3.1 Білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамыту Өндірістің барлық салаларында цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы
мектеп түлектерінен цифрлық техникамен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруді,
интерфейстердің жұмысын түсінуді, деректерді жинау мен цифрлық өңдеуді,
деректерді қорғауды, ақпаратты іздеуді, қолдануды және ақпараттық көздерді
әртүрлі негіздер бойынша саралауды талап етеді. PISA зерттеулері көрсеткен-
дей, мектептер білім алушылардың цифрлық құрылғы экранында берілген ақпа-
ратпен жұмыс істеу қабілетін, бірнеше көздерден алынған ақпаратты бағалау
дағдыларын, осындай ақпараттың сенімділігі мен жарамдылығын бағалау қа-
білетін дамытуы қажет.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру МЖМБС шеңберінде циф-
рлық дағдыларды дамыту кешенді тәсілге негізделген, ол оларды бастауыш
сыныптардағы цифрлық сауаттылық және негізгі және жалпы орта білім беру
деңгейіндегі информатика пәндерінің мазмұнында ғана емес, сонымен қатар
оқу пәндерінің ерекшеліктерін ескере отырып, барлық білім беру салаларының
мазмұнына біріктіруді көздейді.
Цифрлық құрылғы экранында ұсынылған ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін, бір-
неше көздерден алынған ақпаратты бағалау дағдыларын дамыту, ақпараттың
сенімділігі мен жарамдылығын бағалау бастауыш сыныптардан бастап тілдер
мен әдебиеттер бойынша оқу бағдарламаларында қарастырылған. Мысалы,
өзге тілде оқытатын 4-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнында «4.3.5.1 қажетті
ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді ( сөздіктер, инфографикалар, энци-
клопедиялар, ғаламтор) қолдана білу және ақпаратты кестеге салу (жіктеу )/сы-
зба түрінде беру» оқыту мақсатын іске асыру шеңберінде «Мәдени мұра» ортақ
тақырыбы бойынша мұғалімге интернеттен ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрып-
тар туралы ақпаратты табу және алу дағдыларын дамытуға арналған тапсырма-
ларды қолдану ұсынылады.
«Жаратылыстану» пәнінің келесі мақсаттарды іске асыру шеңберінде «Менің
туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша «2.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қол-
данылатын сөздерден құралған қарапайым фразалардың мағынасын түсіну»;
«Жанды табиғат» ортақ тақырыбында «3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қол-
данылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөй-
лемдердің мазмұнын түсіну»; «3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен