Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы
58
Оқу пәні білім алушыларды әскери-патриоттық және адамгершілік тәрбиеле-
удің жалпы жүйесінде, олардың сана-сезімін, танымдық мүдделерін, коммуни-
кативтік қабілеттерін, ерік-жігерлік қасиеттерін,
бастапқы практикалық іскер-
ліктерін, әскери іс бойынша дағдыларын, робот техникасы, автомобиль жүргізу,
сандық фото және бейне жабдықтарды пайдалану бойынша теориялық негіз-
дерін дамытуда маңызды орын алады.Оқу пәні қазақстандық әскердің даму та-
рихымен танысу және оның қазіргі жай-күйін зерделеу арқылы жігерлі, батыл,
дені сау, әскери тұрғыдан функционалдық сауатты тұлғаны дамытуға бағыт-
талған.
Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және
жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын
арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру ла-
герлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери
бөлім басшылығымен келісе
отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес күндік оқу-далалық (ла-
герлік) жиыны өткізіледі. Оқу-далалық (лагерлік) жиындар талаптары Қазақстан
Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399
бұйрығы, 127-қосымшада берілген.
Білім алушылардың өмірде кездесетін әртүрлі жағдаяттарда өз білімдері мен
біліктерін, дағдыларын қолдану қабілетін қалыптастыру (оқу, математикалық,
жаратылыстану сауаттылығы)
Білім алушылардың «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бой-
ынша өмірде кездесетін әртүрлі жағдаяттарда білімдерін пайдалану қабілетін
қалыптастыру білім беру процесінің маңызды міндеті болып табылады, ол
бағдарламаның теориялық бөлігін түсінуді ғана емес, оларды нақты өмірде қол-
дану қабілетін де қамтиды. Әскери iс негiздерiн
қалыптастыру кешендi көзқа-
расты талап етедi. «Экстремизм және терроризм - ұлттық қауіпсіздікке қатер
төндіреді. Экстремизм түрлері» тақырыбында терроризмге және экстремистік
әрекетке толық сипаттама беру ұсынылады, террористік әрекеттің конституци-
яға қарсы әрекеттерінде: экстремизм мен терроризмнің пайда болу себептері;
олардың сипаттамалық ерекшеліктерін бөліп көрсету және қауіптің дәрежесін
салыстыру; зерттелген материалды жас ерекшеліктерін ескере отырып, әлем-
де болып жатқан оқиғалармен салыстыру. «Атыс дайындығы» бөлімінде «Ка-
лашников автоматын толық бөлшектемеу және құрастыру тәртібі» нормативін
орындауда қажетті білім мен дағдыларды дамыту; автоматтың бөліктері мен ме-
ханизмдерін игеруде дағдыларды пысықтау. Мұнда
білім алушыларға қаруды
бөлшектеу және құрастыру тәртібін қатаң сақтау қажеттілігін түсіндіру ұсыныла-
ды, өйткені бұл норматив өмірлік немесе төтенше жағдайда да қажет.
Геосаяси жағдайда әскери робототехника және роботтарды әскери істе қолда-
нудың негізгі бағыттары туралы түсініктерді дамыту; роботтарды олардың мақ-
саты бойынша жіктеу, сондай-ақ білім алушылардың ату негіздері мен ереже-
лері туралы білімдері мен дағдыларын қолдау; практикалық атыстарды орындау
кезінде алған дағдыларын қолдану; қауіпсіздік техникасын сақтау маңызды.
БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
59
Білім алушылардың жобалау және зерттеу қызметін ұйымдастыру бойынша ұсы-
нымдар
Білім алушылардың жобалық қызметі қолданбалы
тапсырмамен байланысты
болуы тиіс, оның шешімі өнімі – материалдандырылған нәтиже болып табылады.
Жобалық қызмет өнімдері: макет, атыс дайындығына арналған мектеп алаңы-
ның кішірейтілген масштабтағы объектісінің моделі, диаграмма қауіпсіз жаяу
(велосипедпен) серуендеуге арналған маршрутты
бейнелейтін графикалық
құжат, саптық дайындық жаттығулары, постер, қазіргі мемлекетте бар әскери
кәсіптердің түрлері туралы көркем безендірілген плакат, (слайдтар жиынтығы).
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құрудың бастауында тұрған та-
рихи тұлғалардың альбомы - жеке тұлға, қоғам және мемлекет үшін экологи-
ялық қауіпсіздік шарттары туралы түсіндірме мәтінмен қоса иллюстрациялары
бар басылым, әскерге шақырылғанға дейін және
оның барысында азаматтың
құқықтары мен міндеттері туралы мәтіндік немесе графикалық ақпарат және т.б.
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: