Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


[3  Білім берудегі цифрлық



Pdf көрінісі
бет42/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

[3 
Білім берудегі цифрлық 
шешімдер
 


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
62
кемшілігін анықтау» бойынша бастауыш сыныптарда педагогке ақпаратты іздеу, 
қолдану және интернет көздерінен туған өлкенің табиғи ерекшеліктері, өңір 
флорасы туралы ақпаратты іздеуге және қолдануға байланысты тапсырмалар 
шеңберінде ақпараттық көздерді саралау дағдыларын дамыту ұсынылады, бұл 
ретте интернет көздерінің ерекшеліктерін және интернет ресурстармен жұмыс 
істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды атап өту қажет.
Digital Bridge 2023 халықаралық форумының қорытындысы бойынша Қазақстан 
Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау шеңберінде «Astana 
Hub» корпоративтік қорымен бірлесіп 2024 жылғы тамызда орта білім беру ұй-
ымдарының білім алушылары үшін бағдарламалау негіздерін оқыту бойынша 
онлайн-білім беру платформасы пилоттық режимде іске қосылады.
2.2 Интерактивті және қызықты білім беру ортасын құру үшін цифрлық 
технологиялар мен шешімдерді пайдалану.
Техникалық жаңалықтар мен бағдарламалық жасақтаманың саны үнемі өсіп 
келеді. Оқыту мақсаттарын жүзеге асыру үшін педагог сабақтарда әртүрлі ком-
пьютерлік бағдарламаларды, электрондық ресурстарды және басқа да цифрлық 
шешімдерді қолдана алады:
Демонстрациялық бағдарламалар: сипаттамалық сипаттағы оқу материалын, 
түрлі көрнекі құралдарды (картиналар, фотосуреттер, бейнефрагменттер, пла-
каттар) көрнекі көрсету үшін. Демонстрациялық бағдарламалар педагогке зерт-
телетін тақырыптың негізгі аспектілерін көрнекі түрде көрсетуге көмектеседі.
Интерактивті тақталар мен презентациялар: SMART Board немесе Promethean 
сияқты интерактивті тақталарды қолдану педагогтерге мультимедиялық эле-
менттерді, интерактивті тапсырмаларды және онлайн өзара әрекеттесу мүмкін-
діктерін пайдалана отырып, динамикалық сабақтар жасауға мүмкіндік береді. 
Бұл оқу процесін білім алушылар үшін қызықты әрі тартымды етеді.
Білім беру ойындары мен міндеттері: Білім беру ойындары мен міндеттерін пай-
далану білім алушылардың назарын аударуға және оларды оқуға ынталанды-
руға көмектеседі. CodeCombat сияқты көптеген онлайн платформалар, Code.org, 
Scratch немесе Blockly, Kahoot және т.б. бағдарламалауды, алгоритмдік ойлауды 
және басқа компьютерлік дағдыларды дамытуға көмектесетін қызықты тапсы-
рмалар мен ойжұмбақтарды ұсынады. Бұл бағдарламалар тест түрінде әртүрлі 
тексеру тапсырмаларын ұсынады. Жеке тәсілдеме ретінде пайдаланылады, білім 
алушылардың жетістіктері мен қателіктерінің егжей-тегжейлі бейнесін түсіреді.
Онлайн-коллаборациялар және білім алмасу: Google Classroom, Microsoft Teams 
немесе Slack сияқты ұжымдық жұмыс және білім алмасу үшін онлайн платфор-
маларды пайдалану білім алушыларға өзара ынтымақтастыққа, оқу мәселелерін 
талқылауға және ресурстарды бөлісуге мүмкіндік береді. Бұл қарым-қатынас 
дағдыларын дамытуға және командада оқуға ықпал етеді.


БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР
63
Бейнесабақтар мен оқу арналары: YouTube немесе Vimeo сияқты танымал плат-
формаларда бейнесабақтар мен оқу арналарын құру педагогтерге материалды 
қызықты және қолжетімді түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл білім алушыларға 
жаңа тұжырымдамаларды өз қарқынымен үйренуге және кез келген ыңғайлы 
уақытта материалға оралуға мүмкіндік береді.
Сабақтарда цифрлық технологиялар мен шешімдерді пайдалану материал-
ды тиімді меңгеруге және білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамытуға 
ықпал ететін ынталандырушы және интерактивті білім беру ортасын қалыпта-
стырады.
Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқыту мақсаттарын іске асыру 
шеңберінде оқытудың интерактивті ортасын құру үшін интернет ресурстар-
мен жұмыс пайдаланылады, мысалы, 10-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәні оқыту 
мақсатын іске асыру шеңберінде «10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік 
құндылығын анықтап, бағалау» «Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» ортақ 
тақырып бойынша білім алушыларға талқыланатын шығарманың тарихи және 
көркемдік құндылығын бағалау үшін әдеби интернет-порталдарда ұсынылған 
әдеби шығармаларға шолуларды зерделеу ұсынылады.
Әдебиет сабақтарын өткізу барысында әдеби шығармалардың фильмдерін қа-
рап, ары қарай оның идеясын, тарихи-мәдени құндылығын талқылау ұсыныла-
ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет