Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет75/77
Дата01.02.2023
өлшемі3,26 Mb.
#167072
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

 
 
 
 
 
 
 


180 
Қорытынды 
 
Жалпы білім беретін орта мектептің негізгі мәселелерінің бірі үлгерімі 
төмен білім алушылармен жұмыс. Ойлау және есте сақтау қабілеттері және білім, 
білік, дағды төмен болған жағдайда білім алушыға оқу процесінде теориялық 
материалды меңгеру қиынға соғады. Сондықтан педагогтерге үлгерімі төмен 
білім алушылармен жүйелі түрде жұмыс жүргізілу керек. Бұл әдістемелік 
ұсыныстар заманауи мектептің маңызды мәселесі – педагогтердің сабақта оқу 
тиімділігін арттыра отырып үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты 
педагогикалық-әдістемелік ұйымдастыруына арналады.
Уақытылы диагностикалау және түзету жұмыстары кейбір жағдайларда 
мектептегі білім алушылардың үлгермеушілігін алдын алуға, ал басқаларында 
оқу қиындықтарын жеңуге көмектеседі. Әр түрлі жастағы балалардың жоғары 
психикалық функцияларының дамуы мен қалыптасуының ерекшеліктері мен 
заңдылықтарын біле отырып, қалыптастырушы оқыту бағдарламасын жасауға 
болады. 
Әдістемелік ұсыныс жазу барысында алынған нәтижелер білім алушының 
үлгермеушілігін жеңудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Білім 
алушылардың танымдық дамуы негізінде оқудағы үлгермеушілікті жеңу арқылы 
жүргізілген жұмыс оқу проблемаларын алдын-алу мен түзетудің теориялық 
моделін құруға мүмкіндік береді. 
Оқу проблемаларын жеңуге бағытталған мектеп оқушыларын 
психологиялық-педагогикалық түзетудің ең тиімді әдісі сәтті оқытудың негізгі 
факторларының бірі болып табылатын балаларда ерікті зейіннің, есте сақтаудың, 
ауызша-логикалық ойлаудың, кеңістіктік көріністердің қалыптасуына ықпал 
ететіндігі дәлелденді. 
Бұл әдістемелік ұсыныста мұғалімге баланың мүмкіндіктері мен 
әлеуметтік ортаға қойылатын талаптар арасындағы үйлесімді сәйкестіктің 
маңыздылығын көрсетуге қол жетімді түрде әрекет жасалды. 
Оқу бағдарламасын жүзеге асыруда пән мұғалімдерінің кәсіби 
құзыреттілігі маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн. Мектептегі 
үлгермеушілік 
бірқатар 
жағдайлар 
мен 
алғышарттар 
анықталады: 
физиологиялық; әлеуметтік; педагогикалық; психологиялық. Мектептегі 
үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс сыртқы және ішкі критерийлер 
бойынша, сәтсіздіктің табиғатын ескере отырып және басқа мұғалімдермен 
тығыз ынтымақтастықта құрылуы тиіс. 
Мектептегі үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс барысында педагог 
басты назарда ұстайтын қағидалар: 
1 Білім алушыларға қосымша білім берудің жүйесін құру. 
2. Жұмыс жүргізуде топтық және жекелей әдістер қолдану. 
3. Пәнге деген терең, тұрақты қызығушылығын қалыптастыру. 
4. Білім алушылардың танымдық ой-өрісін кеңейту. 
5. Өз ойын еркін жеткізуге баулу. 
6. Үлгерімі төмен білім алушылардың ынтасын арттыру. 


181 
Сонымен үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс тек сабақ барысында 
ғана емес, жеке сабақ барысында да жүргізілуі керек. Бұл сабақтардың мазмұны 
жеке нәтижеге жету емес, жалпы баланың даму мүмкіндіктерін жақсарту үшін 
жағдай жасауға жоспарланған дұрыс. Түзету сабақтарын дайындау және өткізу 
кезінде білім алушылардың оқу материалын қабылдау ерекшеліктері және 
оларды іс-әрекетке мотивациясының ерекшеліктерін де есте сақтау қажет. Сабақ 
барысында әртүрлі дидактикалық ойындарды, жағдаяттарды, ойын-
жаттығуларын, оқу әрекетін бала үшін өзекті және мағыналы ете алатын 
тапсырмаларды пайдалану тиімділігі жоғары. 
Мектептегі үлгермеушіліктің алдын алу және түзету жолдары сыртқы және 
ішкі критерийлер бойынша, үлгермеушіліктің табиғатын ескере отырып және 
басқа мамандармен тығыз ынтымақтастықта құрылады. Түзету жұмыстарын 
педагогтер мектеп психологымен бірлесе отырып, ұсынымдаманың үшінші 
бөлімінде ұсыныс ретінде берілген коррекциялық /түзету/ жұмыстарының 
жүйесі берілді. Мектеп психологы үлгерімі төмен білім алушылармен 
коррекциялық жұмыс жасау кезіндегі ерекшеліктерді де есепке ала отырып, пән 
мұғалімдерімен бірлесе отырып жұмыс жасау ұсынылады.
Әдістемелік ұсынымдамада орта білім беру ұйымдарындағы оқу пәндері 
бойынша оқудағы үлгермеушілік бойынша жұмыстарды әдістемелік жағынан 
ұйымдастыруды қамтамасыз етудің әдістемесі және әдістемелік ұсынымдар 
жобасы ұсынылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет