертханалық жұмыстар, «Механика», «Жылу 
физикасы», «Электр және магнетизм»», «Геометриялық оптика», «Кванттық 
физика элементтері» бөлімдері бойынша консультациялар өткізу. 
Физика пәнінің мұғалімдеріне ғылыми тілді қалыптастыру мақсатында 
білім алушылардың сөздік қорын байыту, үш тілде физикалық терминдермен 
таныстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қарастырылады. 
Халықаралық зерттеудің талаптары бойынша білім алушылардың
-
физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және 
талдау кестелерін жасай білу; 
-
баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау 
және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша); 
-
есептердің шешімін сауатты ресімдеу;
-
жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстардың 
кеңейтілген жазбаша есептерін, ауызша баяндамаларды дайындай білу;
-
білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, 
олардың пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу т.б. 
дағдыларын қалыптастыру ұсынылады.
Ол үшін сабақты жоспарлау кезінде белгілі бір біліктілік, дағдыларды 
қалыптастыратын қолайлы тақырыптарды таңдау қажет. 
«Физика» пәнінің мұғалімдеріне білім беру мазмұнында жетістікке қол 
жеткізу үшін төмендегі ұсынымдар беріледі:
1. Сабақты даярлауда білім беру бағдарламасының мазмұнына көңіл бөлу;
2. Төменгі сыныптардағы өтілген білім беру мазмұнына назар аудару;
3. Жаратылыстану пәндерінің пәнаралық байланысын ескеру;
4. Сабақты практикадан теориядан өтуге негіздеу, білім алушылардың 
негізгі игерген білімдерін тәжірибеде көбірек қолдануға бағыттау.


175 
5. Сабақта жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, 
ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс- 
әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім 
алушының белсенділігін арттыру; 
6. Ғылыми тілді қалыптастыру мақсатында білім алушылардың сөздік 
қорын байыту, үш тілдегі физикалық терминдермен таныстыру бойынша жүйелі 
жұмыстар жүргізу; 
7. Физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және 
талдау кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру, 
графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және 
ауызша) дағдыларын қалыптастыру; 
7. Есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару; 
8. Жүргізілген практикалық және зертханалық жұмыстар бойынша 
кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді 
дамыту; 
9. Білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың 
пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру 
ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет