Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


«ЦИФРЛЫҚ ҰСТАЗ» жобасын іске асыру аясында тұрмысы



Pdf көрінісі
бет40/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

2.8 «ЦИФРЛЫҚ ҰСТАЗ» жобасын іске асыру аясында тұрмысы 
төмен отбасылардан шыққан білім алушылармен жұмыс 
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі 
реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын 
іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Пре-
зидентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі №659 Қаулысын орындау шеңберінде ҚР 
Үкіметі бастамасымен оқу процесін цифрландыру аясында тұрмысы төмен отба-
сылардан шыққан балалар үшін «Цифрлық ұстаз» жобасы іске асырылады. 
Жоба тұрмысы төмен отбасылардан (бұдан әрі - ТТО) шыққан үлгерімі төмен 
8-11- сынып білім алушыларына қосымша қашықтан сабақтар ұйымдастыруға, 
ұсынылған 6 негізгі пәннен (алгебра, геометрия, химия, физика, биология, Қа-
зақстан тарихы) 2 таңдалған пән бойынша білімдегі олқылықтарды толықтыруға 
және бітіру емтихандарына дайындалуға көмек көрсетуге бағытталған.
Қосымша сабақтар негізгі пәндер бойынша білімдерінде олқылықтары, күрделі 
және көлемді тақырыптарды меңгеруде қиындықтары бар, ТТО-дан шыққан үл-
герімі төмен білім алушылар үшін өткізіледі.
Қосымша сабақтар 
• қолжетімді цифрлық платформаларда цифрлық білім беру ресурстарын және 
бейнесабақтарды қолдана отырып, қашықтан оқыту форматында өткізіледі;
• әрбір пән бойынша сабақтарды өткізу үшін аптасына 2 сағат бөлінеді;


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
60
• қосымша сабақтар бойынша апталық оқу жүктемесі таңдауға болатын 2 пән 
бойынша аптасына 4 сағатты құрайды (ұзақтығы кемінде 1 сағат болатын екі 
сабақтан).
Жобаны жүзеге асыру 2024-2025 оқу жылының қыркүйегіне жоспарланған.
ТТО-дан шыққан үлгерімі төмен білім алушыларды академиялық қолдау қыз-
метін ұйымдастыру келесі нысандарда қарастырылған: цифрлық білім беру ре-
сурстары қолданылатын қосымша сабақтар және кеңес беру сабақтары.
Үлгерімі төмен білім алушыларда қиындық туғызатын күрделі және көлемді 
тақырыптарды түсіндіру мақсатында айына 1 рет оффлайн форматта кеңес беру 
сабақтары өткізіледі.
Білім беру ұйымдарының басшыларына және педагогтерге Ы. Алтынсарин атын-
дағы ұлттық білім академиясы көмек ретінде білім алушылардың білімін қайта-
лау және бекіту үшін кеңес беру сабақтарын өткізу туралы ереже, сондай-ақ тұр-
мысы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған қосымша сабақтарды 
ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі.


БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР
61


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет