•
бастауыш білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» (1-4-сыныптар);
•
негізгі орта білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» (5-6-сыныптар), «Физи-
ка», «Химия», «Биология», «География» (7-9-сыныптар);
•
жалпы орта білім беру деңгейінде екі бағыт бойынша «Физика», «Химия»,
«Биология», «География» (10-11-сыныптар) пәндері оқытылады.
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің мақсаты
«Адам – Табиғат» жүйесі шеңберіндегі ғылыми білімнің қарапайым деңгейін
қамтамасыз ету. Білім беру саласының мазмұны білім алушылардың табиғат-
ты тануға деген қызығушылығын, зерттеу дағдыларын дамытуға, қоршаған ор-
таны ғылыми тұрғыдан түсініп, көре білуді қалыптастыруға бағытталған. Пән-
нің мазмұны «қарапайымнан күрделіге қарай, таныстан таныс емеске қарай»
принципі бойынша құрастырылған. Жанды және жансыз табиғаттың құбылы-
стары мен процестерінің өзара байланыстарының себебін ұғыну және түсіну,
қоршаған ортаның көптүрлілігі мен күрделілігін түсіну білім алушылардың ой-
өрісін кеңейтеді. «Жаратылыстану» оқу пәні – білім берудің кейінгі деңгейлерін-
БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
31
де дербес пән ретінде оқылатын «Биология», «Физика», «География», «Химия»
оқу пәндерін оқып-меңгеруге жол бастайтын, сондай-ақ білімнің барлық сала-
ларында маңызды орын алатын зерттеу дағдыларының іргетасын қалайды.
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы негізгі орта білім берудің мақсаты –
функционалдық білім мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру,
жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс, зерттеу, практикалық-эксперименттік дағ-
дыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және тұжырымдау дағдыларын
қалыптастыруды; әлемнің қазіргі жаратылыстану көрінісінің негізінде жатқан
іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен қағидаттарды, табиғатты
ғылыми тану әдістерін, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерт-
теу негізінде адамзаттың ғаламдық және жергілікті проблемаларын түсінуді
тереңдетуді; экологиялық мәдениетті, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ой-
лауды дамытуды; патриоттық сезімдерді, қоршаған ортаға деген жауапкер-
шілікті және ұқыпты қарауды тәрбиелеуді; білім алушыларды жаратылыстану
ғылымдары бағытында кәсіби бағдарлауды іске асыруды қамтамасыз ету.
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы жалпы орта білім берудің мақсаты:
кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу
орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін акаде-
миялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау бо-
лып табылады.
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Ре-
спубликасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу
жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының
1–3, 11–15,103-қосымшаларында (1-4-сыныптар), 6–8, 16–20,104-қосымшаларында
(5-9-сыныптар), 21–30, 85–90,105-106 - қосымшаларында (10-11-сыныптар) көр-
сетілген.
«Жаратылыстану» (28-қосымшаға сәйкес 1-4-сыныптар, 56-қосымшаға сәйкес
5-6-сыныптар), «Физика» (57-қосымшаға сәйкес 5-9-сыныптар; 10-11-сынып-
тар ЖМБ 112-қосымшаға сәйкес; ҚГБ 113-қосымшаға сәйкес ), «Химия» (58-қо-
сымшаға сәйкес 5-9-сыныптар; 10-11-сыныптар ЖМБ 110-қосымшаға сәйкес;
ҚГБ 111-қосымшаға сәйкес), «Биология» (59-қосымшаға сәйкес 5-9-сыныптар;
10-11-сыныптар ЖМБ 114-қосымшаға сәйкес ҚГБ 115-қосымшаға сәйкес;) және
«География» (60-қосымшаға сәйкес 5-9-сыныптар; ЖМБ 10-11-сыныптар 116-қо-
сымшаға сәйкес; ҚГБ 117-қосымшаға сәйкес) оқу пәндерін оқыту «Жалпы білім
беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негіз-
гі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу
бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту мини-
стрінің 2022 жылғы16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу
бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің,
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курста-
рының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
32
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына өзгері-
стер мен толықтырулар енгізу туралы 2024 жылғы 5 наурыздағы № 54 бұйрығы-
на сәйкес 3-сыныпта «Жаратылыстану» оқу пәні 1 сағат көлемінде оқытылады.
Осыған байланысты оқу процесінде үлгілік оқу бағдарламасындағы оқыту мақ-
саттарын негізге ала отырып «Жаратылыстану» оқулығын қолдану ұсынылады.
(https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034116#z4886).
Достарыңызбен бөлісу: |