Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі



Pdf көрінісі
бет23/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Оқыту мақса
-
ты 
Оқыту мақсатының пәндік 
(академиялық) бөлігі
Оқыту мақсатының функционал
-
дық (әртүрлі өмірлік жағдайларда 
қолдану) бөлігі
3.2.2.1 жануар-
ларды омы-
ртқалыларға 
және омы-
ртқасыздарға 
жіктеу;
Білім алушылар жануарлардың 
негізгі сипаттамаларын зер-
делейді және омыртқалылар 
мен омыртқасыздардың ара-
сындағы омыртқаның болуы 
немесе болмауы, дене бітімінің 
түрі, қозғалыс әдістері және т.б. 
айырмашылықтарды түсінеді.
Жануарлар әлемінің әртүрлілігін 
түсіну, оны омыртқалылар мен 
омыртқасыздарға жіктеу, табиғи 
ортаны және оны сақтаудың маңы-
здылығын тереңірек түсінуге 
ықпал етеді.
4.2.2.1 өз өл-
кесіндегі 
жануарларды 
жіктеу;
Білім алушылар сүт қорек-
тілерді, құстарды, балықтарды, 
жәндіктерді, қосмекендерді 
мен бауырымен жорғала-
ушыларды қоса алғанда, өз 
жерлерінде мекендейтін жа-
нуарлардың алуан түрлілігін 
зерделейді.
Жергілікті жануарлар әлемі және 
оның классификациясын түсіну 
табиғи ресурстарды пайдалану 
және туристік маршруттарды ұй-
ымдастыру кезінде жануарлардың 
қажеттіліктері мен ерекшеліктерін 
ескере отырып, адамдарға қор-
шаған ортаны көбірек білуге мүм-
кіндік береді.
Негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінде жаратылыстану-ғылыми 
сауаттылық география, биология, физика және химия сияқты жаратылыстану 
ғылымдарының пәндік салаларын қамтиды.
Білім алушылардың «Химия» оқу пәні бойынша әртүрлі өмірлік жағдайларда 
білімді пайдалану қабілетін қалыптастыру білім беру процесінің маңызды мін-
деті болып табылады, ол негізгі химиялық тұжырымдамаларды түсінуді ғана 
емес, оларды нақты өмірде қолдану қабілетін де қамтиды. «Химия» пәні бойын-
ша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру химияның негізгі қағидаттарын 
жүйелі түрде зерделеуді, теориялық білімді бекіту үшін зертханалық жұмыстар-
ды жүргізуді (химиялық процестерді қадағалау, тәжірибелер мен демонстра-
циялар жүргізу білімді нығайтады) қамтитын кешенді тәсілді талап етеді. Білім 
алушыларға нақты әлемде (медицинада, өндірісте, ауыл шаруашылығында, эко-
логияда және басқа салаларда) химиялық білімнің қайда қолданылатынын көр-
сету маңызды. Химиялық білім берудің ерекшелігі тек теориялық білімді ғана 
емес, сонымен қатар академиялық және күнделікті өмірде туындайтын мәселе-
лерді талдауға және шешуге ықпал ететін практикалық дағдыларды (мысалы, № 
4 «Тағам құрамында қоректік заттарды анықтау» практикалық жұмысы) дамытуға 
ұмтылу болып табылады.
Химияны оқытудың басты міндеттерінің бірі – білім алушылардың математика-
лық әдістерді де, табиғи процестер туралы білімді де пайдалана отырып, күрделі 
химиялық құбылыстарды талдай білу қабілетін дамыту. Бұл химиялық реакция-
ларды концептуалды деңгейде түсініп қана қоймай, алған білімдерін қоспалар-
дың құрамын есептеу мен суды тазарту процестері сияқты практикалық есеп-
терді шешуге қолдануға мүмкіндік береді.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
34
Білім алушылардың әртүрлі өмірлік жағдайларда білімді пайдалану қабілетін 
қалыптастыру «Физика» оқу пәнінде іске асырылады. Мектептегі физика бағдар-
ламасында өмір қауіпсіздігінің дағдыларын дамыту оқыту мақсаттары негізінде 
жүзеге асырылады.
Мысалы, 7-сыныпта «7.2.2.1 Инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар кел-
тіру» оқыту мақсатын жүзеге асыруда адамдар көп жиналатын орындардың (кон-
церттер, футбол матчтары және түрлі фестивальдар, тіпті мерекелік отшашулар) 
қауіпті екеніне тоқталып өтеді, өйткені кез-келген уақытта адамдардың бірін-бірі 
қысуы туындауы және тапталып қалуы мүмкін. «8.4.2.17 қысқа тұйықталудың пай-
да болу себептері мен алдын алу тәсілдерін түсіндіру» оқыту мақсатында электр 
қуатын қауіпсіз пайдалану туралы түсіндіреді, өйткені қауіпсіздікті сақтамаса 
ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін, ал «9.2.5.16 дыбыс сипаттамаларын дыбыс 
толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру» мақсатында білім 
алушылар құлаққап динамиктеріндегі тым жоғары дыбыс мидың жүйке жасу-
шаларының қабығын зақымдайтынын, бұдан естімей қалу қауіпі туындайтынын 
біледі.
Сейсмикалық қауіп жағдайында білім алушылардың қауіпсіздік дағдыларын 
дамыту «География» оқу пәнін іске асыру шеңберінде көзделген. Мысалы, 7-сы-
ныптағы «7.3.1.1 литосфераның құрылымы мен заттық құрамын айқындайды» 
оқыту мақсаттарында сейсмикалық белсенділіктің негізгі ұғымдары және ре-
льефтің қалыптасуына әсері, «9.3.1.1 Жергілікті компонентті қосымша қамти оты-
рып, Қазақстанның құрылымын геологиялық тарихы мен тектоникалық тарихын 
айқындайды» оқыту мақсаты жер сілкінісі кезінде өзін қалай ұстау керектігі және 
атмосфералық катаклизмдер кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы білім мен 
дағдыларды қалыптастырады.
Білім алушылардың «Биология» оқу пәнінің сабақтарында әртүрлі өмірлік 
жағдайларда білім мен дағдыларды пайдалану қабілеттерін қалыптастыру үшін 
әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану ұсынылады. 
Мысалы, нақты жағдайларда білімді қолдануды қажет ететін сабақтарға прак-
тикалық тапсырмаларды қосу; биологиялық эксперименттер жүргізу, тірі орга-
низмдерді бақылау немесе жергілікті флора мен фаунаны зерттеу; білім алушы-
лар өз білімдерін нақты мәселелерді шешу үшін пайдалана алатын жобаларды 
ұсыну. Экожүйені сақтау жобасын құру, адам қызметінің қоршаған ортаға әсерін 
зерттеу ұсынылады.
Білім алушыларда сыни ойлау мен шығармашылықты дамыту «Жаратылыстану» 
білім беру саласы пәндерінің міндеттерінің бірі болып табылады. Атап айтқан-
да, 1-4 сыныптарда «Жаратылыстану» пәні бойынша осы дағдыларды дамыту ма-
териалды терең түсінуге және білімді жаңа мәнмәтінде қолдануға ықпал етеді. 
Мысалы, «4.1.2.2 алынған нәтижені білім алушы таңдаған формада ұсыну» оқыту 
мақсатын іске асыру шеңберінде ақпаратты ыңғайлы нысанда: презентация, по-
стер, видеосюжет және т.б. ұсыну арқылы креативтілікті дамыту ұсынылады.


БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС, 
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
35
«Химия» оқу пәні бойынша білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлауы мен креа-
тивтілігін дамыту материалды терең түсінуге және білімді жаңа мәнмәтінде қол-
дануға ықпал етеді. Мысалы, қандай заттардың реакцияға қатысатынын, олар-
дың бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасайтынын және қандай өнімдердің 
пайда болатынын сезіне отырып, химиялық міндеттерді және проблемаларды 
(мәнмәтіндік тапсырмаларды) шешу, білім алушыларға химияны түсінуді терең-
детуге көмектеседі (8.2.3.5 химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың мас-
сасын, зат мөлшерін есептеу); климаттың өзгеруін тежеу үшін парниктік газдар 
шығарындыларын азайтудың тиімді стратегияларын ұсынуға және қолдануға 
көмектесетін, талдауды және қолдануды талап ететін жеке эксперименттерді 
әзірлеу (8.3.1.2 парниктік эффектінің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын 
ұсыну); өз пікірлерін білдіру, оларды дәлелдеу және басқалардың көзқарастары-
на қарсы тұру үшін қажет тапсырмаларды пайдалану, бұл химия мен күнделікті 
өмір арасындағы өзара байланысты жақсы түсінуге, сондай-ақ қоршаған орта 
мен денсаулық проблемаларына саналы көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік 
береді (мысалы, «9.4.2.1 қышқылдық жаңбырлардың пайда болу себебі мен эко-
логияға тигізетін әсерін түсіндіру»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет