Оқыту мақсаттары
Виртуалды зертханалар
«Энергияның өзгеруімен жүретін
химиялық реакциялар» №4 зертха-
налық тәжірибе
Жоғары термиялық реакцияларды көр-
сетуге болатын Super Chem VR, PhET
Interactive Simulations, OLabs, «BilimLand»
платформасы, Opiq.kz, NB Chemistry,
Crocodile Chemistry
«Фотосинтез процесіне әсер ететін
факторларды зерттеу» зертхана-
лық жұмысы
Биологиялық тұжырымдамаларды ви-
зуализациялауға арналған BioMan Bio,
Virtual Cell Animation Collection немесе
BioDigital Human платформалары.
Интерактивті оқу ортасын құру және білім алушыларды топтық тапсырмалар-
ды немесе жобаларды орындау кезінде бірлескен жұмысқа тарту үшін Padlet,
Jamboard және т.б., GoogleClass, Google документ және т.б. онлайн тақталарды
пайдалана отырып, бір құжатта бірлесіп жұмыс істеу үшін цифрлық шешімдерді
пайдалану ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
66
Оқыту мақсаттары
Тапсырма мысалы
9.1.4.1 металдық байланыс пен ме-
талдық кристалдық тор жайындағы
білімдерін қолданып металдардың
қасиетін түсіндіре алу
Ұсынылған оқыту мақсатын жүзеге асыру
шеңберінде Google Docs-та «Анаэробты
және аэробты тыныс алу процестері» салы-
стырмалы кестесін толтыру
Білім беру саласындағы сабақтарда жаратылыстану виртуалды шындықты (VR)
немесе аугменталды шындықты (AR) қолдана отырып, виртуалды экскурсиялар-
ды ұйымдастыру ұсынылады. Бұл орманға саяхат, су астындағы зерттеу немесе
әртүрлі экожүйелерді зерттеу болуы мүмкін.
Зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастырған кезде IBM Watson Assistant
немесе Microsoft Azure Bot Service сияқты жасанды интеллект негізіндегі чат-бот-
тарды білім алушылар сұрақтар қоя алатын және әртүрлі ғылыми тақырыптарға
жедел жауап ала-алатын интерактивті білім беру орталарын құру үшін пайдала-
ну ұсынылады.
«Адам және қоғам» білім беру саласы сабақтарында цифрлық шешімдер арқылы
оқытудың интерактивті ортасын ұйымдастыру барлық білім алушыларды оқу
процесіне тартуға және оқыту мақсаттарын іске асыруға ықпал етеді.
Тарих пәндері бойынша білім алушыларды сабақтарда тарихи деректерді тал-
дау және цифрлық құралдарды пайдалана отырып өз зерттеулерін жүргізуге ын-
таландыру маңызды болып табылады.
Осы мақсатта сабақтарда бейне презентациялар немесе жасанды интеллект
(ЖИ) мүмкіндіктерін пайдалану сияқты мультимедиялық жобаларды қолдану
ұсынылады. Бұл сыни ойлауды дамыту, ақпаратты талдай білу, коммуникативті
дағдылар мен шығармашылық сияқты заманауи талаптарға сай келеді.
Тарих сабақтарында білім алушыларға тарихи оқиғалар, тұлғалар және дәуірлер
туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік беретін чат боттарды немесе виртуал-
ды көмекшілерді пайдалану ұсынылады. Мәселен, ХХ ғасырдың басындағы қа-
зақ зиялыларының көрнекті өкілдеріне арналған тарих сабақтарында педагог-
тер білім алушыларға ұлттық мүдделерді қорғаудағы көзқарастарын, идеялары
мен қызметін тереңірек түсінуге көмектесу үшін тарихи тұлғалардың өздерімен
диалогқа келтіретін чат боттарды пайдалану ұсынылады.
Тарихи тұлғаларды зерттеуге танымдық қызығушылықты дамыту үшін тарих са-
бақтарында фотосуреттерде бет анимациялары бар бейнелер жасау және Deep
Nostalgia™ шынайы бейнесін көру технологиясын қолдану ұсынылады. Техноло-
гия тарихи тұлғаның шифрланған анимациясын жасауға мүмкіндік береді. Оны
білім алушы жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен бірге табуға кеңес беріледі.
Білім алушыларға тарихи тұлғаны нейрондық желіге қарағанда тезірек болжауы
оларға қосымша мотивация береді. Осылайша, жасанды интеллект пен нейрон-
дық желілер мотивациялық және білім беру жағынан оқытуда тамаша көмекші
бола алады. Сабақтарда тарихи оқиғаны баяндауда визуалды (видео, скрайбинг,
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР
67
майнд-мэп, инфографика), толықтырылатын сандық әңгімелеуді (storytelling)
қолдану ұсынылады. Мысалы, «8.3.1.5 Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық
қызметіне баға беру», «8.2.3.4 Қ.Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын
дамытудағы рөліне баға беру», «9.2.3.1 Е.Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылы-
мына қосқан үлесін бағалау» оқыту мақсаттарын іске асыру кезінде сандық әң-
гімелеудің артықшылықтарын көрсету ұсынылады. Ақпаратты іздеу және жүйе-
леуді ұйымдастырудың бұл әдістері тарихи процестер мен оқиғаларды шынайы
мысалдармен табу, талдау, іріктеу, қайта құру, сақтау, түсіндіру және баяндау,
сондай-ақ ақпаратты заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-
дың көмегімен жүйелеуге мүмкіндік береді.
Виртуалды экскурсияларды пайдалану білім алушылардың әлемнің мәдени
мұрасы мен тарихи көрікті жерлері туралы білімдерін байыта отырып, оқу про-
цесін толықтырады. Виртуалды экскурсиялар педагогтер мен білім алушыларға
сыныптан шықпай-ақ музейлер мен тарихи орындарға баруға мүмкіндік береді.
Google Arts & Culture сандық ресурсы әртүрлі дәуірлерден және мәдени мән-
мәтіндерден өнер туындыларын табуға болатын әйгілі музей коллекцияларына
қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы ресурстар арқылы педагогтер білім алушы-
лардың қызығушылықтарына сәйкес қызықты, әртүрлі экскурсиялар жасай ала-
ды. Мәселен, «5.2.2.2 Ежелгі Египеттің ғибадатханалары мен пирамидаларын си-
паттау»; «6.2.2.2 өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің
ықпалын анықтау (сәулет, кескіндеме)»; «7.2.2.2 өнердегі негізгі стильдер мен
ағымдардың белгілерін (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм)
анықтау » оқыту мақсаттарына жету үшін виртуалды музейлер мен тарихи орын-
дарға саяхат жасау білім алушыларға өткен заманға енуге және тарихи оқиғалар
мен құбылыстарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Құқық негіздері бойынша жағдаяттық тапсырмалар білім алушылардың циф-
рлық құзыреттіліктерін дамытуды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мы-
салы, «9.3.4.1 тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын ұсыну» оқыту
мақсатын іске асыру кезінде, білім алушылар цифрлық заңнамалық актілердің
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, құқықтық жағдайларды талдайды. Өз көзқа-
растарын дәлелдейді, сол арқылы қажетті цифрлық құзыреттерді қалыптастыра-
ды. Мұндай дағдылар цифрлық әлемде білім алушылардың күнделікті өмірінде
кездесетін жағдайларды шешуде маңызды болады.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Біз тұтынушылар ретінде өз құқығымыз-
ды білеміз бе?» тақырыбын оқыту кезінде цифрлық құзыреттілікті дамыту мақса-
тында білім алушылармен өмірлік мысалдарды, онлайн-сатып алуларды талдау
бойынша жағдаяттық тапсырмаларды және тауарды қайтаруды; онлайн-сер-
вистердегі деректердің құпиялылығы мен қорғалу ережелерін, онлайн-жар-
наманы және ақпараттың дұрыстығын бағалауды талқылауға болады. Бұл білім
алушыларға тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәнмәтінінде цифрлық құзы-
реттілікті дамытуға көмектеседі.
«Технология және өнер» білім беру саласының сабақтарында интерактивті және
танымдық-қызықты білім беру ортасын құру келесі қадамдарды қамтиды:
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
68
•
білім алушыларға өнер әлеміне енуге және оның аспектілерін қызықтыра
отырып зерделеуге мүмкіндік беретін виртуалды презентацияларды, бейне
сабақтарды, онлайн тесттерді, ойындарды немесе қосымшаларды пайдала-
ну;
•
білім алушылардың әлемдік деңгейдегі өнер мұражайларына виртуалды сая-
хаттар жасау және виртуалды өнер көрмелеріне қатысуды қамтамасыз ету;
Сабақтарда OPTITEX, АВТОҚИЮ және басқа да бағдарламаларды пайдалану
арқылы, оның ішінде онлайн форматта киімдерді, сондай-ақ әртүрлі материал-
дардан бұйымдарды жобалау мүмкіндігі ұсынылады.
Нейрондық желілерді пайдалана отырып, мәтіндік сипаттамалар негізінде ке-
скіндерді жасау, өнімдер мен киімдердің дизайнын әзірлеу үшін, мысалы,
Kandinsky қызметін пайдалана отырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пай-
далану ұсынылады.
Осылайша, цифрлық технологиялар мен шешімдерді пайдалану «Көркем ең-
бек» оқу пәнін оқыту процесін жетілдіруге және оны білім алушылар үшін инте-
рактивті және тартымды етуге мүмкіндік береді.
Цифрлық технологиялар музыканы визуализациялауға мүмкіндік береді. Білім
алушылар ноталардың, аккордтардың, әуендер мен ырғақтардың графика-
лық көріністерін көре алады. Бұл оларға музыкалық ұғымдарды жақсы түсінуге
көмектеседі.
Сандық аспаптардың көмегімен білім алушылар өздерінің музыкалық компози-
цияларын, аранжировкаларын немесе ремикстерін жасай алады. Бұл шығар-
машылық дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Adobe Audition – бұл кез-келген
күрделіліктегі музыка мен композицияларды өңдеуге мүмкіндік беретін функци-
оналды аудио өңдегіш. Reaper – бұл аты аңызға айналған Winamp ойнатқышын
жасаушылар жасаған толық виртуалды студия. Sound Forge Pro: бұл сандық ау-
дио өңдеуге арналған жақсы бағдарламалық жасақтама. Ableton Live: бұл сан-
дық аудио жұмыс станциясы және музыка жасауға арналған бағдарламалық
жасақтама. Mixcraft: бұл қуатты көп тректі жазу студиясы және музыка жасауға
арналған қосымша. Virtual DJ: бұл Atomix Productions әзірлеген аудио және бей-
не араластыру бағдарламалық құралы.
Білім алушылар онлайн-кітапханалар, бейне сабақтар және музыкалық қолдан-
балар арқылы өткен дәуірлердегі және мәдениттердегі түрлі жанрлардағы му-
зыканы үйрене алады.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың дәстүрлі формаларымен бірге компьютерлік
технологияларды әдістемелік негізде қолдану зерттеу іс-әрекетінің танымдық
дағдыларын, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүм-
кіндік береді, сабақтарда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырады, білім
алушылардың ақпаратпен жұмыс істеу, коммуникативтік қабілеттерін дамыту
қабілетін қалыптастырады.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР
69
Достарыңызбен бөлісу: |