Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


•  ағымдағы оқылатын материалды қолдануға арналған тапсырмалар;  •



Pdf көрінісі
бет19/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

• 
ағымдағы оқылатын материалды қолдануға арналған тапсырмалар
• 
әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар; шығармашылық тапсырмалар; пәнішілік 
және пәнаралық байланысты жүзеге асыруға бағытталған есептер және т.б. 
Математика сабақтарында әртүрлі мазмұндағы мәтінді есептерді (пәнаралық 
есептер, тәжірибеге бағытталған тапсырмалар, ситуациялық есептер) шешу-


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
28
ге көп көңіл бөлу керек, олардың кейбіреулерін шығару барысында есептің 
мәтіні бойынша математикалық модель құрастырылады.
Сонымен қатар, білім алушылардың жазбаша дағдыларын дамытуға ықпал 
ететін жұмыстарды жүргізу ұсынылады: тапсырмаларды орындау үшін нұсқау-
лықтар мен алгоритмдер жасау; математикалық есептерді ауызша және жазба-
ша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру; тапсырманың орындалу барысын 
ауызша және жазбаша талдау (практикалық есептер контекстінде айнымалы-
ның қандай мәндерінде алгебралық өрнек мағынасы бар екенін талдау және 
түсіндіру; іріктеу арқылы комбинаторлық есептерді талдау, түсіндіру және 
шешу; үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер центрлерінің ор-
наласуын түсіндіру).
Оқу пәнінің кез келген тақырыбы аясында білім алушының алдына белгілі бір 
пәнді игеру барысында алған білімнің көмегімен орындалатын тапсырмалар-
ды қарастыруда математиканың мүмкіндік зор. 
Жаратылыстану циклінің пәндерімен пәнаралық байланыстарды орнату, ма-
тематика сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану қолданбалы 
есептерді қарастыру арқылы жүзеге асырылады (8.4.2.3 қолданбалы есептерді 
шығару үшін квадраттық функцияны қолдану). Мұндай есептерді шешу теори-
яны практикалық іс-әрекеттермен байланыстыруға мүмкіндік береді, бұл ма-
тематиканы тереңірек меңгеруді және пәнге деген қызығушылықты дамытуға 
ықпал етеді (8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу).
Пәндерді оқуға деген қызығушылықты арттырудың бір жолы – білім алушылар-
дың жобалық қызметі. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу 
сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және 
оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады (4.5.2.5 ақпаратты түсіндіру, салысты-
ру және мәліметтерді жиынтықтау, қозғалыс графиктерін құру, қозғалысқа ар-
налған есептерге сызба құрастыру). Жобамен жұмыс істеу барысында білім 
алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, 
қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер 
жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалау-
ды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.
Информатика. Пәндік құзыреттер бағдарламалау негіздерін, операциялық 
жүйелермен және кеңсе бағдарламаларымен жұмысты меңгеруге бағыт-
талған. Бағдарламалау негіздері логикалық ойлауды, есептерді шешу қабілетін 
дамытады, алгоритмдік дағдыларды қалыптастырады; әртүрлі операциялық 
жүйелермен, олардың функцияларымен және мүмкіндіктерімен танысу ком-
пьютерлік ортаны түсінуді жақсартады және білім алушылардың цифрлық сау-
аттылығын арттырады.
Бағдарламалау негіздерінде құзыреттілікті дамыту үшін білім алушыларға 
Python немесе Scratch тілінде қарапайым бағдарламалар жасайтын тапсырма-
ларды ұйымдастыру ұсынылады. Мысалы, сандардың қосындысын есептеуге, 


БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
29
сандарды жұп пен тақ санға тексеруге немесе қарапайым анимациялар жаса-
уға арналған тапсырмаларды ұсынуға болады (1.4.2.1. ойын бағдарламалау ор-
тасында дайын сценарий бойынша алгоритмді іске асыру (Scratch (scratch));). 
Білім алушылар блок-схемалар мен алгоритмдерді қолдана отырып ойын-
дар немесе интерактивті әңгімелер жасай алатын сабақтар да пайдалы (8.3.1.1 
Python бағдарламалау тілінде тапсырма модельдерін жасау (Python)).
Білім алушылардың операциялық жүйелермен жұмыс істеу құзыреттілігін қа-
лыптастыру үшін операциялық жүйелердің әртүрлі функцияларын зерттейтін 
сабақтар өткізу ұсынылады. Бұған файлдар мен папкаларды басқару, Жүйе па-
раметрлері және пайдаланушы интерфейсі кіруі мүмкін. Сонымен қатар, білім 
алушыларға Windows, macOS және Linux сияқты әртүрлі операциялық жүйе-
лермен танысуға мүмкіндік беру керек, осылайша білім алушылар әртүрлі жүй-
енің мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін салыстыра алады (6.1.2.1 операциялық 
жүйенің негізгі функцияларын атаңыз;)

Қатысушыларды желідегі ақпаратты сыни тұрғыдан ойлауға және талдауға үй-
рету олардың сенімді көздерді таңдау және ақпараттың дұрыстығын бағалау 
қабілеттерін нығайтады (1.1.4.2 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы 
емес деп пайымдау;). Ақпаратты ыңғайлы форматта ұйымдастыру, өңдеу және 
ұсыну дағдыларын дамыту деректердің үлкен көлемімен тиімді жұмыс істеу-
ге мүмкіндік береді (1.1.2.1 қабылдау тәсілі бойынша ақпарат түрлерін анықтау). 
Жобалық ойлауды ынталандыру шығармашылық және проблемалық-бағдар-
лау қабілеттерін дамытады.
Командада жұмыс істеу, мәселелерді шешу және шығармашылық сияқты не-
гізгі құзыреттер қатысушылардың ақпараттық-технологиялық салада табысты 
жұмыс істеуге дайындығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Тапсыр-
маларды шешу және жобаларды құру үшін топтарда жұмысты ұйымдастыру 
қатысушылардың коммуникациялық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға 
ықпал етеді. Қатысушыларды күрделі тапсырмаларды шешуде қолдау және 
проблемаларды шешуде шығармашылық тәсілдерді қолдану олардың анали-
тикалық және инновациялық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді (11.5.3.1 Startup 
(стартап) ұғымын сипаттау;).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет